Лабильді (VIII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары балаларда (лабильді, қозғалмалы, икемделгіш) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрініс береді. Бұл балалардың көңіл-күйі айнымалы, жеңіл өзгереді — қуанышты күйден көңілсіздікке тез алмасады. Қамығу реакциясы былай сипатталады: беті қызарады, бас ауыруы пайда болады, тамыры жиі соғып, дене қызуы көтеріледі, кейде қалшылдап дірілдеп есінен танып қалады, тітіркенеді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады. Олар мектепте өз бетінше ән салумен, өлендер оқумен, би билеумен қуана-қуана шұғылданады. Олардың мінез-құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым, кез-келген әлеуметтік рөльдерді тез меңгереді. Мұндай типтегі жеке тұлғалар атақ-даңққа құмар болғандықтан олардан жақсы артистер, әсіресе спорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі. Олар тәртіпті және ер жүрек, батыр болып өседі. Сонымен қатар поэзияға жақын, аяныш жанды болып келетіндері, нақты ғылымдар бойынша білімді жақсы меңгеруге икемдері жиі кездеседі. Ал дау-дамайда қатыгездік элементтері пайда болады.
Мінез- құлықтың тұрақтылығы түрлерін анықтау кестесі.
№
|
Балалар аты
|
Мінез- құлық түрі
|
1.
|
А
|
1-ші түрі анық көрініс берді
|
2.
|
А
|
2-ші түрі анық көрініс берді
|
3.
|
А
|
2-ші түрі анық көрініс берді
|
4.
|
А
|
1-ші түрі анық көрініс берді
|
5.
|
Б
|
2-шы түрі анық көрініс берді
|
6.
|
Г
|
1-ші түрі анық көрініс берді
|
7.
|
Г
|
1-ші түрі анық көрініс берді
|
8.
|
Д
|
3-ші түрі анық көрініс берді
|
9.
|
Д
|
6-ші түрі анық көрініс берді
|
10
|
Ж
|
1-ші түрі анық көрініс берді
|
11
|
Ж
|
4-ші түрі анық көрініс берді
|
12
|
Ж
|
8-ші түрі анық көрініс берді
|
13
|
Л
|
3-ші түрі анық көрініс берді
|
14
|
Л
|
4-ші түрі анық көрініс берді
|
15
|
Н
|
6-ші түрі анық көрініс берді
|
16
|
Н
|
5-ші түрі анық көрініс берді
|
17
|
М
|
8-ші түрі анық көрініс берді
|
18
|
Р
|
7-шы түрі анық көрініс берді
|
19
|
Т
|
3-ші түрі анық көрініс берді
|
20
|
Т
|
6-ші түрі анық көрініс берді
|
21
|
Ф
|
7-ші түрі анық көрініс берді
|
22
|
Х
|
3-ші түрі анық көрініс берді
|
2 — жүргізілген зерттеу нәтижесі
Мектеп оқушыларының ішіндегі жасөспірім жас кезеңіндегілердің мінез- құлқының тұрақсыздығын ерттеу олардың жалпы жағдайын анықтап, қиындық көріп жүрген баларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жүргізілді. Сондықтан зерттеудің келесі кезеңінде жасөспірімдердің жас ерекшелігін ескере отырып жүргізілген психодиагностикалық жұмыстар нәтижесіне сүйене отырып балалардың ерекше мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі — оқушылардың өздері өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасының қалыптаспағандығы және қарым-қатынас мәдениетінің төмендегі, алаңдаушылықтың басымдығы, өзіне деген сенімнің төмендігімен байланысты деген қорытынды жасай отырып, психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған тренингтер, ойындар жүргізілді.
Жүргізілген жұмыстар барысында келесі мәселелер шешіледі.
қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді.
Өзіне деген сенімі нығайады.
Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады.
Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Жүргізілген жұмыстардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.
Бірінші талап — тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қаныт, май, шәй» тәрізді нәрселер). Тотағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.
Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:
а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;
б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;
в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.
Үшінші талап — шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтармен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
Төртінші талап — өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. Қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті — адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:
қатысушының интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.
Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.
Бесінші талап — әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.
Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)
Жетінші талап — әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.
Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында, біріншіден, топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте мінез- құлықты тұрақтандыру мәселелер шешіледі.
«Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы» деп атадық.
Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға болатындығына сенімін күшейеді.
Бұл топ жұмысына сынып оқушылары түгел қатынасып келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
А) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.
Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).
Б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).
Бұл тәсілдің негізгі мақсаты– қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кіналы екенін түсіндіріп, қай жерде, қандай қателік жібергенін, оның мән мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.
В) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру.
Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі, жанашырлығы қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауын, барлық адамдарды өз туысқанындай қабылдауын қалыптасуы керек.
Г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.
Түсінген мәселердің ішінде отбасында қалыптасқан, еркеліктің қалдығы деп есептеуге болатын мінез-құлықтың жағымсыз стереотиптері екенін оқушылармен бірге анықтап алдық.
Тренингтер, ойын әдістері көмегімен жасөспірімде орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.
Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.
Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.
Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.
Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.
Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.
Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.
Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |