Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, № 3 (34), 2012 ж.
115
2010 жылдан бастап Қазақстан құрама командасының бас бапкері болып, Қырғызбаев Қайрат таға-
йындалды. 2010 жылы Қазақстанда XIX Азия чемпионаты ӛтілді, жарыс жоғары деңгейде ұйымдас-
тырылып, оған 23 мемлекеттен келген 300-ден астам спортшылар қатысты. Азия чемпионаты бары-
сында Қазақстан таэквондошыларының кӛрсеткен нәтижесіне кӛңіліміз тоймады, ерлер сайысында
Ирандықтар алдына жан салмады, олардың еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль түсті. Әр
медальды қос-қостан иеленген Оңтүстік Кореялықтар екінші тұғырға жайғасты. Иран мен Оңтүстік
Кореяда олимпиада алтынын алған спортшылар кӛптеп саналады. Үшінші орынға Тайланд таэквон-
дошылары табан тіреді, Тай елінің ӛкілдері 2 алтынды олжаласа, тӛртінші сатыдағы Тайпейдің қор-
жынына 2 күміс медаль түсті. Ал Қазақстан бесінші орынға тұрақтады, жерлестеріміз арасынан аса
ауыр салмақта күш сынасқан Арман Шылманов ақтық сайыста Иран спортшысы Хуссейн Тәжіктен
ұтылды. 54 келі салмақтағы Нариман Шәкіров пен 80 келі салмақтағы Сұлтан Қасымов қола жүлдені
қанжығасына байлады. Қыздар арасындағы жетістіктерге 73 келі салмақта күш сынасқан Феруза
Ергешова үлкен ерлік жасап, Азияның алтын медалін мойнында жарқыратты. Аса жеңіл салмақта
шеберлік байқатқан Айжан Әлижанова қолаға қол жеткізді [2].
Алдағы 2012 жылғы Лондонда ӛтілетін олимпиадада Қазақстаннан үш таеквондошы күш сынамақ.
Олар: Нұрсұлтан Мамаев 58 келіде, Феруза Ергешова 67 келіде, Гульнафис Айтмуханбетова 67 келі-
ден жоғары салмақта ӛнер кӛрсетеді.
Қорыта келе, елімізде таеквондо спорты кең дамып, спортшыларымыздың әр кезде мерейі үстем
болып, кӛптеген халықаралық, әлем және азия ареналарында, еліміздің кӛк туын желбіретіп, ән ұра-
нымыз жеңіс тӛрінде шарықтасын деген тілек білдіргім келеді.
1. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Алматы: ҚазСТА, №2, – 87 б.
2. Канаев Т. // Шымкент таеквондо газеті. – 2000, №1 (5). – 8 б.
3. Жүніспаев Н. Мұстафа Ӛзтүрік. – Алматы: Жалын, 1992. – 92 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются начало, развитие и становление таеквондо как олимпийского вида спорта
в Республике Казахстане.
Summary
In article considers the beginning of foundation and development taekwondo, as one Olympic type of sport in the
Republic of Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: