Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
80
Жаяу жүруді сипаттайтын қозғалыстың толық циклі қос адым деп аталады. Қос
адым кезінде, адам
әр аяғымен бір-бірден екі адым жасайды. Оң аяқпен және сол аяқтың жасалатын әр қадамның ӛзі екі
жай қадамнан – артқы және алдынғы қадамдардан тұрады. Егер біз кӛз алдымызға тұлға арқылы
фронталь (маңдай алдыңдық) жазықтық ӛтетінін елестетсең,онда әр аяқтың осы жазықтықтың арт
жағындағы қозғалысы «артқы адым» деген жалпы атауларға ие болады. Бүкіл дененің маңдай алды
жазықтығының арт жағында немесе алдыңғы жағында тұрған аяқ, шартты түрде аяқ, болмаса, алдың-
ғы аяқ деп аталады.
Ӛткен кеңістігі бойынша байымдайтын болсақ, дене әрбір қос адым кезінде үш жәй қадамға орын
ауыстырады. Оң аяқтың және сол аяқтың атқарған қозғалыстарына қарап байымдайтын болсақ, онда
қос адым тӛрт жай қадамнан тұрады. Ӛйткені тірелетін бір аяқтан алдыңғы адымы дене екі аяққа бір-
дей тірелетін кезеңде (периодта) бір-біріне жатады (налегают друг на друга). Жаяу жүрудің жүгіру-
ден айырмасы – жаяу жүрген кезде дене жүгірген кездегідей емес, үнемі жермен жанасуы (соприкос-
новение) болады.
Жерге біресе оң аяқ, біресе сол аяқ тіреледі [3].
Тірелетін аяқ дегеніміз – дене жерге тірелетін аяқ. Жалғыз тірелу кезеңінде тірелу бетіне жанас-
пайтын аяқты еркін немесе ауыстырмалы (переносный) аяқ деп аталады. Әрбір қос адым кезінде қос
тірелу кезеңі де, жалғыз тірелу кезеңі де (периоды) болады, тірелетін аяққа да, еркін немесе ауыстыр-
малы аяқта да тік қалыпқа келетін сәт, яғни негізінен дененің фронталь (маңдай алдындық) жазықты-
ғына дәл келетін (совпадение) кездері болады. Бұл сәт (момент) тік (вертикаль) кезеңі деп аталады.
Жаяу жүрген кезде аяқтардың қозғалыстары екі қолдың қозғалысына қатаң түрде сәйкес келеді;
мысалы, оң аяқтың алға аттауына сол қолдың алға сермеуі сәйкес келеді. Сӛйтіп, аяқ-қолдың қозға-
лысы адам жаяу жүрген кезде айқас типі бойына жүзеге асады. Мұның ӛзі тұлғаның ӛз тік білік
бойынша айнала немесе бұрала қозғалуын азайтады. Егер адам жүрген кезде екі қолын сермеп жүр-
мейтін болса, яғни қолдарын тербермелі қозғалысқа келтірмесе, онда тұлғаның айналма қозғалысы
артып кетеді. Бұл адам тез жүрген кезде ерекше кӛзге түседі [4].
Жаяу жүрген кезде жалпы ауырлық орталығы иір сызықтың бойымен орын ауыстырады.
Қос қадам жасау кезеңінде әр аяқтың орындайтын қозғалысын тӛмендегідей алты фазаға бӛлуге
болады.
Бірінші фаза – тірелетін аяқтың жерге тию және алдыңғы қадам фазасы. Аяқ басы жерге ӛкшемен
тиеді және осының ізінше арттан алға қарай яғни ӛкшеден аяқ ұшына қарай «аунайды». Аяқты жерге
түсірген немесе жер бастырған кезде дене жоғары және біраз артқа қарай бағытталған соққы алады,
балтырдың алдыңғы бетінің бұлшық еттері «орын беруші» (уступающий) жұмысты жүзеге асырады,
осының арқасында дененің бір қалыпты, байсалды қозғалысына, соның ішінде аяқ басының ӛкшеден
аяқтың ұшына қарай «аунап түсуіне» қол жетеді.
Екінші фаза – тірелген аяқтың басы табан бетінен жерді немесе еденді толық басып тұрады. Тірел-
ген аяқ «тік фазасының» ӛтеді. Бұл фаза кезінде балтырдың артқы беті мен санның алдыңғы беті бұл-
шық еттерінің, бұларға қоса еркін аяқ жақтағы жамбастың тӛмен түсуіне кедергі келтіретін жамбас
беті бұлшық еттерінің қарқынды түрде жиырылатын байқалады.
Үшінші фаза – тірелуші аяқтың артқы адымы. Бұл фаза кезінде дененің салмағы аяқ басының
алдыңғы бӛліміне бірте-бірте ауыса береді, ал бұл кезде оның артқы бӛлімі яғни ӛкше жағы тірелу
алаңынан (жерден, еденнен) кӛтерілу үстінде болады. Осы кезде санның алдыңғы бетінің, балтырдың
артқы және сыртқы бетінің бұлшық еттері жиырылады. Бұл жиырылу үшінші фаза аяқталатын аяқ-
тың жерден серпіліп кӛтерілетін кезінде ӛзінің ең жоғарғы шегіне жетеді.
Аяқтың жаяу жүргендегі қозғалысының бұл суреттеліп жазылған үш фаза тірелетін аяққа қатыса-
ды. Тірелетін аяқ жерден итерілгеннен соң және кӛтерілгеннен кейін немесе бос аяққа айналады.
Келесі суреттелетін фазалар осы еркін аяққа қатысты.
Тӛртінші фаза – еркін (бос) аяқтың артқы адымы. Бұл фаза кезінде аяқ алға қарай қозғалады. Осы
кезде санның артқы бетінің бұлшық еттері біраз жиналады, ал балтыр тізе буыннан бүгіледі. Соны-
мен бірге балтырдың алдыңғы бетінің жиырылуымен аяқ ұшының жоғары қарай епен кӛтерілуі жүзе-
ге асады. Бос аяқтың алға қарай орын ауыстыруының бәрі белгілі бір дәрежеге оның осы бағытта тер-
белуі іспеттес. Тербелу қозғалысы жамбас-сан буынынын алдыңғы бет бұлшық еттерінің жиырылуы
арқасында ретке келеді.
Бесінші фаза – еркін аяқ тік фазасы. Бос аяқ жерге тірелген аяқтың қасынан біраз бүгіліп барып
ӛтеді. Аяқты алға апару (перенос) осымен бір мезгілде жамбастың жамбас-сан буынының орталығы-
нан ӛтетін тік біліктің жанында
айналу арқасында жеңілдейді, әрі үлкейе түседі [5].
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
81
Алтыншы фаза – еркін аяқтың алдыңғы адымы. Бұл фаза кезінде санның қозғалысы баяулайды, ал
бұл сәтте балтырдың (сирақтың) тізе буынындағы одан әрі жалғаса береді. Бос аяқ санының тӛрт бас-
ты бұлшық еті «баллистиккалық» жұмыс атқарады, түсініктірек айтқанда, бұлшық ет ӛзінің жиыры-
луы арқылы балтырдың қозғалысы үшін серпін (толчок) береді, соның нәтижесінде
балтырдың қозға-
лысы бұлшық ет босаңсыған соң да ары жалғаса түседі.
Аяқ басы жерге тие бастаған кезде яғни суреттеліп жазылған фазалардың біреуі жүзеге аса баста-
ған сәтте балтыр тізе буынынан толық жазылады.
Жүрген кезде аяқ-қолдың қозғалыстарынан басқа омыртқа бағанасы, бел бӛліміндегі жеке-жеке
омыртқалар аралықтарында да елеулі қозғалыстар болады [6].
1. «Методика строевой подготовки», – М.: Изд второе воениздат, 1979.
2. Юмашева С.К. «Анатомия пәнінің тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау» – Алматы, 2002.
3. Жұмашева С.Қ. «Спорттық морфология негізіндегі тәнтану» – Алматы, 1994.
4. Юмашева С.К. «Биомеханика пәнінің лабараториялық сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұс-
қаулар» – Алматы, 2000.
5. Смаил Н.Н., Алдибекова К.Н. «Дене жаттығуларының биомеханикасы».
6. Донской Д.Д. «Ходить и бегать для здоровья» – М., 1981.
Достарыңызбен бөлісу: