Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар
1
|
Мақсатты келер шақ етістік
|
-мақ/мек, -бақ/бек, -пақ/пек және болып
|
Не мақсатпен?
|
2
|
Тұйық етістік
|
-у және үшін
|
Не үшін?
|
3
|
Болжалды келер шақ есімше
|
-ма/ме, -ба/бе, -па/пе+
-с және үшін
|
Не үшін? Неге??
|
4
|
Қалау және бұйрық рай
|
-айын/ейін, -сын/сін және деп
|
|
Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кем дегенде үш жай сөйлем болады. Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады: 1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы; 2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әртүрлі болады. Мысалы, Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Күшік бауырын көтеріп, өздігінен тырбанып жүруге айналған соң, ас ішетін арнайы асқұйғыш дайындалды, жетектеп жүру үшін мойнына жіп тағылды. Құрылысы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді, жұпар иісті жасыл желегін жастанып, жаныңды жайландыра жатқың келеді. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
КОНСПЕКТ
Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |