Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу



бет9/21
Дата21.12.2021
өлшемі93,54 Kb.
#104472
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
психоэмоционалдык

Агрессивті (III).Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала өзіне-өзі сенімі жоғары, өз ойын ашық айтуға ұмтылады, белсенді және өз бетімен қозғала алады. Баллдары өте жоғары болса баланың орынсыз белсенділігін, агрессивті кылықтары мен дромомания элементтері орын алатын, өзіне бағыныштылар алдында (импульсивті) қызба мінез-құлықты, тапсырмаларды орындауда ұқыпсыздықпен, олардан бас тарту үшін бұзақылық әрекеттерге дейін баратын көріністермен сипатталады. Бұл типтегі балалар әсіресе толық емес отбасыларда жиірек кездеседі. Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын, мейірімділігін, қамқорлығын, ізгілігін бастан кешірмеген. Олар ерте балалық шақтан шыққан, кішкентайынан өздерін қоршаған ортаға қарсы қойып және күресіп өмір сүруге үйренген. Бұл балалар педагогтарды ең үлкен қиындықтарға апарады.

Оларға тәлім-тәрбие жұмыстары барысында мінез-құлқына байланысты қатаң жазалау әдістері пайдаланса (мектептен шығару, арнайы сыныптарға немесе арнайы мектептерге жіберу, т.б.) бала өшігіп, тұлғалық деформация орын алады, яғни ашу-ыза орын алады да, ол шамадан тыс эмоционадцы зорлану жағдайында болады. Барлық үлкендерге көңілі қалып, болашақта оларға қарсы агрессияның түрлерін көрсету кегі қалыптасады.ы



Ригидті (IV). Бұл шкала жоғары көрсеткіште болған балада табандылық (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қайсарлық (егер өз көзқарасын дәлелдесе) көрініс береді. Олар үшін жеке басының статусы ерекше маңызды мәселе болып табылады — басымдылық, билік позициясы және материалдық жетістікке жету жетекші мотивтер болып саналады. Сондықтан өзгелердің әдеттен тыс билікке ие болғанын және байлығын қызғанады, өздерін ерекше агрессивтілігімен қорғайды. Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай ұғады, бірақ оны есінде жақсы ұстайды, жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Оларға қиял және интуиция жетіспейді, ойлауы шектеулі болғандықтан мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет. Олар шыдамдылық пен қайсарлық арқасында үлкен табыстарға жетуі мүмкін, ал қажырлық көрсетіп, соңына дейін күрессе ол өз мінезінің кемістіктерін де жеңуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет