Жас ерекшелігі психологиясы


Жас ерекшелігі психологиясы курсының мақсаты



бет3/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Жас ерекшелігі психологиясы курсының мақсаты:
Студенттерді қазіргі жас ерекшелігі психологиясының құрылымымен,әдіснамалық негіздерімен,жас құрылымының аспектілерімен,жеке адамның психикалық сфераларының дамуымен,даму диагностикасымен таныстыру.
Студенттерді онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму заңдылықтары бойынша негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық білімдерімен қаруландыру, олардың кәсіби психологиялық дайындықтарын күшейту, студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру, жас ерекшелігі психологиясы психологиялық бөлімінің бір бөлігі ретінде: онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндіктер береді.
Курс міндеті:
1. Төмендегідей білімдермен қамтамасыз ету:
- жас ерекшелігі психологиясының пәні мен міндеттері туралы;
- жас ерекшелігі кезеңдеріне қарай психологиялық ерекшеліктерімен заңдылықтары туралы;
- жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы жайында;
-жас ерекшелігі психологиясы аумағында құрылған әдістемелік және теориялық зерттеу негізі,
- жас ерекшелігі психологиясында қолданылатын әдістерді жинақтау және эксперименттік зерттеу кезінде қалыптасқан және түзету әсерінен алынған ақпараттық мәліметтерді талдау туралы;
2. Курстың практикалық міндеттеріне жататын:
- баланың психикалық дамуының жағдайлары мен толықтай мазмұнын, жүруін бақылау үшін әдістемелік базасын құру;
- баланың қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің тиімді түрлерін ұйымдастыру;
- жас ерекшелігіне қарай дағдарыстық кезеңдерінде психологиялық көмекті ұйымдастыру;
- кәсіптік мақсатта оқушылардың жас кезеңдеріне қарай психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер міндетті түрде:
- онтогенез бен филогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы көзқарастары болуы керек;
-жас ерекшелігі психологиясының пән ретінде және ғылым ретінде сиапттамасы, әдістері мен міндеттері, адамның іс-әрекеті мен тұлғалық құрылымы, даму динамикасын білу керек;
- алған білімдерін практикада қолдана алуы, баланың психикалық дамуының жағдайлары толықтай мазмұнын жүруін бақылау үшін әдістемелік негізін құру.
«Жас ерекшелігі психологиясы» курсы студенттердің психологиялық дайындау жүйесінде ерекше орын алады. Психиканың даму заңдылықтары мен механизмдері туралы білімдері білім беру жүйесінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да саласында, психологтың практикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет