ЖЕРДІ АҢСАУ Ғалым-ғарышкерлер жұлдызды әлемге тереңдей енген сайын туып-өскен Жерді, елді жиі еске алумен болды. Өйтпеске шаралары да жоқтай. Жерден ұшқанға дейін кеме іші мен жұлдызды әлем кызық көрінсе, енді кеме іші шектеуленіп, жалықтыра да бастаған. Олар, тіпті, Жерде, елде жүрген кездерінде әуе кемесімен бір қаладан екінші қалаға ұшқанда сол аралықта өтетін үш-төрт, кейде алты сағаттың өзін әзер өткізетін. Жұлдызаралық сапар болса, бейнефильмнен көргенде ғана қызық. Өйткені, ол көріністер көрермендердің көз алдында небәрі бір жарым немесе екі сағаттың ішінде өтеді. Бірақ, бейнефильмнің бір кұдіреті сол, оқиғаларды шебер үйлестіріп, жігін білдірмей де жібереді. Бірнеше, тіпті одан да көп уақытты қамтитын оқиғаны көрермен сол қалпында қабылдайды. Бұл да уақытты қысқартудың бір жолы болатын. Ал жолаушы әуе кемесімен ұшып кетіп бара жатқанда, олар жалықпас үшін стюардессалар неше түрлі ойындар ұйымдастырады, сувенирлер сатады, бейнефильм таратады, газет-журналдар таратады, сусын, тамақ береді, анау-мынау заттарды шағын көрмеге қояды. Сөйтіп, жолаушыларды зеріктірмеуге тырысады.
Ал мына соншама алапат кемеде айналдырған алтауы ғана. Мұнда ғалым-ғарышкерлер қай нәрсені де өздері ұйымдастырады. Өздері жасайды. Тамақ пісіретін, қоқыстарды арнайы бөлімге жеткізетін көмекші биороботтар да бар. Бірақ олар қаншама епті, қаншама іскер болса да, санасыз. Алдын ала берілген бағдарламадан аспайды. Адамның да пешенесіне жазылған тағдыры өтіп жатады. Бірақ, адам биороботтан басқаша деңгейдегі сана- сезіммен өмір сүреді. Ғалым-ғарышкерлер де адам пенденің әрекетіне сай ғұмыр кешеді. Бірде бәрі басқару пультінде отырып, алдарындағы көздепкележатқан жұлдыз жүйесінбақылап,бірде оранжереяға барады, хайуанаттар мен құстар бөлімінде де болады. Одан кейін асханадан мезгіліне сай тамақтанып, Жер уақыты бойынша түн мезгілінде ұйқыта жатады. Осылайша зымырап етіп жатқан өмір. Не істесе де кеме ішінде.
Соңғы кездері Жерді аңсаған сезімдері ерекше күшейіп те кеткен. Олар талай peт оранжереядағы өздерінің туып өскен ауылдарын естеріне түсіретін орындарда да болған. Ал Жердің өз табиғатына не жетсін! Бәрі де ұшқанға дейінгі дайындық барысында бірге қызықтап демалған қалаларды есіне алған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейді халық. Енді ойлап қараса, Жер де сондай екен. Кезінде оның бетінде асыр салып онап жүргенде де, кейін есейген сон Жер шарын әуе-ғарыш кемесімен айналып ұшқанда да ештемені ойламапты. Шектеулі орда дегеннің не екенін де енді ғана ойлағандай бәрі де. Бара жатқан ғаламшарларының да титтей ғана аспан денесі екені де белгілі. Жердегі ғалымдардың, күллі адамзаттың өздеріне үміт артып қалғаны да жасырын емес. Жұлдызды әлемнен тіршілікті ғаламшар іздеп шыққанда күтпеген жерден кіші әлемге тап болғандары да қызық болды. Енді мұнда Жер сияқты үлкен ғаламшар да жоқ. Көз алдарында бір шөкім ғана тұмандық. Ал сол тұмандық Жер ғаламшарынан тіпті ең қуатты деген сыңардүрбімен қарағанда да көзге ілікпес еді. Кіші әлем жайлы ұғым о бастан бар болса да, оны көзбен көрудің сәті енді ғана түскен. Ғарышкерлер қара ойық делінетін аймақтың кеңістікте кездесетінін жақсы біледі. Ал бірақ мұндай кіші әлемге тап боламыз деп ешқашан да ойламаған.
Уақыт өткен сайын бәрі де өзгереді. Өздері қонып, шамалы дамылдап қайта ұшқан Қызғылт ғаламшар да енді көрінбеуге айналғандай. Қанша ұзап кетсе де ғарышкерлер оған ара-тұра көз салып та қояды. Жердей әсерлі болмаса да осы кеңістіктегі жалғыз бір тіректей болып қалған еді ол саналарында. Жер ғаламшарындағыдай саф ауа, самал жел, жасыл шөп, гүл-бәйшешек, қалың орман, тау мен тас, көл мен теңіз, мұхит болғанда тіпті де бауыр басқан болар еді бәрі де. «Сондай ортада жүрген Жер тұрғындарының не арманы бар екен? Кезінде сол қасиетті Жерімізді білмеппіз ғой» деп күрсініп те алады ғарышкерлер кейде. Ал кезінде, өздері сол Жерде, елде жүргенде сол ғажайыптың бірін де қадірлемепті. Бәрі де үйреншікті нәрсе болып көрінген. Оның үстіне бәрі дұрыс болған соң адам ол табиғатты емес, өзінің күнделікті күйкі тірлігін де ойлап кетеді екен.Ол жағы да бар. Ал ұшуға таяған кезде болса да Жерден гөрі жұлдызды әлем мен жұлдызаралық сапарды көбірек ойлайтын.
Енді Жер қайда, ол заман қайда. Жерді енді кеменің ішіндегі орталық расытханадағы аса қуатты сыдардүрбі арқылы ғана бақылауға болады. Ал оның жай-жапсарын анығырақ көру үшін арнайы радиожүйелер орнатылған.
Оның өзі де аса қанағаттандырмайды. Сондықтан да ғалым-ғарышкерлер бұл жолы бейнефильм көретін бөлмеге жиналып, туып өскен Жерді еске түсіру үшін бейнефильмдер көрді. Бейнефильмдерде Жер жайлы толық бейнемәліметтер бар. Тек Жер ғаламшары ғана емес, әрқайсысының шыретіп дүниеге келген күндерінен бастап, есейіп, ержетіп, ғарышкер болғанға дейінгі өмір кезеңдерін көрсететін тамаша бейнекөріністер де сақталған. Ғалым-ғарышкерлер оларды өз кезегімен мұқият көріп шықты. Балалық балдәурен шақтарын естеріне түсіріп, бір мәз болысты. Бір біріне бала кездегі қылықтарын айтып күлісіп те алған. Көңілдеріде көтерілді. Енді ойлап қараса, сол бір туылған кезеңде бір бір перзентханада осы достар дүниеге келген екен. Ата-аналары сол балалық балдәурен шақтарынан бастап бәрін де бейнефильмге түсіріп алған. Соның арқасында, міне, енді бәрі де көз алдарына қайтып оралғандай да бір ғажайып әсер берді емес пе? Адам баласы қашан сана-сезімі жетіліп, өз өзіне келгенше ата-ананың қарауында болады. Бала санасы қашан есейгенше оянбайды. Сондықтан да балалық шақтан көп нәрсе есте сақталмайды. Ал мына бейнефильм сол санасыз кездегі барлық іс-әрекеттерін көз алдарына бұлжытпай қайта әкелген бір құдірет те болып тұр енді. Саяхатшылардың кең кеңістікте ұшып кетіп бара жатқан алапат жұлдызаралық кеме ішінде өз өзінен мәз болып жатқандары да содан.
Бейнефильмді көріп болғаннан кейін де ғалым-ғарышкерлер бір бірімен ұзақ уақыт бойы әңгімелесіп, бір жасап қалғандай күй кешті. Әңгіме барысында фильмге түсірілмеген кейбір сәттерін де естеріне алып, кезек- кезегімен әңгімені одан әрі қарай жалғастырып мәз болысты. Балалық балдәурен шақтағы қызық өмірге не жетсін. Бала кезде адам ештемені уайым етпейді, алдында ешқандай да көкейкесті мәселе болмайды. Дос болуды білгенмен, дұшпан дегенді сезіне бермейді. Өмір тамылжып тұрады. Адамдардың бәрі бірей парасатты, бәрі де қарапайым сияқтанып тұрады. Сондықтан да балалық шақ өте ыстық. Ғалым-ғарышкерлердің әңгімелері осындай-осындай нәрселерді қамтып, ұзаққа созылды. Қажет деген жерлерін бейнефильмдерден қайталап көріп те отырды.
Одан кейін бейнефильм көретін бөлімнен шығып, оранжерея мен хайуанаттар мен құстар бөлімін аралауға кірісті. Өздері бала кездерінде тау мен тастан, өзен мен көлден, орманнан көрген аң мен құстарды қайтадан бір кезіктіргендей бір күйге де көшті. Олардың көбі тыныш. Хайуанаттар жағы жатыр, құстар үнсіз ғана ағаштардың бұтақ бұтақтарында отыр. Тек кейбірі ғана тынымсыз. Қасқыр, қарсақ, шибөрі дегендер тордың арғы, ішкі жағындағы қаракөлеңкелеу індеріне кіріп алып, тұмсықтарын алдыңғы екі аяқтарының үстіне қойып, екі көздерін жылтырата бері қарай қадап тым-тырыс жатыр. Кейбіреулері ғана шағын ортада біресе олай, біресе былай тынымсыз жүгіреді. Оларда сана жоқ. Қайда ұшып кетіп бара жатқандарымен жұмысы да болмайды. Тамақ пен жатын орын болса жетіп жатыр. Адам баласы сияқты алдарына мақсат-мүдде дегенді қойып көрген емес. Өзін өзі жыртқыштықәрекетімен асырайды. Күндіз осындай салқын апан ішінде тып-тыныш жатып ұйықтап, түн мезгілінде жортуылға шығады. Қазір олардың қай қайсысы да мына ортада қамауда. Еркіндік заманы жайына кеткен. Ойлай білсе, бұлар да бәлкім, Жерді, кең даланы, еркіндікті көз алдарына әкеліп сағынар ма еді. Ұлы жаратушы оларды жаратқанымен адам сияқты сана бермеген. Ғалым-ғарышкерлер осындай ойда жүріп, олардың жай-күйін мұқият бақылап шықты. Бұл тек қызықтау ғана емес, олардың жағдайын да осылай бір барлау еді. Ғарышкерлер үшін де, бұл тіршілік иелері үшін де ендігі Жер де, ел де осы алапат кеменің өзі еді. Мына шексіз жатқан кеңістікте ішінде ауасы, суы мен орманы шағын болса да тауы мен тасы, өсімдіктері мен аң-құстары бар жалғыз кеме осы. Кішігірім болса да Жерге тән табиғат ортасы бар мұнда да. Тек бұл табиғат ортасы Жер сияқты өз Күнінің төңірегінде тынымсыз айнала бермей, жұлдызаралық сапарда өте қатты жылдамдықпен ағып ұшып барады.
Өзінше бір бөлек ғаламшар секілді. Егер осы алтаудың орнында ұлудай ғана адамдар болса, мұның ішін кішігірім Жердей етіп мекен-жайға айналдырар еді. Бір ғана оранжереяның ішін аралап шығудың өзі де оларға көп жұмыс болар еді.
Ғалым-ғарышкерлер осындай бір ой-толғам, аралу мен әсер алудан кейін одан шығып, жайымен басып, әңгімелерін одан әрі қарай жалғастыра жүріп демалыс бөлмелеріне келген. Ұлудай адамды еркіндікке қоя берген. Ол қанша қыбырлап баяу қозғалса да өзіне алапат бір дүние кеңістігіндей болып көрінетін кеме ішіне үйреніп те қалған. Енді оның ешқайда қашып та кете алмайтынына ғарышкерлер әбден кездерін жеткізген. Сондықтан да оны Жіберуге толық негіз де бар еді. Ол енді ешқайда қашып та кете алмақ емес. Ондайниеті жоқ. Ол үшін кемедегі заттардың бәрі де үлкен. Тіпті сәл жуандау деген сымның өзі де оған үлкен бір құбыр сияқтанады Ол да қыбырлай жүріп қалаған бөліміне барады. Ғарышкерлер оған титімдей ғана хабарлағыш құрал жапсырып қойған. Оның қайда екенін сол арқылы оп-оңай тауып ала алады. Солай бола тұрса да Тәкен оны өзімен бірге алып жүргенді қалайды қашан да. Онымен сирек болса да тілдесіп қойғанды ұнатады. Аса кішкентай болған соң солай етуіне де тура келеді. Оның санасы ғарышкерлердің санасынан артық болмаса, кем емес. Ғарышкерлер ол арқылы талай-талай нәрсені анықтап та алған. Осылайша күндер зымырап өтіп жатты Жер тәулігімен есептегенде. Енді міне, бүгінгі демалыс күні де өте шыққан. Уақыт шіркін, жылдам ғой. Жататын уақыт та жақындапты әне-міне дегенше. Төбе тұсы киіз үйдің шаңырағындай етіліп, жартылайдөңгелектеніп келген бөлменің төбе тұсындағы жылжымалы Күн сияқтанған шам да жылжи-жылжи күнбатыс тұсқа қарай төмендеп барып сәлден соң батып, ғайып болып, бөлме ішінде қараңғылық орнай бастаған. Бұл кұбылыс тек Тәкен жататын бөлмеде ғана емес, қалған бөлмелерде де дәл осылай еді. Бұл құбылыс сондай-ақ кемедегі хайуанаттар мен құстар бap бөлімдерде де болады. Сондықтан да хайуанаттар мен құстар да тап Жердегідей құбылысты түсінбесе де инстинкті түрде сезіне, еденге жатып құстар тал бұтақтарына қонақтап тыныштанған. Енді алапат кеменің ішіндегі күрделі жүйелер ғана сол тыныштықты сәл-пәл ғана бұзып тұрғандай Тәкеннің бөлмесіндегі ұлудай адам да өзінің шыны қорабының ішіндегі жатын төсегіне жайғасқан. Ал кеменің жайын бақылауды енді автоматты жүйелер мен биороботтар қадағаламақ.