Адам хромосомаларын мөлшеріне және центромерасының орналасуына қарай- метацентрикалық, субметацентрикалық және акроцентрикалық деп бөледі.
Адам хромосомаларын мөлшеріне және центромерасының орналасуына қарай- метацентрикалық, субметацентрикалық және акроцентрикалық деп бөледі.
Метацентрикалық (тең иінді) хромосомалардың иіндерінің ұзындығы тең болады, центромера хромосоманың дәл ортасына орналасқан. Субметацентрикалық(әртүрлі иінді) хромосомалардың бір иіні ұзын (q), ал екіншісі қысқа (р) болып, центромерасы бір иініне қарай ығысып орналасқан. Акроцентрикалық хромосомалардың бір иіні (q) жақсы дамыған, ал екіншісі (р) қысқа, нашар дамыған, центромерасы бір иінінің ұшына жақын орналасқан.
Адам кариотипінің жіктелуінің 2 түрі белгілі: Денвер классификациясы (1960) және Париж классификациясы (1971).
Денвер классификациясы бойынша хромосомаларды үлкенінен кішкентайына қарай тізіп орналастырып, олардың идиограммасын құрастырады, содан кейін оларды нөмірлейді және хромосома морфологиясына қарай топтарға бөледі. Бұл кезде негізгі көрсеткіш ретінде центромералық индекс (ЦИ) қолданылады. Центромералық индекс дегеніміз – хромосоманың қысқа иінінің (р) ұзындығының бүкіл хромосома ұзындығына ара қатынасы P/L (%), L-хромосома ұзындығы.