Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу



бет8/21
Дата21.12.2021
өлшемі93,54 Kb.
#104472
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
психоэмоционалдык

Экстраверсиялы (I)Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған адам көпшіл, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйір, ашық-жарқын, мақсатқа бағытталған әрекеті жүйесіз, басқалардың айтқанына көп алаңдайды, сөзшең, мылжың. Достарының саны шектен тыс көп және таныс балалармен байланыстары үстіртін, маңызсыз болып қалады (танысы көп — нағыз достары жоқтың қасы). Мұндай балалар оқу материалын оқулықтардан меңгергеннен гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді. Олар тентек, күлегеш, сөзшең болып келеді. Дегенмен олар шыншыл, ақкөңіл, көп жерде тапқырлық танытады. қиын жағдайдан шығу үшін өтірік айта алады, қоршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтаншақтық білдіреді.

Споптанды (II).Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіш иелері қалай болғанда да еркіндікке, бастамшылдыққа, басшылыққа, ешкімге бағынбауға, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады. Кез-келген еркіндікті қысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды. Бұлар тіл алмайтын балалар, ашушаң, көпшілік мақұлдаған мінез-құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар. Олар тиым салғандарға бағынғысы келмейді. Осы себептен ішімдікке, наркотикке, шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады. Бұл типтегі балалар отбасында немесе мектепте болған конфликт жағдайлары себебінен мектеп ережесін бұзуға, сабаққа себепсіз кешігуге, үйінен қашып кетуге, көше кезіп кетуге әуес болады. Олар бірқалыпты оқымайды, негізінде бай интуициясына сүйенеді, сыбырлап айтқанды да есебін тауып пайдалана алады, ягни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп беруге шамасы келеді. Мектепте мұндай балалар табысты болып келеді, өздерінің болашақ өмірлерінде тапқыр, талапты және батылдық танытып, тіпті болмаған жетістіктерге жетеді, ашылмаған жаңалықтарды аша алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет