Жасушаның генетикалық аппараты



бет18/29
Дата27.02.2022
өлшемі1,68 Mb.
#133587
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
№4,2 Жасушаның ген. аппар
5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат, Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)

Адам геномына сипаттама

  • Адамның сома жасушасындағы (2п) ДНҚ-ның жалпы мөлшері 6,4.109 н.ж. тең, яғни гаплоидтық хромосома жиынтығында (n)-3,2.109 н.ж. ДНҚ молекуласының 99,5 % хромосомаларда кездеседі және бұл ядро ДНҚ-сы болып табылады. Ядродан тыс ДНҚ молекуласы –митохондрияларда (0,5%); цитоплазмада –сақиналы ДНҚ күйінде кездеседі.
  • XX-ғасырдың 60-жылдары Р.Бриттен және Э.Дэвидсон эукариоттар геномының молекулалық құрылысының ерекшеліктерін, яғни геномның әртүрлі учаскелерінің түрліше рет қайталанатынын ашты. ДНҚ молекуласының қайталанбайтын, орташа қайталанатын, өте жиі қайталанатын учаскелері белгілі.
  • Қайталанбайтын учаске ДНҚ молекуласының бойында бір дана күйінде кездеседі және бұл жерлерде барлық структуралық гендер орналасқан. Оның үлесіне ДНҚ молекуласының 75% көлемі тиісілі.
  • Орташа қайталанатын учаскелер ДНҚ молекуласының бойында 100 реттен 100 000 ретке дейін қайталанатын учаскелер. Бұл жерлерде структуралық гендер болмайды, тек РНҚ, гистондық ақуыздар т.б. гендері, реттеуші гендер кездеседі. Оның үлесіне ДНҚ-ның 16-20% кіреді.
  • Өте жиі қайталанатын учаскелер, ДНҚ молекуласында 100 000 –нан миллиондаған рет қайталанып отыратын қысқа нуклеотидтер тізбегі. Бұл тізбектерде ешқандай гендер болмайды. Онда спейсерлер сияқты мағынасыз учаскелер кездеседі. Ол ДНҚ-ның 5-8% көлемін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет