Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Мақсат бағыныңқы сабақтас



бет14/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Әдебиет теориясынан сұрақтар, ҚМЖ7-сынып Әдебиет, Жаксылыкова ГЖ5
6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың мақсатын білдіретін құрмаластың түрі мақсат бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы, Жалпақ ел жауабын өз аузынан айтпақ болып (не етпек болып?), ұлыққа таң атпай келіп еді.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарларына не үшін, не мақсатпен, не деп, неге? сұрақтары қойылады.
Мақсат бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары төмендегідей жолмен жасалады:
1. -мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек мақсатты келер шақ етістікке болып көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Ергештің жаман әдетін қойғызбақ болып (не мақсатпен?), балар әртүрлі амал істеген-ді.
2. Тұйық етістік пен үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Аянның ертегісін тыңдау үшін (не үшін?), ауыл балалары күнде кешкісін Бапай шалдың үйінің іргесіне жиналамыз.
3. Болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне үшін септеулік шылауының тіркесуі арқылы жасалады. Серіктері танып қалмас үшін (не үшін?), бет-аузын орамалмен таңып алыпты.
4. Қалау және бұйрық райдың ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, (не деп?) атының аяғына киіз орап тастады.
Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет