Хаттама №2 12.11.2021 ж
Қатысуға тиісті: 3
Қатысқаны:3
Күн тәртібінде:
1.Әдістемелік көмек.Тақырыбы:«Нормативтік құжаттар»
2. Дөңгелек стол.Тақырыбы.«Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік»
3. Зерттеу әдістер. Интерактивті әдістер және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары.
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша тәлімгер Б.Бескенова “Нормативті құжаттар ” тақырыбында презентация көрсетті. Онда мұғалімнің электронды журналын толтыруы,күнтізбелік жоспары, күнделікті сабақ жоспарының құрылымы және жаңа технология мен сабақ өткізу шеберліктері жайлы айта келіп, мұғалім портфолиосына тоқталды.Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша «Мұғалімнің жаңашылдық қызметі жайлы түсінік» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың ерекшеліктері жайлы мәселелер қозғалып, тәлімгерлер мен жас мамандар арасында ой бөлісу жүзеге асты. Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері :
– әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
– білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
– аналитикалық ойлау қабілетін дамыту болса, осы жолда қазіргі заманғы мұғалім мәртебесіне лайық болу әрқайсысымыздың міндетіміз. Осы тақырыптағы ойларды тәлімгер қорытындылап, жас мамандарға ақыл-кеңестерін берді.
Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша тәлімгер слайд арқылы интербелсенді әдіс түрлерімен жас мамандарды таныстырды. Оларды сабақта қолдануға кеңес берді.
Отырыс қаулы етеді:
1. Жас мамандардың портфолиоларының жүргізілуі қолға алынып, жұмыс нәтижелері жинақталуы міндеттелінсін.
2. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақты түрлендіре өткізу,оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын жетілдіру жолға қойылсын.