Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы, Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.
Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, Ұлпан Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.
Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.
Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
Анықтауыш болатын сөз таптары
|
Мысалдар
|
Сын есімдер
|
Қарақат – тәтті де сұлу жеміс. Тоғайда кәрі үйеңкі, торы тобылғы өседі.
|
Зат есімдер
|
Тоғайдың күміс қабықты қайыңы мен мыс қабықты мойылы ерекше көз тартады.
|
Сан есімдер
|
Қазақстан жерінде тарихта қалған жеті керемет бар.
|
Есімдіктер
|
Бұл кітап адамды ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді.
|
Есімшелер
|
Алабұртқан көңілі әлденеге елеңдей берді.
|
Ілік септікте тұрған есім сөздер
|
Мойылдың дәмі таңдайыңнан кетпейді.
|
Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?
Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.
Пысықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара пысықтауыш;
2) күрделі пысықтауыш; 3) үйірлі пысықтауыш.
Достарыңызбен бөлісу: |