Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков


Тҥйін  Автор бұл мақалада студент жастардың рухани-адамгершілік даму проблемаларын кӛрсетеді.    Summary



Pdf көрінісі
бет67/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

Тҥйін 
Автор бұл мақалада студент жастардың рухани-адамгершілік даму проблемаларын кӛрсетеді. 
 
Summary 
Author discusses some problems of student-youth’s spiritual and moral development. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
73 
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ 
 
З.Қ. Орманова – психол.ғ.к., доцент, 
Д.С. Жакай – Психология мамандығының 3 курс студенті 
 
Қазіргі  мектептердегі  психологиялық  қызметті  атқару  білім  беру  жүйесінде  ӛзекті  мәселелердің 
бірі. Психологтардың ұсынатын қызметінің сапасын сыналушылардың саны анықтайды және мектеп-
терде психологиялық қызмет атқару түрліше ұйымдастырылуда. Оның негізгі міндеті – мектеп персо-
налына оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне қатысты жайыттарды диагностикалау, ескерту, кеңес және 
реттеу қызметтерін орындау, яғни оқушылармен сынақ ӛткізіп, балалармен немесе олардың ата-ана-
ларымен қатынастағы түрлі әлеуметтік-психологиялық сұрақтарға байланысты жұмыс атқару. 
«Мектепте психологиялық  қызметті қамтамасыз ететін мектеп психологтарының  Ұлттық ассоца-
циясының нұсқауында» мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – балалар мен жасӛспі-
рімдердің  психикалық  саулығын  және  білім  алуға  қызығушылықтарына  байланысты  қызмет  атқару 
делінген. Бұл нұсқада: 
1)  балалар  мен  жасӛспірімдердің  «мектептік  міндеттерін»  психологиялық  және  псохологиялық-
педагогикалық ӛлшеу жіне бағалау; 
2) мектептің толық когнитивтік, аффективтік және әлеуметтік дамуларын қамтамасыз ету бағыты-
на психологтың белсенді араласуы қажет
3) педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналарға, олардың балаларға қамқорлық жасауына арнайы 
бағдарламалармен оқыту, кеңестер және т.б. кӛмек беру; 
4) балалардың мектептегі іс-әрекеттеріндегі жіне мектеп персоналының кәсіби мәселелеріне бай-
ланысты  педагогтармен  мектеп  қызметкерлерімен  және  ата-аналарымен  біріккен  жұмыстар  жайлы 
кеңестер ұйымдастыру. 
Түрлі  профильді  аудандық,  қалалық,  аймақтық  психологиялық  қызмет  атқару  орталықтарына 
білім беру мекемелерінде психологтың қызметін түпкілікті психологиялық білімі бар болып, балалар 
психологиясы  аумағында  арнайы  факультеттерде,  курстарда  қайта  дайындықтан  ӛткен  мамандар 
жұмыс атқаруда. Білім беру жүйесіндегі психологтар екі бағытқа бағынышты: әкімшілік және кәсіби. 
Әкімшілік  басқаруды  республикалық,  регионалдық,  қалалық  және  аудандық  білім  департаменті, 
білім беру мекемелерінің басшылары атқарады. 
Кәсіби басшылықты түрлі деңгейдегі психологиялық зерттеулермен айналысатындар немесе орта-
лықтар атқарады. 
Психологтың жұмыс уақыты түрлі жастағы балалар мен түрлі категориядағы ересектер мен психо-
логиялық жұмыстың тәртібін ескере бекітіледі. 
Психологтың жұмысына білім беру мекемесінде арнайы бӛлме диагностикалық, консультациялық, 
дамытушы  және  түзетуші,  ескертуші  жұмыстарына  қажет  жабдықтарымен  қамтамасыздандырылып 
бӛлінуі тиіс. Аудандық, облыстық, қалалық, аймақтық орталықтар психологтар және басқа мамандар-
дың  функционалдық  міндеттеріне  сәйкес  жұмыс  орындарын  жабдықтауы  қажет.  Сонымен  шетел 
және отандас психологиясының тәжірибесінің кӛрсетулер бойынша білім беру жүйесіндегі психоло-
гиялық  қызмет  қоғамның  сұранысына,  міндеттіне  байланысты  мектеп  психологтарының  шешетін 
жұмыстары жоғары ұйымдастырылуы мүмкін. 
Әкімшілікке бағынуына байланысты психологиялық қызмет құрылымының ұйымдастырылуы түр-
лі статуста болады: 
 
Психолог немесе психологтар тобы бала-бақшада, балалар үйінде, интернатта, мектепте, лицейде, 
гимназияда, колледжде, техникумда сол оқу мекемесінің басшыларымен бірлдесіп қызмет атқарады. 
 
Психолог немесе психологтар тобы, қалалық немесе аудандық білім департаментінің басқаруы-
мен бірнеше қызмет кӛрсетуіне болады. 
 
Кеңестік  психологиялық  орталық  қалалық,  аудандық  немесе  облыстық  білім  департаментінің 
әкімшілік  басқарумен  ӛз  бетінше  бӛлімше  немесе  мектептен  тыс  мекемелер  құрамында  медицина-
лық-психологиялық-педагогикалық комиссия, отбасымен және балаларға әлеуметтік, педагогикалық, 
медициналық және психологиялық кӛмек кӛрсету орталығы. 
 
Психолог және психологтар тобы ғылыми-әдістемелік орталық немесе кабинет ретінде қалалық
ауданды,  облыстық  немесе  мемлекеттік  білім  департаментінің  басқару  құрамында  және  солардың 
әкімшіліктерінің басқарумен ұйымдастырылады. 
ХХ  ғасырдың  басынан  педагог-психологтардың  кең  ӛрісті  таралған  міндеттерінің  бірі  –  балалар 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
74 
ақыл-ойының  дамуын,  олардың  сапасын  және  қабілеттерін  анықтау.  Мұнда  сынақ  қолданылады. 
Мектеп психологы дәстүрлі түрде ӛзінің мүмкіндіктерін психикалық функцияларды ӛлшейтін стан-
даттандырылған  тесттерді  пайдаланып,  арнайы  бағдарламамен  оқытуға,  балаларды  даярлау  немесе 
дифференциялау  қызметін  атқарады.  Психолгтар  арасында  әйгілі  бала  ақыл-ойының  дарындылығы 
коэффициентін анықтайтын тест әдісі де қолданылады. 
Балалның  даму  деңгейіне  сәйкес  психолог:  мектепке  дайындықты  алты  жасқа  дейін  дайындаған 
дұрыс  па,  бірінші  сыныпқа  ӛз  мерзімінде  беру  керек  пе,  баланың  мектепке  баруын  тағы  бір  жылға 
кешеуілдету қажетпе, арнайы мектепке жіберген дұрыс болады ма? деген сұрақтарға жауап ретінде 
нұсқаулар  береді.  Мектепке  оқытуға  дайындығы  жеткіліксіз  балалардың  ата-аналарына  және  бала-
бақша  тәрбиешілеріне,  оларды  дамыту  туралы  нұсқаулар  береді.  Бір  жылдан  соң  мектепке  барар 
алдында, ол балалар тағыда зерттеуден ӛтеді. Мектепке  оқытуға баланың психологиялық дайынды-
ғын  ӛз  уақытысында  бағалау  –  оқытудағы  ққиындықтарды  ескертуге  арналған  іс-әрекеттің  негізгі 
түрі болып есептеледі. 
Психологиялық  кеңестер  мен  орталықтар  мектептегі  оқытуға  байланысты  түрлі  қиындықтарды 
анықтайды.  Оқытуда  қиындықтары  бар  балаларда  ақыл-ой  дамуының  тежелуінің  жеңіл  түрлерінің 
алғашқы ауытқулары кездеседі. Мұндай балалардың тиімді дамуы психологиялық зерттеулерді дұрыс 
жүргізу нәтижесінде, жағдайына және тәрбиелеу мен оқыту әдістеріне сәйкес нұсқау бергеннен туын-
дайды. Жекелік сипатты мәселелері, қылықтары мен тәрбиесінде қиындықтары бар оқушылармен де 
айналысады.  Педагогикалық  тұрғыдан  тәрбиеленбегендердің  себептерін  анықтау  және  олармен 
жұмыс туралы белгілі нұсқауларды жоспарлау психологиялық зеттеуді, мамандық шеберлікпен жүр-
гізгенде  мүмкін  болады. Психологиялық  кеңестер  және  орталықтар    негізінен  ата-аналар  мен  мұға-
лімдердің  сұраныстарына  қарай  нақты  мәселелерді  шешумен  айналысады.  Мұндай  психологиялық 
орталықтарда  баланың  қылығында  кӛрініс  беретін  шектен  тыс  сезімталдылығымен,  ұяңдықпен, 
тұйықтықпен  де жұмыс атқарады. Ол мектепте, сабақта жауап беруде қорқатындардың себептерін де 
зерттейді.  Оның  міндетіне  балаларда  жүйелі  түрде  кӛрініс  беретін  қылықтарындағы  аутқулармен, 
үнемі ұрлық жасайтын үйде немесе үйден тыс ӛтірік айтатын, үйден немесе мектептен қашатындар-
мен, эмоционалдық күйлерінің күрт ӛзгергіштігімен қызмет атқаруда кіреді. 
Қазір мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптардың жоғарылауы байқалады. Сон-
дықтан бүгінде психологтар жұмыстарында кӛп күш жұмсауға тура келеді. Сонымен қатар, кәсіби іс-
әрекеттегі рӛлдік анық емес жайлары да бар. Кейбір педагог-психологтарды мазалайтын мәселе, бас-
қалардың жұмыстарымен қиылысатын жағдайларда олардың түсінбеушілігі. Жоғары әдептілік (эти-
калық) стандарттарды сақтауға кепілдік алу мүмкіндіктерінің әсіресе түрлі топтардағы сыналушылар-
ды сыйлау конфиденциялдық мәліметтерді реттеуге байланысты. 
Жалпы  пікір  бойынша,  педагог-психолог  балалармен  және  жастармен  білім  жүйесінде  қызмет 
атқаратын кәсіби маман ретінде қабылданады. Жұмысының негізгі салмағы мектепке, балабақшаға, 
емханаларға және балалар үйіне түседі. 
Сонымен  бірге,  балалардың  отбасымен,  мұғалімдермен,  басқа  кәсіби  мамандармен  де  жұмыс 
істеуге тиісті. Педагог-психологтар мектептермен және басқа ұйымдармен, олардағы ұйымдастыру-
шылық шараларды бағалауға және мәселелі балалараға кӛмектің стратегиясын құрастыруға кӛмекте-
се алады. 
Психологтың мектептегі жұмысына байланысты атқаратын міндеттер: 
1.  мектептегі оқытуға байланысты балалармен психологиялық дайындықтарын анықтау, мұғалім-
мен біріге отырып оларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жоспарлау. 
2.  балалардың  даралық  ерекшеліктерін  –  қызығушылықтарын,  қабілеттерін,  сезімдерін,  ӛмірдегі 
мақсаттарын  т.с.с.  әр  жас  кезеңіндегі  даму  міндеттерін  ескере  мұғалімдермен  және  ата-аналармен 
біріге дамытатын бағдарламалар құрастырып іске асыру. 
3.  балалар ӛміріндегі әр ӛтпелі, ауыспалы жайттарды ерекше бақылауға алу. 
4.  үлгерімі, тәртібі тӛмен балаларды анықтап түзету жұмыстарын ұйымдастыру. 
5.  оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қиындықтар тудыратын интеллектуалдық, эмо-
ционалдық, еріктік және тұлғалық ерекшеліктерін анықтап оларды түзетуге кӛмек беру. 
6.  қолайлы психологиялық ахуал жасауды қолдау, оқушылардың мұғалімдермен, құрбы-құрдаста-
рымен, сыныптастарымен, ата-аналарымен және басқа адамдармен ара қатынасындағы бұзылу себеп-
терін анықтап, оларды жоюға әрекет жасау. 
7.  мектеп  әкімшілігіне,  мұғалімдерге,  ата-аналарға  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  психоло-
гиялық мәселелерге, зейінді, есті, ойлауды, мінездерінің қабілеттерін дамытуға кеңестер беру. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
75 
8.  оқушылардың сұрақтарына оқу іс-әрекетіне, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге, ӛзін анықтауға, ересектермен 
және құрбы-құрдастарымен қатынастарындағы мәселелерге жеке және топтық кеңестерді ӛткізу. 
9.  кәсіпке бағдарлау жұмыстарына белсенді қатысу. 
Психологиялық  қызметті  ұйымдастыру  тобы  ӛз  іс-шараларын  бірнеше  бағытта  ұйымдастырады 
және ӛзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр: 
 
балаларға мектепке дейінгі ӛмірден оқушы міндетін атқаруға кӛшуіне кӛмек кӛрсету; 
 
Мектепте оқу паралельдерін анықтап алуға ықпал жасау 
 
Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық алуға жәрдем беру; 
 
Оқушыларды болашақ отбасы ӛміріне даярлау. 
Психологиялық  қызметте  қалыптасқан  ұйымдастыру  түрлерін  және  бұл  жұмыстың  мазмұнын 
зерттеу  негізінде  кӛптеген  елдер  ӛз  мектептерінде  психологиялық  қызметті  ұйымдастыру  мақсаты 
мен міндеттерін  алып отыр. 
Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниенің ерекшеліктерін 
анықтап алып, олардың ӛз-ӛзіне, қоршаған ортаға деген кӛзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің 
қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. 
 
Психологиялық  және  әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  қиындық  кӛріп  жүрген  балалардың 
проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде кӛмек кӛрсету; 
 
Оқушылар  мектеп  табалдырығын  аттаған  күннен  бастап  оны  бітіргенше  жетелеп,  сүйеніш 
болып жүру; 
 
Поблемасы  бар  балаларды  жан-жақты  зерттеп,  оны  туғызған  себебебін  анықтау  және  түзету-
дамыту – жұмыстарын жүргізу; 
 
Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін ӛңдеу үшін психологиялық тре-
нингтер ұйымдастыру; 
 
Оқу-тәрбие  жұмысына  ғылыми  жетекшілік  жасап  оқушының,  ата-аналардың  психологиялық-
педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру
 
Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау; 
 
Шешім қабылдап, проблемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау; 
 
Ӛзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отыру
 
Нақты  кәсіптік  білімі  жоқ  адамдардың  диагностикалық,  коррекциялық  зерттеулер  жүргізуіне 
тыйым салу; 
 
Барлық мәселелерді шешуде балалардың психологиялық дамуын ескеру; 
 
Атқарылатын жұмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нұсқауларды кәсіптік жағынан бас-
қаратын адамдар бергенде оларды нақты орындау
 
Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қажетті кӛмектерді кӛрсету; 
 
Кәсіптік құпияны жарияламау; 
 
Барлық психологиялық зерттеу нәтижелерін  жазып, арнайы құжаттарға тіркеп отыру
 
Психологиялық кӛмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс-шараларда ұйымдастыру;  
Қорыта  келе  айтарымыз,  қазіргі  кезде  кӛптеген  елдер  психологиялық  қызметті  мектеп  қабырға-
сында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет кӛрсету дәстүрлі қалыптасып 
келеді  және  психологиялық  қызмет  ерте  құрылған  мемлекеттер  тәжірибесін  жан-жақты  зерттеудің 
мән мағынасы ӛте терең болып отыр. 
 
1. Кала У.В., Раудик В.В. Психологическая служба в школе. – М.: Знание, 1986. 
2. Блонский П.П. Психология младшего школьника. – М., 1997. 
3. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба: Вопросы теории и практика. – М.: Педагогика, 1991. 
4. Выгодский Л.С. Педагогическая психология – М., 1991. 
5. Абрамова Г.С. «Возрастная психология» – М., 2002. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет