Резюме
Методика современной обучения военный инженерной подготовки.
Summary
The methods of the modern education of military engineering preparation.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
101
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ЖҤРГІЗІЛЕТІН ӚЗДІК ЖҦМЫСЫН
ТИІМДІ ҦЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ІЗДЕНІСТЕР
Ж.С. Исмагулова – педагогика және психология магистрі
М.Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінде оқу үрдісін “Кредиттік оқыту”
жүйесi негiзiнде ұйымдастыру туралы ереже бойынша Кредиттік жүйе педагогикалық бiлiм беру
кешенiнiң құрамды бӛлiгi болып табылады. Ол оқыту үрдісін жаңа технология негiзiнде жүргiзудi,
студенттердiң шығармашылық ойлауын жақсартуды, оқытушылардың кәсiби шеберлiгiн кӛтерудi
мақсат етедi. Бұл жүйе негiзiнен студенттердiң ӛзара әрекетін дамытудың кӛзі ретінде қарастыруға
болатын аса зор мүмкіндік. Сондай-ақ ол студенттің ӛздiгiнен бiлiм алуының нәтижелiгiн арттырады,
олардың бiлiмдерi мен дағдыларын объективтi түрде тексерiп, бағалауға мүмкiндiк бередi.
Кредиттік жүйе – бұл оқытушыға оқыту әдісі мен мазмұнын анықтауда еркіндік беретіндіктен
әлде қайда демократиялы жүйе. Мазмұнға қатысты бұл жерде оқытушыда таңдау мүмкіндігі кең, оқу-
лықтар жиі қайта басылып шығарылады, толықтырылады және жаңадан шығарылады, олар қашан да
осы сәттің шындығын бейнелейді. Әдіске келсек, тіпті ең консервативті деген оқытушының ӛзі инте-
рактивті оқыту әдісін айналып ӛте алмайдыт [1].
Бүгінгі күнде Қазақстандағы әлеуметтік-саяси және экономикалық даму білім беру мәселелеріне
аса мән беруді, қазіргі білім беру жүйесін реформалауды талап етіп отыр. Реформалаудың маңызды
аспектілерінің бірі – білім беруді кәсібилендіру, яғни оның барлық деңгейлерінде тұлғаны даярлауға
құзыреттілік тұрғысынан келіп, білім берудің сапасын арттыруға бағытталу.
Білім беруді реформалау оның барлық қырларын қамтуы қажет – мазмұндық, әдістемелік, ұйым-
дастырушылық, материалдық қамтамасыз ету және т.б. Мұндағы мақсат-білім берудің жалпы және
кәсіби мәдениеттің әлемдік деңгейіне жету. Алайда бұл деңгейге жету үшін оқытудың әр кезеңіндегі
уақыт пен игеруге қажетті ақпараттың кӛлемінің артуы арасындағы, сондай-ақ кәсіби даярлаудың
бағыттарының кӛптүрлігі мен кәсіби білім беру орындарының түлектерінің даярлығына үнемі артып
отырған талаптар арасындағы, оқытудың дәстүрлі басым түрі мен ақпаратты беру мен игерудің ғылы-
ми-техникалық жетістігінің деңгейі арасындағы қарама-қайшылықты жеңу арқылы қол жеткізуге
болады. Сонымен бірге педагогика және жеке әдістеме аймағындағы зерттеулер білім беру үрдісін
экстенсивті жетілдіру мүмкіндігі аяқталғанын атап ӛтуде (В.В. Кумарин және т.б.). Білім беруді қар-
қынды жолмен дамыту мүмкіндігі ақпарат пен заңдылықтардың дамуының жолдарын, оқыту мен тәр-
биенің принциптерін үйлестірген инновациялық білім беру технологияларын іздеуде жатыр.
Екіншіден, инновациялық білім беру технологияларын жасаудың негізінде студенттер тұлғасының
қызығушылығы болуы қажет, оның жеке ерекшеліктері, қабілеттері барынша толық ескерілуі тиіс.
Бұл тұлғаға бағытталған тұрғының білім беру мәселесін шешуге бағытталған жетекші тұрғысы
(В.Я. Ляудис, В.В. Сериков, И.С. Якиманская және т.б.). Кәсіби білім беру тұлғаның ӛзін-ӛзі жүзеге
асуын жағдай жасауды қамтамасыз етуі қажет [2].
«Инновациялық оқыту» білім алушыларда жобалау қызметіне қабілеттілікті, болашаққа ӛзіне және
қоғамға жауапкершілік, ӛзінің кәсіби қабілеттілігіне сенім, сондай-ақ осы болашақты ӛзгертуге іс-
әрекет түрінде бағытталған дамытушы ӛзара әрекетте білім алуға қабілеттілікті қалыптастырады. Әр
оқытушы ӛз iс-әрекетiнде қажеттi ӛзгерiстердi, әр түрлi тәжiрибелер жӛнiндегi мағлұматтарды, жаңа
әдiс-тәсiлдердi дер кезiнде қабылдап, дұрыс пайдалана бiлуi керек. Сонымен қатар, жоғары мектепте-
гi оқу-тәрбие жүйесi (кредиттік жүйе де), оқытушы-студент арасындағы қарым-қатынас, жалпы оқы-
туды ұйымдастыру талапқа сай елеулi ӛзгерiстердi қажет етiп отыр. Әсіресе студенттердің оқытушы-
мен жүргізетін ӛздік жұмысы (СОӚЖ). Жоғары мектеп тәжiрибесiнде жаңаша жұмыс iстеп жаңашыл
технологияларды пайдаланып жүрген оқытушылар бар. Бiрақ олардың пiкiрiнше, жаңашыл әдiс-
тәсiлдердi iс жүзiнде нәтижелi қолдану жолдарын, инновациялық үрдiстердi бiр жүйеге келтiрiп,
оның педагогикалық негiздерiн анықтау, оларды бiлiм берудi дамытудың негiзгi факторларына
айналдыру меселелерiн шешу қиындық тудырады. Қоғамның ӛзгеруі қоғамның білім беру мекемеле-
рінде әлеуметтік тапсырыс ӛзгерісін тудырды. Білім беруге мақсат қоя отырып, қоғамның әсер етуші
факторына айналып, тұлға дамуының міндеттерін шешеді. Бұл шарттарда кәсіби бағдар тәрбие мәсе-
лесінің шешімін артта қалдыруға болмайтыны анық, себебі кәсіби бағдарлану тұлғаның қалыптасуы
мен дамуына бағытталған, азаматтық қасиеттерге ие. Сондықтанда жоғары білім беруді ұйымдасты-
руда жаңа тұжырымдамалы тұрғыларды қалыптастыру ӛзекті міндет болып табылады.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
102
Бүгiнгi таңда жаңа білiм парадигмасы бiрiншi орынға студенттің бiлiмiн, бiлiгi мен дағдысын
емес, оның тұлғасын, бiлім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан да қазiргi уақытта педагоги-
ка ғылымының бiр ерекшелiгi студенттің тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияла-
рының бiрін шығаруға ұмтылуы.
Қазiргi кезеңде жоғары бiлiм беретiн мектептерде белең алып отырған кемшілiктер жетерлiк:
• білім сапасының тӛмендігі;
• бiлiм саласындағы мемлекет тарапынан реформалар жүргiзiлгенмен оқытудың нәтижесiнiң болмауы;
• студенттердің ӛзара әрекеттесу, қарым-қатынас бiлiм дағдысының болмауы;
• студенттер мен студенттердің, студенттер мен окытушылардың бiрлескен шығармашылық еңбе-
гiнiң тӛмен дережеде болуы;
• оқытушылардың тарапынан жаңаша жұмыс iстеу талпынысының айтарлықтай дәрежеде болмауы [5].
Бұл тығырықтан шығудың бiрден-бiр жолы оқу-тәрбие үрдiсiнде инновациялық технологияларды,
интерактивті әдiс-тәсiлдердi енгiзу, студенттердің бiлiмге деген қызығушылық талпынысын артты-
рып, ӛзара әрекетте iзденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Осылайша, біз таңдап алып отырған зерттеу мәселенің ӛзектілігі кәсіби білім беру жүйесін рефор-
малаудың, кәсіби даярлаудың барлық деңгейіндегі (бастауыш, орта, жоғары) үрдісінде теоретикалық
және практикалық тиімділігін қамтамасыз ету базасының обьективті қажеттілігімен анықталады.
Мұнда мәселені шешудің жолы білім беру үрдісіне жаңа білім беру технологияларын айқындау және
ендіру.
Осы мәселені шешу инновациялық iс-әрекетiнің педагогикалық негiздерiнiң мәнiн теориялық тұр-
ғыдан ойластырып, меңгеріп, оқытушылардың бұл үрдiсті ұйымдастыруға дайын болу шарттарын
анықтауды қажет етедi. Оқу-тәрбие үрдiсiнің инновациялық технологиялар жағдайында студенттер-
дің ӛзара әрекеттесуі арқылы кәсіби білім, іскерлік, дағдыны игеруінің педагогикалық шарттары
түбегейлi түрде қарастырылмағаны және кӛтерiлiп отырған мәселенiң кӛкейкестiлiгi зерттеу жобам-
ды «Іскерлік ойын – әдістемелік пәндерде СОӚЖ ұйымдастырудың негізгі технологиясы ретінде »
деп тұжырымдауға негiз болды.
Жобаны жүзеге асырудағы мақсат: жоғарғы оқу орны студенттерінің кәсіби даярлығын кӛздейтін
әдістемелік пәндерде, СОӚЖ ұйымдастыруда іскерлік ойынның рӛлін анықтаудың ұйымдастырушы-
лық-педагогикалық жағдай кешенін негіздеу.
Жоба міндеттері:
Іскерлік ойын – әдістемелік пәндерде СОӚЖ ұйымдастырудың негізгі технологиясы ретінде
орнын айқындау;
Кәсіби қалыптасу кезіндегі кӛмек кӛрсету жолдарын айқындап, оларды жүзеге асыру;
Студенттердің әдістемелік пәндер бойынша кәсіби кӛмек және қолдау кӛрсету бағытындағы
жұмыстарды кеңейту, одан әрі дамыту;
Студенттердің арасында кәсіби рольді дұрыс меңгерту, ӛзара түсінушілік қасиеттерді дамыту;
Студенттердің бойында пәнге сәйкес ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шеше
білу және ӛзіндік менеджмент құзыреттілігін қалыптастыру;
ЖОО студенттерін кәсіби даярлауға әдістемелік ұсыныстарды жасақтау.
Жоба идеясының негіздемесі Р.С. Немов, И.Е. Несикованың жүргізген әлеуметтік психологиялық
зерттеулеріне қарағанда, жоғарыдағы заңдылықтарды сақтаған жағдайда оқу топтарының ұжым
ретінде, студенттердің тұлға ретінде даму процесі жүреді. Бұл ӛз кезегінде кейбір студенттердің
жағымсыз жақтарын бейтараптандырады, жалпы тонусты кӛтереді, студенттерді ӛз бетінше еңбекте-
нуге ынталандырады және оқу процесін жандандырады. Алғашқы кезеңдерде әркім ӛзінің мақсатына
жетудің құралы ретінде пайдаланады. Үшінші кезеңде әр студент ӛзара әрекеттестік арқылы ортақ
мақсатқа жетуге болатынын түсінеді. Сонымен қатар жеке студенттердің ішкі әлемін байытуға, оның
ӛзімшілдік, менмендіктен құтылуына мүмкіндік береді.
Ойын түріндегі, сабақтар достық кӛңіл жағжайында ӛтеді, студенттер ӛздерін еркін ұстайды, бірін
бірі сынамайды, яғни басымдық, үстемдік, біреуден біреудің артықшылық белгілері мойындалмайды.
Оқытуда рецептивті әрекеттен гӛрі перцептивті әрекет, дедукциядан гӛрі индукция басым болады,
танымдық процестер эвристикалық тетіктер арқылы, интуиция мен логиканың байланысы арқылы
жүреді. Сондай ақ, интерактивті тілдесім ықпалдастық, диалогтық тілдесімге, кооперациялық прагма-
тика, сыпайылық, эмпатия қағидаларына сүйенеді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
103
Іскерлік ойын түрлеріне XVII ғасыр әскери ойындарды, І Петр әскери амал-әрекеттерін жатқызуға
болады.
Ең алғаш ұйымдастырылған ӛндірістік ойын 1932 жылы Ленинградта тәжірибеден ӛтті, бірақ
қоғамдық тарихи себептерге байланысты КСРО-да ұмыт болып, 1927 жылы АҚШ-та ЭЕМ-ді қолда-
нуға байланысты қайта жаңғырды.
Бүгінде іскерлік ойын шетелдерде оқу процесінде кӛп қолданылады. Кеңестік педагогика ғылы-
мында іскерлік ойын мәселесі 60 жылдардан бастап белсенді түрде талқыланды [3].
Іскерлік ойындар дегеніміз − болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұ-
нын, сол қызметке тән қарым қатынас жүйесін модельдеу, елестету. Сондай ақ ол:
Оқытушылық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың ӛз тәжірибесі арқылы
білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі, яғни ережелермен анықталған жарысушы-
ның жеңіске жетуін немесе жеңілуін айқындайтын оқытушылық іс-әрекет;
Болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән
қарым-қатынас жүйесін модельдеу.
Ойынның негізгі элементтері:
Оқытудың мақсаты;
Ереже (нақты анықталған);
Жарысушылық;
Ойынға қатысушылардың қарым-қатынасы;
Аяқталу кезі (уақыт кӛлемі, ұпай, жинақталған балл кӛлемі);
Нәтиже (жеңілгендер және жеңгендер).
Ойынды не үшін пайдаланады?
Тәжірибе арқылы оқыту;
Мәтінді нақты үлгілендіру;
Мотивтің жоғары деңгейі;
Әркімнің қатысуына мүмкіндіктің болуы;
Қатысушылардың рӛліне мән беру;
Олар бір бірінен үйренеді;
Оқыту жеделдетіледі;
Ойын нәтижесінде оқытушылық тұрғыдан бәрі жеңіске жетеді;
Ӛздеріне қауіпсіз жағдайда ойынға қатысушылар еркіндікті сезінеді;
Ойын әркімнің ішкі жан дүниесіне үңілуіне мүмкіндік туғызады және іс әрекетін талдайды;
Дағдының дамуына кӛмектеседі;
Сабақ мазмұнын жақсы түсінуге, есте сақтауға кӛмектеседі;
Ұсынылған тұжырымдар, қағидалар, құралдар күшейтіледі;
Қатысушылардың тез, кенеттен, шығармашылық тұрғыдан, сезімдер арқылы шешімге келуле-
рін, іс әрекет етулерін қамтамасыз етеді;
Шынайы ӛмірдегі қымбат заттарды қолданбастан, ӛзіндік нәтиже мен шешудің құны мен беде-
лін терең түсінуге итермелейді.
Егер:
ойын оқытудың мақсатына сай болмаса;
қатысушылардың қызығушылығы болмаса;
тренер ойынмен дұрыс таныс және ойнатуға даяр болмаса;
ойынды талдауға уақыт жетпесе, онда ойын дұрыс ойналмайды, күтілген нәтиже алынбайды [6].
Оқытушының интерактивтік оқытудағы функциялары:
ӛзінің терең сезімі мен маңызды іс әрекетіне қарай тек нағыз достыққа тең келетін сенімділік,
жақындық ахуалын тудыру;
Студенттердің интеллектуалдық, танымдық белсенділігін жетілдіретін амалдарды қолдану;
Студенттердің қатысымдық қажетін ескеру жіне оны қанағаттандыратын сабақтарды ұйымдастыру;
Түсіністікке негізделген сӛйлесім нобайын ұсыну.
− Студенттерге оқыту мен тәрбиелеу мәселелері және білім беру жайында ақпаратпен қамтамасыз ету;
− студенттерге әдістемелік кеңес беруді ұйымдастыру: студент мәселелеріне байланысты кеңес
беру моделін таңдау.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», № 3 (34), 2012 г.
104
Студенттерге әдістемелік кеңес берудің құрылымдық моделі:
Сабақтың құрылымын, субжүйелерін анықтау;
Жұмыстың негізгі фазаларын айқындау;
Студенттердің сабақтарындағы коммуникативті жүйені жетілдіру бойынша жұмыстар.
Іскерлік ойын мүшелерін нақты жағдаяттарға итермелеу, олардың эмоциялары мен сезімдерінің
ашық кӛрінісін бақылау. Сәтті қабылдауына бағдарлану, «қазір және осында» принципі бойынша
мінез құлқын талдау, ӛзгелердің және ӛзінің сезімдеріне, шынайы ӛмірде кӛріне бермейтін эмоция-
ларға басты назар аудару.
− Сабақтарды талдау және оның ерекшеліктерін диагностикалау: сабақты талдау мақсаты, бірінші-
ден, сабаққа «баға» қою − нақты қиыншылықтарды тудыратын мәселелерді анықтау; екіншіден, сол
мәселелерді шешуде сабақты жүргізуші мен оның қатысушыларының рӛлін анықтау.
− коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру: іскерлік ойын барысында анықталған бұзылыстармен
жүргізілетін түзету жұмыстарының бағдарламасын құру;
− Ӛздерінің рӛлін саналы сезінген және жауапкершілікті мамандарды дайындау мақсатында семи-
нарлар және тренингтер ұйымдастыру.
Осы жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып жобаны жүзеге асыру сызбасын ұсынамын.
І кезең – (1 ай) әдістемелік пән жүретін топта консультативтік, ағартушылық жұмыстар жүргізу.
Жалпы негізгі теориялық дәрістермен қоса, алғашқы іскерлік ойындардың үлгісін кӛрсету.
ІІ кезең – (3 ай) Студенттерге зерттеу және диагностикалық жұмыстарды жүргізу. Студенттерге
ӛздерін болашақ ұстаз ретінде саналы сезінуіне жәрдемдесетін семинар тренингтер ұйымдастыру.
Жүргізілген диагностикалық жұмыстарды қорытындылап олармен коррекциялық жұмыс бағыттарын
айқындау. Жоспарланған іс-әрекетке сәйкес әдістерді қолдану арқылы жас мамандарға кәсіби кӛмек
кӛрсету. Барлық мамандардың белсенді практикалық жұмысы. Іскерлік ойынды жүргізуші рӛлін
қабылдау. Студенттерге кәсіби кӛмек кӛрсету бағытындағы жұмысты жалғастыру, практикалық курс-
тарды, бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, оқушылармен жұмыс бойынша практикалық ұсы-
ныстарды ұйымдастыру.
ІІІ кезең – (1 ай) семинар, «дӛңгелек үстел», дәрістер, БАҚна мақалалар, ақпараттық құжаттар
арқылы ақпараттық ағартушылық жұмыстар жүргізу.
Жобаның жүзеге асуы аяқталар кезінде:
-
СОӚЖ жұмысына қатысқан студенттердің контингенті анықталып, мәселелері бойынша жікте-
леді, бұл олармен тәжірибелік жұмыс бағыттарын анықтауға кӛмектесті;
-
жекелей және топтық түзету-дамыту бағдарламалары ӛңделді.
Жобаның жүзеге асуының нәтижелері:
Іскерлік ойын – әдістемелік пәндерде СОӚЖ ұйымдастырудың негізгі технологиясы ретінде
орны айқындалды;
Ұйымдастырылған оқыту формасына деген жағымды кӛңіл-күй тонусы, оқу жұмысына жеген
оң мотивация ӛрістеді;
Кәсіби қалыптасу кезіндегі кӛмек кӛрсету жолдарын айқындалып, олар жүзеге асырылды;
Студенттердің әдістемелік пәндер бойынша кәсіби кӛмек және қолдау кӛрсету бағытындағы
жұмыстарды жұмыстар кеңейіп, одан әрі дамытылды;
Инновациялық технологияны қолдану барысында студенттердің 60 пайызы «ӛте жақсы» деген
бағаға, 35 пайызы «жақсы» деген бағаға емтихан тапсырды;
Студенттердің арасында кәсіби рольді дұрыс меңгеру, ӛзара түсінушілік қасиеттері дамыды;
Әдістемелік пәндерде іскерлік ойынды негізгі технология ретінде қарастыру ӛз нәтижесін берді.
Студенттердің бойында ақпараттық, коммуникативті, проблеманы шеше білу және ӛзіндік
менеджмент құзіреттіліктері қалыптасты.
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1998.
2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М., 1995.
3. Попков В.А., Коржуев А.В. Дидактика высшей школы. – М., 2001.
4. Педагогика профессионального образования. Под редакцией Сластенина В.А. – М., 2004.
5. Педагогика и психология высшей школы / Под ред. Самыгина С.И. – Ростов н/Д: Феникс, 1998.
6. Эльконин Д.Б. Психология игры. – М., 1999.
7. Фоменко В.Т. Нетрадиционные системы организации учебного процесса. – Ростов н/Д: ГНМЦ, 1994.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
105
Резюме
В статье представлен материал по организации занятий СРСП в интерактивной форме обучения. Интерак-
тивные методы обучения рассматриваются как системные методы создания, применения и определения всего
процесса преподавания и усвоения знаний студентами с учетом технических и человеческих ресурсов и их вза-
имодействия, ставящий своей задачей оптимизацию форм образования.
Достарыңызбен бөлісу: |