Жасампаздық қиырында



бет12/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
ҒАЛАМАТ КЕМЕ
Бүгінгі күнге дейін бұл жұлдызды жүйеде тып-тыныш өмір өтіп жатқан еді. Сол тыныштық күтпеген жерден бұзылды. «Өзге жұлдызды жүйеден қандай да бір алапат, үлкен ғаламшардай бір жұлдызаралық бөтен кеме ұшып келіпті. Елден біреулерді алып кетіпті. Олар көп тілде сөйлей алады екен» деген сөздер ел арасына тарай бастады. Бірақ аспандағы қарайған денені өз көздерімен көре жүрсе де, оған бірі сеніп, екінші бірі сене қоймады. Өйткені, елден жұлдызды әлемге талай-талай жұлдызаралық кемелер аттанған. Олардың адам басқаратьшы да, өзінше автоматты түрде басқарылатыны да бар. Ғаламшардың көптеген тұрғындары кейбір ғарыш кемелерімен ғарышқа саяхат жасап та қайтып жүрді. Даму мен сананың жоғары сатысына жеткен ғаламшар тұрғындары бүгінде өздерінің күнделікті күйкі тіріліктерімен қатар жұлдызды әлемді де мұқият зерттей түсуге қатты кіріскен. Әлем үлкенге де, кішіге де бірдей көрінеді. Үлкен көргенді кіп-кішкентай бала да байқайды. Айырмасы екеуінің сана деңгейінде ғана.
Бала көріп тұрған нәрсесіне қызыққанымен оның мән-мағынасын түсінбейді. Ал үлкен адам болса, көріп тұрғанының не нәрсе екенін біледі. Айырмашылық деген осы. Дәл қазір де сондай бір жағдай туғандай. Ғаламшардың ұлудай ғана тұрғындары ғарыш кеңістігін терең шарламаса да ол жайлы көп білетін. Өздеріне тән бақылау құралдарымен жұлдызды әлемге зертгеулер де жүргізген. Бірақ өздерінің ғаламшарынан өзге тіршілікке қолайлы ғаламшарды кездестірген емес. Солай бола тұрса да, дамып-жетілген сайын жұлдызды әлемнен тіршілікке қолайлы ғаламшарды табуға деген ынта-ықыластары арта түскен. Автоматты жұлдызаралық кемелерін жұлдызды жүйелерге қарай бағыттауларының басты себебі де олардан тіршілікке қолайлы ғаламшар мен саналас адамдарды табу, олармен жүздесу, тілдесу мен араласу болатын. Міне, енді күткен мейманның өзі келіпті. Түн мезгілінде жарқыраған жұлдыздай болып көрінсе, күндіз қарайып тұрады бұл меймандардың алапат кемесі. Оны мұқият зерттеудің нәтижесінде ғалымдар ешқандай жұлдыз да, ғаламшар да емес, нағыз жұлдызаралық кеменің өзі екеніне көздерін толық жеткізді. Ғаламшар тұрғындары алғашында, қанша дегенмен де өз көздеріне өздері сенбегендей болып жүрсе де енді шынымен-ақ аландай бастаған. Оның үстіне ғаламат жұлдызаралық кеме күн санап ғаламшарға қарай жақындап та келеді. Бұл тіп-титтей тұрғындарға үлкен бір ғаламшар жақындап келе жатқандай да болып көрінген соңғы кездері. Егер ол қандай да бір жұлдыздың жарылысы болса, онда әлдеқашан көзге басқаша болып түсер еді. Ондай құбылыс қай қай жұлдызаралда да әрбір жүз жылда бір рет болып тұрады. Әрі ондай ғажайып құбылыс өте алыста өтеді. Соған қарамастан кейбір жарылған жұлдыздардың жарығы осы кіші әлемді де ерекше бөлек жарықтандырып жіберетін.
Ал мынаның жөні басқа. Алғашында жарық жұлдыздай болып көрінгенімен, келе-келе ғаламат жұлдызаралық кеме екені айқындалды. Кеме болғанда да пішіні қызық. Дөңгеленіп келген. Ғаламшарга ұқсатуға да негіз бар. Ғалымдар кеме көрінген күннен бастап-ақ қарбалас күйге түскен. Расында да кіп-кішкентай ғаламшарға онан сәл-ақ кіші кеме келіп төніп тұрса, қандай тыныш тіршілік болмақ. Әншейінде аспаннан кіп-кішкентай тас ұшып келіп, ғаламшарларына жақындаса үрейленетін тұрғындар енді жұмыстарын да қойып, күні-түні бақылаумен болды. Ол ғаламат кемеге тек қана бұл ғаламшар ғана емес, күллі ғаламшарлар жүйесін айналып ұшып өту де ештемеге тұрмайды. Ал оның күн санап ғаламшарға қарай жақындай түскені де үрейлі.
Ғаламшардың қай қай аймағында өмір сүріп жатқан тұрғындар да бұл ортақ қауіпке елендескен. Бір бірлерімен бейнебайланысқа көшіп ортақ әрекетке көшкен. Олай етпеске шаралары да қалмаған. Осы оқиғаға дейін бір ғаламшардың тұрғындары болса да, бірін бірі бақылап, күндеп, байлық атаулыға таласып, кейде тіпті бір бірімен жауласып та қалып жататын. Шекараға бөлінетін. Бір бірімен сирек араласатын. Жерге де таласатын. Енді мына аспанда күтпеген жерден пайда болған ғаламат кеме ол бір бірін бөтенсіген сезімдерін жойып, бәрін де туған туыстардай жақындастырып жіберген. Ғаламшардағы ел-елдің басшылары да бір бірімен бейнебайланыс арқылы байланысып, қажет деген жағдайда әуе-ғарыш кемесімен ұшып келіп, бір жерге тоғысып, алдарындағы ғаламат көкейкесті де қатерлі мәселені шешуге кіріскен. Уақыт болса да зымырап өтіп жатыр. Ал ғаламат кемеден хабар жоқ. Алғашында қандай да бір түсініксіз радиотолқындар келген. Бірақ оны таратып түсіну мен жауап берудің реті келмеген. Ол ғаламат кемені салыстырғанда өздерінің ең үлкен, ең қуатты деген хабар таратқыш және хабар қабылдағыш құралдарының өзі де ойншықтай болып та қалған сияқты. Осыдан кейін-ақ ғаламшар тұрғындары өздерінің тек қана Ғаламмен салыстырганда емес, жұлдызды әлемдегі басқа бір жұлдыз жүйесінен келген адамдардан да кіп-кішкентай, дәрменсіз ғана екендіктерін сезіне берген. Алыптың не екенін, олардың қандай болатынын тек аңыз-әңгімелерден ғана білетін олар енді міне, оларды өз көздерімен де көре бастағандай. Ал бұлар сол алыптардың нағыз өкілдері екен.
Ғалымдар арнайы бақылау құралдарымен осы ғаламат кемедегі ғарышкерлердің дене-тұрқы мен бет-бейнелерін де көрген. Егер олар мына қалаға, немесе далаға түсер болса, аяқ табандарымен-ақ ғаламшар бетіндегінің бәрін де езіп тастамақ. Ғаламдағы ғаламшарларда мұндай да алыптар өмір сүреді деп кім ойлапты. Енді ғаламшардағы ең қуатты деген барлық қаруларын жинақтаса да ғаламат кемені жойып жіберу еш мүмкін емес екен. Қажет десе, бұл ғаламат кеме ғаламшардың өзін де алмастыра алар еді. Уақыт жоғалтпай ғаламшардың барлық аймағында тұратын ғалымдар мен осындағы ғалымдар ғаламшардың орта белдеуіндегі үлкен қалаға жиналды. Осы жерден олар ғаламат кемеге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кейіннен ғалымдармен кеңесу үшін ғаламшардағы барлық елдің басшылары да келген. Басшылар ғаламат кеменің нендей мақсатпен мұнда ұшып келгенін, оның ішіндегі ғарышкерлерінің нендей ниетті адамдар екенін білуге асықты. Егер ондағы ғарышкерлер жаман ниетті болса, бүкіл ғаламшардағы адамдарды бір сәтте жоқ ете алады. Тап төбе тұстарында алапат тас құлағалы тұрғандай сезінді ғалымдар да, басшылар да. Ел болса да өте үрейлі. Кенеттен күтпеген қатер төніп кетпеуі үшін ел басшылары мен ғалымдар енді ол ғаламат кемеге қарай елші мінген арнайы ғарыш кемесін аттандыруды да жен деп тапты. Басқа жасар шара да, әрекет те жоқ еді. Сондықтан да бұл шешім бірауыздан қабылданды.
Сөйтіп санаулы күннің ішінде бүкіл ғаламшардың тұрғындары бір бірімен қоян-қолтық араласып-құраласып кетті. Егер осындай ауызбірлік болмаса, ана ғаламатқа ешкім ештеме жасай алмас еді. Енді біріккен соң, ақылдасқан соң ғаламат кемеге бара алатын ғарыш кемесін жасай алатын дәрежеге жетті. Күш-қуаттары молайды. Ал ғаламат кеме болса жүйені әлі де сол қалпында айналып ұшумен жүр.
Алғашында өте алыста болған кезде кіп-кішкентай қарайған бірдеме болып көрінген кеме енді жақындаған сайын ұлғайып, ғаламат бір көрініске айналған. Ғаламшар тұрғындарының шошынатындай да peтi бар еді. Оның ғаламшарға мейлінше жақындағаны өз алдына, ал кездейсоқ соқтығысып қалса не болмақ? Тұрғындар осы жағын да ойлап толқыған. Егер кездейсоқ соқтығысу бола қалса, тұрғындарға ақырзаман орнамақ, ғаламшардың бетін су шаймақ. Мұндағы ғалымдар мен ел басшыларының жедел қарбаласқа түсуінің басты себебі де осыдан-ды.
Ғаламшардағы бірнеше ғарыш айлағынан көптеген ғарыш кемелері ұшып шығып, ғаламат кемеге қарай бет алған. Кеңістіктен келген ол кемемен өздерінің кемелерін салыстырып қарағанда өздерінікі ойыншық кемелердей болып көрінген. Бірақ соған қарамастан кішкентай кемелер адамға шабуыл жасаған бал араларындай кеңістікке қаптап ұшты. Ал ғаламат кеме былқ етер емес. Жер ғарышкерлері ештемеден де қорықпайды. Ғаламшар тұрғындарының ойынша, бұл дүниеде алып адамдардан өткен бақытты адам жоқ. Ал өздерін кіп-кішкентай болғандықтан әлемдегі жартылай адамдай санайды. Тіпті, олар ергежейлі адамдарды да өздерінен үлкен санайды. Ергежейлілердің өздері де қай қайсысын да оп-онай табанының астына баса алады. Ал ғалым-ғарышкерлердің ойынша, ұлудай адамдардың тағдырлары Жер ғаламшарындағы тап ұлулардың тағдырындай болмақ. Оларды аяқпен де, сұқ саусақтың ұшымен де езе салуға әбден болады. Бірақ бұл ұлудай адамдарда сана деген құдіретті күш бар. Сол сана адам баласының бір бірін қырып-жоюына жол бермейді. Бірақ ғаламшар тұрғындарына кеңістіктен келген ғарышкерлердің қандай ниетте екендері әзірге беймәлім еді.
Топ-топ кемелер ғаламат кеменің жан-жағынан қоршап алды. Үлкен кеменің үлкен иллюминаторы, алапат қанаты, ұзындығы және басқадай ерекшеліктері ұлудай адамдарға алғашында үрей туғызған. Ғаламшар тұрғындарының ешқайсысы да осы кезге дейін мына жұлдызды әлемде өздерінен соншама есе үлкен, алып адамдар болады деп ешқашан да ойламаған. Тіршілік иелері болса, тек өздеріндей, немесе мүлдем жоқ деп есептейтін. Өйткені өздері жұлдызды әлемге қарай талай рет таратқан радиодабылдарына бір де бір рет жауап ала алмаған. Төңірегінде тоғыз ғаламшары бар жұлдыз жүйесіне қарай ұшырып жіберген жұлдызаралық кемелері ішіндегі ғарышкерлерімен бірге ізім-ғайым жоғалған. Енді сол жақтан көптен бері күткен меймандары да келіп жетіпті. Тек енді олармен жүздесу де, тілдесу де қиынға соғып тұр. Өздері оларды, олар өздерін толық тұлғасымен көре де алмайды.
Ғаламат кемені қоршай ұшқан бірнеше кішкентай кемелер талай айналым жасап, суретке, қозғалысты суретке түсіріп шықты. Бірақ ғаламат кемедегілерден ешбір жауап болмады. Кеме ішінде ешбір жан баласы жоқтай болып көрінеген. Тек оның саналы адамның басқаруынсыз ұшып келмегені анық байқалады. Ұлудай адамдар ғаламат кемедегілерді өздерінен жасырынып қалады деп ешқашан да ойлмайды. Кеме ішіндегілердің де әлденеден сескеніп, өзара ақылдасып, кідіріп жатқандары да айқын еді. Өйткені, ұлудай адамдардың кіп-кішкентай кемелері ғаламат кемелердің қабырғасына ара-тұра тиіп өтіп те жатқан-ды. Бірақ ғаламат кемеге ешқандай да зақым келіп жатқан жоқ. Ол бұл ғаламшардан сәл ғана кіші. Сондықтан да ұлудай ғарышкерлер өз кемелерімен ғаламат кемеге тек соқтығысып қана коймай, оның үстіңгі жағына қонып, шамалы дамылдап та алады. Ал кейбір батылы кемесінен түсіп, ғаламат кеменің қабырғасын ұстап та көреді. Өмірлерінде алғаш рет көрген ғаламат кеме болғандықтан ғаламшарларындағы тұрғындарға бұл жайлы бейнемәліметтерді жиі береді.
Ғаламшар тұрғындары болса, бұл берілген бейнемәліметтерді өздерінің күрделі бейнебайланыс жүйелері арқылы мұқият бақылайды. Қазіргі сәтте, болса да, ғаламшар тұрғындары қатты толқулы. Толқулы болғаны ғаламат ғаламшардың уақыт санап ғаламшарға жақындай түскендей болғаны еді. Оның қай күні, қай сағатта ғаламшарға жанасары да белгісіз. Жанасқан күнде де жерге де, елге де қаншама қатер төнбек. Ұлудай адамдардың ғарышкерлері де, ғаламшардағы тұрғындары да қатты әбіржіді. Күнделікті жасап жатқан тірліктері де жайына қалған. Жұлдызды әлемнен саналы тіршілік иелерін табуға деген ынта-ықыластары да енді су сепкендей басылған. Қалайша басылмасын, сол саналы дегендері ғаламшар бетіне төніп тұрып алса. Не оларға жасар шаралары жоқ. Ғаламат кеме осылай төніп тұра берсе, елде не береке, не еңбек болмақ. Мұндай алапат нәрсенің осылай төніп тұрып алғанының өзі де кез келген адамға бір соққы. Осы кезге дейін ғаламшардың тұрғындары осы төңіректегі майдалай деген ғаламшарларда тұратын кейбір елдерге күш көрсетіп те келген. Өйткені, бұл жұлдыз жүйесінде өздерінен жоғары дамып-жетілген тұрғындары бар ғаламшар жоқ. Ал өздері болса, қандай да бір елдің байлығын тонап алуға құмар-тын. Көнгені көнді, көнбегендерін қуатты қаруларымен сес- кендіретін, бағындыратын. Бірақ өздері бұл дүние әлемінде өздерінен де күшті, көп есе алып адамдар бар деп ешқашанда ойламапты. Ғаламдағы жұлдыздар мен жұлдызаралдар қандай түрлі-түрлі көлемді болып келсе, адам баласы да өмір сүрген ғаламшары мен ортасына сай түрлі тұрықты болып келеді екен. Енді салыстып қараса, кеңістіктен келген- дер өздерінің мұхиттарындағы ең алып деген жыртқыш балықпен де тең екен. Сондықтан да олармен тіл табысу түгілі, жақындаудың өзі де аса қиын.
Ұлудай ғарышкерлер уақыт өткен сайын шабуылдарын күшейте түсті. Олардың бірі ғаламат кеменің алдыңғы жағындағы үлкен иллюминаторға жақын ұшып барды. Сол кезде барып оның ішінде кандай да бір ғажайып ғаламшардың кішкентай үлгісінің бар екенін білді. Ғаламшардан ұшып шыққан үлкен ғарышкерлер тобын басқарып келе жатқан ұлудай адам өзінше тәкаппарлау еді. Бұл дүниеде кім кім де өзін үлкен сануға асық.
Fаламшар тұрғындарының атынан ұшып барған ғарышкерлер де өздерін одан үлкен санаған. Әлі жететіндері де көп. Сондықтан да топ басшысы ештемеден сасқан жоқ. Қалған кемедегілер оның соңынан ерген. Бұлардың бір ерекшелігі - ғаламат кемедегіден өте жылдам ұшады. Оны қазақ ғарышкерлері тіпі, байқап үлгермей де қалады кейде. Ал бұлар болса шыбындай жылдам ұшып, кемені неше рет айналып ұшқан, иллюминатордың жан-жағын барлаған.
Сол иллюминатор арқылы олар алып адамды да көрді. Олардың ғаламат бейнекөрсеткіштерін, тағы басқадай күрделі жүйелерін таныды. Кемедегі ең кішкентай деген детальдің өзі де ұлудай адамдардан үлкен еді. Соның өзі-ақ екі жақтың көлем жағынан бір бірінен неше есеге үлкен екендіктерін айқын білдіретін. Бірақ ұлудай адамдар үлкен-кіші деген ұғыммен санасқан жоқ. Бар мақсаттары, кемедегі адамдармен жақын жүздесіп, шама келсе, тілдесіп, олардың қайдан қандай мақсатпен мұнда ұшып келгендерін білу ғана. Қолдарынан келсе, оларды көп ұзатпай кейін қайтару. Өйткені мұндай ғаламат күш өздеріне тән емес. Осы жұлдыз жүйесінің өзге ғаламшарларының тұрғындары кеңістіктен келген альш ғарышкерлермен тіл табысып кетсе, өздеріне үлкен қауіп төнбек, , билік пен берекеден айрылмақ. Ел басшылары ә дегеннен-ақ осы жағын баса ойланған-ды.
Топ кеме ғаламат кемені тынымсыз айналып ұша берді, ұша берді. Біраз нәрсені сырттай зерттеп білді. Ендігі мақсаттары ғаламат кеменің ішіне еніп, ондағылармен жүздесіп, тілдесу. Сол ғана жүзеге аспай тұр әзірге. Бөтен кеменің ғарышкерлері кеме есігін ашатын емес. Топ кеме жанармайдан тапшылыққа ұшырайтын болған соң ғаламшардан берілген бұйрық бойынша ғаламат кемені тағы бірнеше рет айналып ұшты да, ғаламшарға қарай бет қойды. Ондағы ғарыш айлағьшың кең де тегіс алаңына бір-бірлеп қона берді, қона берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет