i
Қашан көмек іздеу керек?
1. Бала сіздің дауысыңызға
және басқа дыбыстарға мән
бермейді;
2. Бала ояу кезінде күлімсіремейді және ешбір дыбыс шығар-
майды;
3.
Жағымсыз сезімдер туса, айғайламайды.
Б
алалар бірдей емес, әрі
барлығы сөйлеуді және айна-
ласындағылардың сөйлегеніне назар аударуды әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі қарқынмен үйренеді. Әр бала
бірегей! Есіңізде болсын, бала дамуы
кезең-кезеңмен
және белгілі бір тәртіппен жүзеге асады. Егер қандай
да
бір даму кезеңі қалыс қалса, ол келесісіне әсерін
тигізеді. Бақытымызға орай, балаға
жіберіп алғанының
«есесін қайтаруға» мүмкіндік беретін жағдайлар әрдайым
болады, бірақ ол үшін хабары
бар және сенім ұялататын
ортасы болуы қажет.
Кішкентай балалар (0 айдан 24 айға дейін) сөйлеуді
дауыстар
мен дыбыстарды естіп, үйренеді. Қысқа уақыт-
тан кейін олар өздері де сізге не
сезетінін немесе нені
қалайтынын білдіру үшін дыбыстар шығара бастайды.
Даму қарқыны әртүрлі болады. Кейбірі бір әрекетті өте
ерте
жаста жасаса, екіншісіне оны жасау үшін көп уақыт
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: