"Жас математик" факультативтік курс (3 -сынып)



бет31/38
Дата05.10.2023
өлшемі12,71 Mb.
#183868
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
жас математик
Снимок экрана 2023—05—06 в 09.10.51
31-сабақ
Пән: Математика Сынып: 3 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Жылдам есептеу техникасы.
Сабақтың мақсаты: оқушылармен ойлау блогына берілген есептерді шығара отырып, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. Логикалық есептерді орындату, ойлау қаблеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық ахуал
Зейінді байқау
1. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
2. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
4. Сағат 12 - де Алматыдан Талғарға қарай 80 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты. Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған?
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Адамзат баласы ең алғаш рет жазу-сызудан бұрын санауды үйренгені хақ. Осылайша, бертін келе адамдар қарапайым арифметикалық амалдарды қолдануды үйреніп, олардың негізгі қасиеттерін сараптап, тағы басқа да математикалық білімдерін дамыта түседі. Әуел баста адамдар саусақтармен амалдар қолданып, кейіннен есептеудің өзге де тәсілдерін ашқан. Сондай-ақ жылдам есептеу әдістеріне талдау жасап, оны келешек ұрпаққа таратып отырған. Ал біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің және жылдамдықтың болуын қажет етеді.
1000-нан азайту әдісі.
Санды 1000-нан азайту үшін бірінші санды 9-дан, екінші санды тағы 9-дан , үшінші санды 10-нан азайтамыз.
Мысалы: 1000-648=352
1-ші қадам: 9-дан 6-ны азайтамыз: 9-6=3
2-ші қадам: 9-дан 4-ті азайтамыз: 9-4=5
3-ші қадам: 10-нан 8-ді азайтамыз: 10-8=2
Жауабы: 352


5, 25, 125 сандарына шапшаң бөлу әдісі
Ол үшін сәйкесінше берілген санды 2-ге, 4-ке, 8-ге көбейтіп, 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөлу керек.
Мысалы: 220: 5=:10=44
1300:25 =(13004):100=52
9250:125=(92508):1000=74
Кейде амалдар тәртібін ауыстыруға болады, әуелі 10, 100, 1000 сандарына бөліп, сосын 2, 4, 8 сандарына көбейтуді орындауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет