«Жаратылыстану» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып



бет4/13
Дата09.03.2023
өлшемі2,11 Mb.
#171658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ЖБ Жаратылыстану 4 сынып каз

Бөлім

Бөлімше

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Жанды табиғат («Менің Отаным- Қазақстан»,


«Құндылықтар» ортақ тақырыптары аясында)

2.1
Өсімдіктер



4.2.1. 2 Өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1


6


4.2.1.3 Тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау

Білім алушы ашық түрдегі толық


жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1


2


4.2.1.6 Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну

1


2


2.2
Жануарлар



        1. Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру

        2. Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсаттарын түсіндіру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін


тапсырманы орындайды.

1

3

4.2.2.6 Белгілі бір тіршілік
ортасындағы қоректік тізбектердің модельдерін құрастыру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа
жауапты қажет ететін тапсырмаларды орындайды.

1


3


4.2.2.3 Өсімдікқоректі және
жыртқыш жануарларды ажырату

1


2


Барлығы

6

18

  1. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі

«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-тапсырма


а) Қиярдың өсу кезеңдерінің ретін анықтап, нөмірлеп көрсет.




[1]
b) Суретке сүйеніп, қиярдың өсу кезеңдерін сипаттап жаз.
1)
2)
3)
4)
5)
[5]


  1. тапсырма


а) Суретте бейнеленген үдеріс қалай аталады?



b) Бұл үдерістің нәтижесінде не түзіледі?


[2]
  1. тапсырма


Өсімдіктерді қалай сақтап қалуға болады? 2 мысал келтір.
1)
2)

[2]

  1. тапсырма


    1. Суретте бейнеленген жануарлардың атауын жаз.















    1. Бұл жануарлардың саны неліктен азайып бара жатыр?






  1. тапсырма


Сурет бойынша үш қоректік тізбек құрастыр.


  1. тапсырма


Сызбаны толтыр. Әр топқа 1 мысал келтір.
[3]

[3]



[2]

Балл қою кестесі





Жауап

Балл

Қосымша ақпарат





1


Толық жауапқа


1 балл қойылады.

1 b

1) тұқымның өнуі

1

Тапсырмаға сәйкес баламалы, қысқа немесе толық
жауаптар
қабылданады.

2) өскіннің пайда болуы

1

3) өсімдік сабағының өсіп-жетілуі

1

4) өсімдіктің гүлдеуі

1

5 ) өсімдіктің жеміс беруі

1

2a

Тозаңдану/өсімдіктің тозаңдануы

1




2b

тұқым/өсімдіктің тұқымы түзіледі

1




3

Қызыл кітапқа енгізу/ өсімдіктерді қорғау туралы заң шығару/қорықтар құру/көгалдандыру/ арнайы бақ ұйымдастыру/ өсімдіктерді зерттеу, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру/өсімдіктерді босқа
жұлмау/далада, орманда от жақпау/өсімдіктерді таптамау керек...

2

Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

4 a

қарақұйрық

1




дуадақ

1

4b


Жайылымдардың азайып кетуі/тіршілік ортасының бұзылуы/қоректің азаюы/табиғи апаттардың
болуы/адамдардың қасқөйлігі (аулау/ату т.б)/

1


Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.

5




3

Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
Кез келген дұрыс жауап қабылданады.

6


Шөпқоректілер: қоян/ бұлан/ сиыр/ тышқан/ қой/..

1

Баламалы, дұрыс жауаптар
қабылданады.

Жыртқыштар: жолбарыс/бүркіт/қасқыр/ түлкі/...

1

Барлығы

18




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет