Жас ерекшелік психологиясына кіріспе. Жас ерекшелік психологиясы ғылымының пәні, мақсаты және міндеттері. Жас ерекшелік психологиясы ғылымының даму тарихына концептуалды шолу. Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық


Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады?



бет6/6
Дата26.02.2022
өлшемі282,04 Kb.
#133444
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс-1

Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады?

  • Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақң ретінде қарастырады. Қандай көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді.

Қазіргі таңда әрбір білімді адам «балалық шақ деген не? - деген сұраққа бұл – даму, үйрену, өзгеру кезеңі деп жауап қайтарады. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді – парадокстар және қарама- қайшылықтар кезеңі, және онсыз даму процесі болмайтындығын атап кқрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В. Штерн, Ж.Пиаже, И.А. Соколянский және т.б. жазды. Д.Б. Элькониннің айтуы бойынша балалық шақ психологиясында парадокс бұл – ғалымдардың әлі де шешетін дамудың жұмбақтары.
Д.Б. Эльконин Москва университетіндегі дәрістерін балалық даму парадокстарының екі негізгі мінездемелерінен бастайтын.
Адам дүниеге келгенде өмірді сақтай алатын элементарлы механизмдермен ғана шектеледі. Физикалық құрылымы, жүйке жүйесінің үйлесуі жағынан, іс-әрекет типтері және оны бақылауы жағынан табиғаттағы мінсіз жан болып есептеледі
Балалық шақ дамуының проблемасы – қазіргі балалық шақ психологиясының ең күрделісі болып табылады. Себебі бұл аймақта бақылау да, эксперимент те жүргізе алмаймыз. Этнографтарға балаларға байланысты мәдени ескерткіштке кедей екені белгілі. Тіпті, археологиялық қазбаларда табылатын ойыншықтардың өзі діннің заттары, яғни оларды ол дүниеге барғанда иесіне қызмет етсін деп салады екен.
Балалық шақтың тарихи шығу тегі кезеңдері жайлы теоретикалық сұрақты П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин деген ғалымдардың еңбектерінде жасалып шығарылды. Л.С. Выготскийдің концепциясы бойынша бала дамуының психикалық даму жолы – табиғаттың мәңгілік заңдылықтарына бағынбайды. Міне, сондықтан да мәңгілік балалық шақ болмайды. Ол тек тарихи балалық шақ қана бар деп көрсетеді. XІX ғасыр әдебиеттерінде өте көп дәлелдемелер келтірілген. Олар бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмады. Ф. Энгельс 1483 жылдары Англиядағы жұмысшы классты зерттей отырып мынандай мәліметтер алды. Балалар кейбір жағдайда бес жастан бастап жұмыс істеп жиірек алты жаста, жиі жеті жаста бірақ ата-анасының ахуалдары нашар балдардың бәрі сегіз жастан жұмыс істейтін болған, жұмыс уақытысы 14- 16 сағатқа созылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет