Адамның сома жасушасындағы (2п) ДНҚ-ның жалпы мөлшері 6,4.109 н.ж. тең, яғни гаплоидтық хромосома жиынтығында (n)-3,2.109 н.ж. ДНҚ молекуласының 99,5 % хромосомаларда кездеседі және бұл ядро ДНҚ-сы болып табылады. Ядродан тыс ДНҚ молекуласы –митохондрияларда (0,5%); цитоплазмада –сақиналы ДНҚ күйінде кездеседі.
XX-ғасырдың 60-жылдары Р.Бриттен және Э.Дэвидсон эукариоттар геномының молекулалық құрылысының ерекшеліктерін, яғни геномның әртүрлі учаскелерінің түрліше рет қайталанатынын ашты. ДНҚ молекуласының қайталанбайтын, орташа қайталанатын, өте жиі қайталанатын учаскелері белгілі.
Орташа қайталанатын учаскелер ДНҚ молекуласының бойында 100 реттен 100 000 ретке дейін қайталанатын учаскелер. Бұл жерлерде структуралық гендер болмайды, тек РНҚ, гистондық ақуыздар т.б. гендері, реттеуші гендер кездеседі. Оның үлесіне ДНҚ-ның 16-20% кіреді.
Өте жиі қайталанатынучаскелер, ДНҚ молекуласында 100 000 –нан миллиондаған рет қайталанып отыратын қысқа нуклеотидтер тізбегі. Бұл тізбектерде ешқандай гендер болмайды. Онда спейсерлер сияқты мағынасыз учаскелер кездеседі. Ол ДНҚ-ның 5-8% көлемін құрайды.