Митоздық хромосоманың қысқа иінін «Р», ұзын иінін- «q» әріпімен бейнелейді. Центромера –жасуша бөлінуі (митоз, мейоз) кезінде хромосоманың қозғалуын қамтамасыз етеді. Егер центромера болмаса хромосомалар қозғала алмай жойылады.

Әрбір хромосома ұзына бойына екі тепе-тең бөліктен тұрады, оларды хроматидалар деп атайды. Митоздың анафаза сатысында хромосомалар 2 хроматидаға ажырап олардың әр қайсысы бөлінуші жасушаның қарама –қарсы полюстеріне қарай тартылады. Әрбір хроматида да 2 ширатпа (жіпше) болады, оларды-хромонемалар деп атайды, олар ДНҚ молекуласының жіпшелері болып табылады.
Хромосома иіндерінің ұштарын теломералар деп атайды, олардың қызметі хромосомалардың тұрақтылығын сақтау, хромосомаларды ядро ламинасына бекіндіру, хромосомаларды жабысып қалудан сақтау т.б. болып табылады. Жасушаның әрбір бөлінуінен кейін хромосома теломералары азды-көпті қысқарып отырады, ал оның ұзындығы минимальды деңгейге жеткенде жасуша бөлінуін тоқтатады және бұл ағзаның қартаюына алып келеді.
Үнемі бөлінуші жасушаларда (ұрық жасушаларында, ствол (діңгек) жасушаларында) теломералар ұзындығын қалпына келтіріп отыратын ерекше фермент-теломераза ферменті болады.