Дәрістің мазмұны:
Химиялық өндіріс туралы оқу материалының маңызы және міндеттері.
Өндірістік материалдың мазмұнын іріктеу негіздері.
Химиялық өндірісті оқып- үйренудің методикалық мәселелері.
Оқушыларды халық шаруашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру.
Химияның ауыл шаруашылығында қолданылуымен таныстыру.
Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.
Химия өндірістері туралы берілетін мағлұматтар оқушыларға политехникалық білім беру міндеттерін шешуге жәрдемдеседі. Бұл міндеттерге жататындар қазіргі заман өндірістеріндегі еңбекті ұйымдастырудың жалпы техникалық негіздерімен таныстыру, өлшеу және есептеу техникасымен байланысты білім, білік және дағдымен қаруландыру, оқушылардың ғылыми- техникалық ой-өрісін дамытып, жобалар және конструкция жасай білуге баулу, оқушыларды өндірістік еңбекке үйрету. Химияның алғашқы тұрақты бағдарламасынан бастап затттардың өндірісте алу тәсілдеріне жете назар аударылуда. Дегенмен мұндай материалдардың мазмұны мен көлемі елуінші жылдарда жалпы білім беретін орта мектепке политехникалық сипат берумен байланыста арта түсті. Мәселен, негізгі химия өнеркәсібінің тұз қышқылын, күкірт қышқылын, азот қышқылын өндіру, аммиак синтезі, аммоний нитратын өндірісте алу оқытылады.
Өндірістік материалдармен тереңірек танысуда кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Химиялық өндірістерге арналған политехникалық кештер өткізіледі. Химия үйірмесінің мүшелері жергілікті өндіріс орындарын тыңғылықты зерттейді.
Халық шаруашылығын химияландыру химия өндірісінің өнімдерін және химия ғылымының жетістіктерін шаруашылықтың әр түрлі саласында кеңінен қолдану арқылы жүзеге асады. Химияландырудың мақсаты- шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалану, ғылыми техникалық әрекеттерді жеделдету және экономиканы интенсивтендіру.
Химия өнімдерін молынан тұтынатын саланың тағы бірі- ауыл шаруашылығы. Орта мектептің химия курсында қарастырылатын ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары: минералды тыңайтқыштарды қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы, өсімдіктерді зиянкестерінен химиялық қорғау, өсу стимуляторларын қолдвану, өсімдік және жануар өнімдерін химиялық өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |