Жарыс жағдайындағы спортшының Әрекеті мен мінез-қҦЛҚын басқарудың психологиясы қ.І. Адамбеков


МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА БЕРІЛЕТІН ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет35/95
Дата25.04.2020
өлшемі1,7 Mb.
#64702
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
Байланысты:
Nshfk 3 34 2012

МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА БЕРІЛЕТІН ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ 
 
Б.Т. Умаргазинова – пед.ғ.к., доцент, Мектепке дейінгі
бастауыш білім беру және педагогика кафедрасы 
 
Аз ғана жылдың ішінде бір ғасырға жүк боларлық не ғаламат ӛзгерістер соншалық шапшаңдылық-
пен бой кӛтеруде. Айналымыздағы, ӛмір сүрген ортамыздағы, қоғамымыздағы осынау ұшан-теңіз ірі 
де  іргелі істер,  сӛз жоқ, мектеп  ӛміріне  де  шабыт  әкелді.  Сана-сарайымызды  шайдай ашты. Тәрбие 
мен ӛмірдің арасында ат шаптырым алшақтық болып келгені баршамызға аян. Мектеп қабырғасына 
кіршіксіз жоғары мораль рухында тәрбиеленген бітірушілеріміздің кӛбінің қоғамдық ӛмірге араласа 
келе, «Бәрі де адам игілігінен» гӛрі құлқын үшін арпалысатынын кӛріп, тәрбиелеуіміздің ӛміршеңді-
гіне ӛзіміз сенбей келген жағдайлар болып тұрды.  
Адам ортаға сай қалыптасады. «Ұяда не кӛрсең ұшқанда соны ілерсің» деген халқымыздың дана-
лығында терең астар бар. Ӛткен уақыттың орны толмас бір ӛкініші ұлттық педагогиканы ескермеге-
нінде екен. Ұлттық дәстүрден, салттан ат тонымызды ала қаштық. Соның зардабын енді тартудамыз. 
Ілтипат, ізет, қайырымдылық сияқты нәзік сезімдер тек қана ұлттық педагогикадан нәр алатынын біл-
меді. Білсек те елемеген болдық.  
Үйелмен тәрбиесінен кейін баланы тәрбиелеу мектепте жалғастырылады. Мектептегі тәрбие қазақ 
республикасының  және  әлеуметтік  ортаның  талабына  байланысты  жүргізіледі.  Соңғы  кезде  қазақ 
орта  мектебінің  білім  мазмұнының  тұжырымдамасында  тәлім-тәрбие  мазмұнының  алты  саласын  – 
ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі кӛрсетілген. Бұлар-
мен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі қажетті. Аталған тәр-
бие  салаларының  мақсаты  –  дүниенің  шындығын  ӛз  мәнінде  танитын,  эстетикалық  сезімі,  талғамы 
жоғары, еңбек етуге жарамды, заттардың қажеттілігі мен құнын білетін, үлкенге ізет, кішіге құрмет 
кӛрсететін, ақыл-ой жағынан дамыған және ӛз халқын, елін сүйетін азамат тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде 
баланың  бойында  ұлттық  намыс  пен  қайырымдылық  сезімін  қалыптастыру  айрықша  орын  алады. 
Ӛйткені әрбір адам ана тілінде ӛз халқының тәлім тәрбиесін алуы арқылы ӛзге ұлттың ӛкілі алдында 
ӛзінің  дамығандығын кӛрсете  алады.  Бұл  –  тәрбие  саласындағы  ӛзін-ӛзі  дәріптеу  емес,  терезесі  тең 
ұлт ӛкілі ретінде ӛзінің әдет-ғұрпын, салт дәстүрін ӛзгелерге таныту, оның ықпалынан болған қасиет-
терді мақтаныш ету.  
Осындай күрделі мақсаттың айғақты куәсі – қазақ мектептері санының кӛбеюі, ұлттық тәлім-тәр-
бие беру саласында елеулі кемшіліктер де жоқ емес. Айталық, ұлттық тәлім-тәрбиені қандай формада 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г. 
 
40 
және  қалай  беру  керектігі  туралы  кӛпке  ортақ  ұсыныстар  жоқ.  Мұны  әркім  ӛз  білгенінше  жүргізіп 
жатқан сияқты. Бұл дұрыс емес. Тәрбиеде жүйелілік болмаса, сӛз жоқ ол мақсатына жетпейді. Сон-
дықтан  тәрбие  арнайы  ұйымдастырылуы  керек.  Мектеп  қабырғасында  тәрбие  жұмыстары  класс 
жетекшілер арқылы іске асады. Бірақ оның да міндеті босаңсыған. Ӛйткені ол тек оқушылардың мек-
тепте дұрыс жүріп-тұруын, яғни үйіне аман-есен қайтуын бақылап, арнайы тәрбие жұмысын жүргізу-
ді назарынан тыс қалдырған. Оның үстіне кӛптеген ата-аналардың тамақ табу ісінен қолы-босамай, 
бала үйде де тәрбие ала алмайды. Осы жағдайға байланысты бала жақсыдан гӛрі жаманды кӛшеден 
тез үйрене бастайды. Біз мұны баланың бойында әбден бекігенде ғана байқаймыз. Осы жағдайды бол-
дырмас үшін сынып жетекші (топ жетекшісі) оқушылармен міндетті түрде тәрбие жұмысын жүргізеді 
және  ол  іске  сай  әр  оқушының  мына  кӛрсеткіштерін  –  1)  имандылық,  2)  тәртіп,  3)  кӛпшілдік,  4) 
қарым-қатынас, 5) белсенділік, 6) іс-әрекетке (оқуға) жауапкершілік, 7) халықтық салт, дәстүрді сақ-
тау, 8) ұстамдылық, 9) ӛзіне, ӛзгеге бақылау жасау, 10) дербестік, 11) қарапайымдылық және инабат-
тылық, 12) әділеттілік, 13) ӛзін және ӛзгені құрметтеу, 14) ұқыптылық, 15) шыншылдық және адал-
дық т.б. есепке алып, оның дамуына ықпал етеді.  
Сынып  жетекші  мұны  оқушымен,  болмаса  оқушылар  ұжымымен  этикалық  әңгіме,  жиналыс, 
жиын,  кездесу,  жарыс,  кӛрме,  кітап  оқырмандар  конференциясын  ӛткізу  арқылы  іске  асырады.  Бұл 
істе  ол  ата-аналармен  пән  мұғалімдерімен,  жұртшылықпен  байланыс  жасайды.  Аталған  тәрбие 
жұмыстарының қай түрі болсын оқушының қалауы, ізденісі және ӛзіндік жұмыс тұрғысында ұйым-
дастырылады. Осы тұста сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарына жауапкершілігі айлық табысына 
байланысты екенін де айта кеткен жӛн. Қазір сынып жетекшілік үшін жеткіліксіз ақша тӛленеді. Бұл 
олардың  ӛз  ісіне  жауапкершілігін  кӛтерудің  орнына,  басқа  кәсіп  іздестіруіне  мәжбүр  жасаса  керек. 
Сондықтан  сынып  жетекшілік  қызметтің  жалақысын  ең  болмағанда  жарты  айлыққа  жоғарылату 
қажет дер едік. 
Тәрбие оқытумен егіз. Оны бір-бірінен бӛлу ӛмірдегі үйлесімділікті жою деген сӛз. Осыған байла-
нысты  оқыта  отырып  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып  оқытамыз.  Демек,  тәрбиелеу  оқыту  кезінде 
жеке мұғалімдер арқылы іске асады. 
Аталған талапқа сай мұғалім-сынып жетекші даярлау – жоғары педагогикалық оқу орнының тӛл 
ісі. Бұл іс, алдымен, студенттерге берілетін тәлім-тәрбие мазмұнына байланысты. Біздің пікірімізше, 
жоғары педагогикалық білім – баланы (оқушыны) тануға, олардың ерекшелігін білуге, оқыту мен тәр-
биелеу негіздерін, әсіресе, ұлттық тәлім-тәрбиені меңгеруге және оқыту мен тәрбиелеу методикасын 
үйретуге бағытталуы керек. 
Осыған орай «Оқушы, оның дамуы мен тәрбиесі», «Жалпы психология», «Жас және педагогика-
лық психология», «Этнопсихология мен педагогика», «Қазақстанда педагогикалық ойлардың дамуы», 
«Жеке пәндерді оқыту мен ұлттық тәрбие беру методикасы» және арнайы курстар – «Қазақтық әуез 
мәдениеті» «Қазақтың қолтаңба және сәулет ӛнері», «Азия және Қазақстан халықтарының мәдение-
ті», «Айтыс және жыраулық ӛнер», кейбір пәндердің этикасы, мысалы, «Этноматематика», «Этнолин-
гвистика» және «Сынып жетекші», «Педагогтік шеберлік» сияқты дәрістерді оқытқан орынды. Атал-
ған оқу пәндерін бірізділік, жүйелілік, тиянақтылық, ғылымилық, пәнаралық және ӛмірмен байланыс-
тыру, халықтық-ұлттық тәлім-тәрбие беру заңдылықтарын басшылыққа алып оқытады. 
Сонымен  қатар  бүгінгі  таңдағы  мектеп  мұғалімдерінің  аса  жауапты  міндеттерінің  бірі  –  оқушы-
лардың санасына, қоршаған ортаға, туған ӛлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілікті қалып-
тастырып,  ол  арқылы  туған  ӛлке  табиғатының  байлығын  сақтау  және  молайта  түсуге  бағытталған 
сезімдерін тәрбиелеу. Бұл ӛз алдына жеке сӛз ететін мәселе. 
Мұғалім қызметінің нағыз тиімділігін терең талдау, кемшілігі мен жетістігін бағалау ісі, сыртқы, 
тез кӛзге түсетін жайларға, жұмыстың жеңіл әдістеріне, әсемделіп жасалған кӛрнекі құралдарға (түрлі 
жоспарлар, үлестірмелер, кестелер, ашық сабақтардың есептері мен конспектілері) үстірт назар ауда-
румен алмастырылады. Формализм әсіресе оқушылар білімін бағалау ісінде кӛп кездеседі. Тәрбиелік 
тұрғыда  бұл  жеке  оқушылардың  моральдік  жағынан  дұрыс  қалыптасуына  зиян  келтіреді,  олардың 
бойында  мұғалімдердің  әділдігіне  сенбестік,  олар  қоятын  талаптардың  дұрыстығына  күдік  сезімін 
тудырады. 
Сұлулық  атаулының  насихатшысы  да  –  ұстаз,  оқулығы  да  ұстаз.  Шәкірт  атаулының  табынатын 
«тәңірі» де, не бір шу асау тентек атаулының діңкелеп тоқтайтын адамы да  – ұстаз. Демек, ұстаз – 
ұлы есім! Оның бәріміз түгел аңғара білмейтін ӛзіндік этикасы да бар. Ол нағыз тәрбиелі жандардан 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж. 
 
41 
шиыршық атып тұрады. Тәрбиенің үлкені – ӛнеге. Үлгі-ӛнегенің үлкені тағы да – ұстаз. Себебі, бала-
лар жақсыға да, жаманға да еліктегіш жұрт.  
Бала кезімізде А. деген бір сыныптасымыз Әбдікерей ағайдың әдемі жүрісін, Әбен ағайдың Абай-
дың  ӛлеңдерін  оқығандығы  кейпін,  бірауық  ауылға  келген  уәкілдердің,  енді  бірауық  күжілдеп  сӛй-
лейтін  бригадирлер  мен  басқармалардың  дауыстарын  салып,  «концерт»  қойып  беріп  жүретін.  Бала 
деген сол. Олай болса, басқа жұртқа қарағанда ұстаздар шәкірттерінің алдында кӛбірек сында.  
Мұғалімдердің ӛздерін-ӛздері ұстауы, жүріс-тұрысы, киім киісі, сӛйлеген сӛзі, байыпты этикасы – 
бәрі-бәрі  есепте.  Ұстаздар  үшін  кӛптің  кӛзі,  әсіресе  шәкірттердің  кӛзі  әр  қимылы  қапы  қалмайтын 
теледидар секілді. Сондықтан да ұстаздар ӛздерін-ӛздері жинақы ұстап, жүріс-тұрыстарына баса мән 
бермесе қиындау. Олардың киген киімі де, дене мүсіні де, айтқан сӛздері де сұлу болуы шарт. 
Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру – аса жауапты кезек күттірмейтін мәселе, ӛйткені қазақ халқының 
болашағы – жастар тәрбиесі осы күнгі парасатты адамдардың оған болжам жасап, оқу, тәрбие жүйесі 
мен мазмұнын дұрыс құрып, оны ӛмірдің талабына сай нәтижелі жүргізуіне байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет