Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және т.б.
Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген үлкен және өте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды оңайлату және адамның жұмыс көлемін азайту үшін пайдаланушымен мағыналы сұхбат жүргізу.
Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және өзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар. Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышөлшеуіштер, тензометрлер, газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - өнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге арналған. Нақты әлемде (мысалы, батып кеткен кемені зерттейтін) жұмыс істейтін роботтарға өте қиын: «қайда мен?», «алдымда не тұр?», «өтуге бола ма?» деген сұрақтарға жауап табу керек. Интеллектуалды роботтар өзінің датчиктер көрсеткіштерін және адам бұйрықтарын шын уақыт көлемінде өңдеу керек. Ұқсас проблемалар іздестіру роботтар да пайда болады, бұл ерекше бағдарламалар Ғаламторда құжаттарды индексациялауға арналған.