Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі



бет22/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері

Пысықтауыштың құрамына қарай түрлерінің кестесі

Пысықтауыштың түрлері

Мысалдар

Дара пысықтауыш

Алыстан бірнеше салт атты көрінді.

Күрделі пысықтауыш

Тілек досына көмектесу үшін ерте келді.

Үйірлі пысықтауыш

Ит жоқта қораға шошқа үреді.

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: 1) мезгіл пысықтауыш; 2) мекен пысықтауыш; 3) мақсат пысықтауыш; 4) амал пысықтауыш; 5) себеп пысықтауыш; 6) мөлшер пысықтауыш.
Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:

Пысықтауыштың мағыналық түрлері

Сұрақтары

Мысалдар

Мезгіл пысықтауыш

Қашан? Қай кезде?
Қай уақытта?

Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.

Мекен пысықтауыш

Қайда?
Қай жерде? Қай
жақта? Қайдан?

Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді.

Мақсат пысықтауыш

Кім үшін?
Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?

Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.

Амал пысықтауыш

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.

Себеп пысықтауыш

Неліктен?
Не себепті?

Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.

Мөлшер пысықтауыш

Қанша? Қалай?

Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.


КОНСПЕКТ
Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліпсоңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы,
– Іссапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы,
– Бұл ойды кім айтты?
– Тілек айтты.
– Тілек?
– Иә, Тілек.
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б. 2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:
1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады; 2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ










ХАБАРЛЫ
СӨЙЛЕМ

СҰРАУЛЫ
СӨЙЛЕМ

ЛЕПТІ
СӨЙЛЕМ

БҰЙРЫҚТЫ
СӨЙЛЕМ

Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.

«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?

Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!

Атаның баласы болма, адамның баласы бол.



КОНСПЕКТ
Тіл білімінің грамматика саласының бірі – синтаксис (грекше «syntaxis»). Синтаксис сөз тіркесі, сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөйлем мүшелерін қарастырады. Яғни синтаксис – сөз тіркесін, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зерттейтін ілім.
Толық мағыналы кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;
сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады. Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Жиырма оқушы
Тосыннан келген хабар
Кеше хабарласты
Саны он үш
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1) жай сөз тіркесі; 2) күрделі сөз тіркесі.

Синтаксистік жай тіркес

Синтаксистік күрделі тіркес

Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.

Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.
Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.
Тұрақты сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет