«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі
Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.
Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.
ОМ4-03
ОМ3-04
Сабақтың соңы
27-сабақ
Пән: Математика Сынып: 3 Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Математикалық жұмбақтар мен басқатырғыштар.
Сабақтың мақсаты: оқушылармен ойлау блогына берілген есептерді шығара отырып, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. Логикалық есептерді орындату, ойлау қаблеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық ахуал
«Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Ой сергіту.
Сабақтың ортасы
«Кімге не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: ойлаудың психологиялық диагностикасы.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға ұсынылатын карточкада бейнеленген балалардың әрқайсысына бір зат жетіспейді.Ал оларға жетіспейтін зат жеке суреттерде бейнеленген.Суреттегі әрбір затты ол жетіспейтін суретпен салыстыру керек.Орындау уақыты-30 секунд.
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
Сабақтың соңы
Достарыңызбен бөлісу: |