Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Мысалы, Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды. Бұл – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлем мен екінші сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, екеуі тең дәрежеде байланысып тұр. Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті. Бұл – сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлем. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екіншісіне бағына байланысып тұр. Бірінші жай сөйлемді екіншісінен бөліп, өз алдына жеке айтуға келмейді.
Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлемдер: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.