Ферроль әдісімен көбейту
Көбейтіндінің бірлігін алу үшін көбейткіштердің бірліктерін көбейтеді. Ондығын алу үшін біреуінің ондығын бірлігіне және керісінше көбейтіп, қосындыға ойға алған санды қосады, жүздігін алу үшін ондықтарын көбейтеді. Бұл әдіс мына теңдіктен шығады:
Осы әдіспен 10-нан 20-ға дейінгі екі орынды сандарды көбейтіп көрелік:
Мысалы: 1214 =168
1) 24 =8
2) 12+14=6
3) 11=1
Кез-келген санның квадратын шапшаң есептеу әдістері.
Көбейту, бөлу таблицасын білгеннен кейін сандарды көбейтудің, бөлудің, дәрежелеудің оң тәсілдерін үйрену мақсат.
Әдетте 10, 20, 30, 40, 50, … …, 100 оңай есептеледі. Ал 192, 292, 392, 492, … …, 992 – ын табу бір жаңа есептеуді қажет етеді. Сол әдістерге тоқталайық.
192 = 361 шығару үшін 9 х 19 көбейтіндісінің 202 – нан 20+19=39 – ды шегеру жеткілікті 400-39=361
Ал 182, 282, 382, 482, … … 172, 272, 372, есептеп табу үшін
Енді 152, 252, 352, 452, … …, 952 есептейік.
152=225 – ті шығару үшін бірлік 52=25 – тың алдына ондық 1-ге, өзінен бір сан үлкен 2-ні көбейтіп алдына жазу керек
9-ға көбейту. Саусақ әдісі.
1-ден 9-ға дейінгі кез-келген санды 9-ға көбейту үшін саусақпен жылдам есептеу әдісі- «саусақ» әдісін қолданайық.. Бұл тәсіл ең тиімді әрі қарапайым саналады. Мәселен, 9×7 болсын. Бұл қарапайым көбейтудің нәтижесі 63 екені баршаға аян. Енді осы нәтижені саусақпен көбейту арқылы тексерсек. Алдымен қолыңыздың саусақтарын 7-ші саусаққа дейін санап, сосын 7-ші саусақты бүгіңіз. Енді бүгілгенге дейінгі саусақтардың санына, кейін бүгілгеннен кейінгі саусақтардың санына назар аударыңыз. Сонда бүгілген саусаққа дейінгі саусақтар саны шығатын мәннің ондық үлесіне тең болса, бүгілгеннен кейінгі саусақтар саны шығатын мәннің бірлігіне тең болады, яғни, 9×7꞊63 болады.
Енді тағы бір мысал келтірейік: 9×10 болсын. Сонда бүгілген саусаққа дейінгі сандар 9-ды берсе, ал бүгілгеннен кейінгі саусақта бірлік саны жоқ. Бұндай жағдайда шығатын санның бірлік цифры 0-ге тең деп ұйғарылады. Міне, осылайша 1-ден 10-ға дейінгі сандардың нәтижесін оңай есептеуге болады.
Ескерту: бұл тәсіл тек 1-ден 10-ға дейігі сандар үшін ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |