Х-хромосома –С тобына (орташа субметацентрикалық хромосома), ал У-хромосома G-тобына (ең ұсақ акроцентрикалық) жатады.
Х-хромосома –С тобына (орташа субметацентрикалық хромосома), ал У-хромосома G-тобына (ең ұсақ акроцентрикалық) жатады.
Денвер классификациясының ең негізгі кемшілігі- бір топқа жататын хромосомаларды гомологтық жұптарға жұптастырудың қиын болуы, тіпті мүмкін болмауы.
Париж классификациясы(1971) хромосомалардың таңдамалы боялуына негізделінеді. Ол үшін хромосомалары түрліше бояулармен (G,R,S) бояйды. Осы кезде хромосомалар таңдамалы боялады, әрбір хромосомада ашық-боялмаған учаскелер, қою-боялған учаскелер кезектесіп орналасады, олардың ұзындығы, боялу қарқындылығы түрліше болып келеді. Осының негізінде 1971 жылы адам хромосомаларының сызықты дифференцияциялану картасы құрастырылды. Хромосоманың қысқа иіні –Р, ұзын иіні-q таңбаларымен бейнеленіп, әрбір иінде аймақтар, сегменттер ажыратылады, оларды араб сандарымен нөмірлейді, мыс. 2р22- 2 хромосомасының қысқа иініндегі 2 аймақтың 2 сегменті деген мағнаны білдіреді.
Хромосомаларының таңдамалы (дифференциалды) боялуы гендердің нақтылы орындарын (локустарды) анықтауға және хромосома қартасын құрастыруға мүмкіндік береді.
Адам геномы туралы мәліметтерге секвенспен бірге хромосомалардың генетикалық және физикалық қарталары-да кіреді.