Жақты және жақсыз сөйлем; жалаң және жайылма сөйлем; толымды


Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас



бет13/25
Дата04.04.2023
өлшемі80,62 Kb.
#173719
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері

5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғанын білдіретін құрмаластың түрі қимыл-сын бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мысалы, Күн батар алдында балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет шығып, биік жар басынан теңіз жаққа көз салды.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарына қалай, қайтіп? деген сұрақтар қойылады.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштарының жасалуы төмендегідей:
1. -ып/іп, -п және -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы, Домбыра шертіп отырған әнші әуелете шырқап (қайтіп?), ән салып қоя берді. Жұпар мен Қалампыр бастарын изей (қалай?), әлдене жайлы қызу әңгімелесіп отыр.
2. -ған/ген, -қан/кен өткен шақ есімшеге -дай/дей жұрнағы мен болып, күйі, қалпында сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Ақ ұлпа бұлттың үстінде қалықтап бара жатқандай болып (қайтіп?), ерекше бір күйді басынан кешірді.
3. Болжалды келер шақ есімшеге -тан/тен жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, Ол жөн-жосығын айтпастан (қалай?), атына міне сап шаба жөнелді.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдары мен сұрақтарының кестесі

р/с

Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы

Баяндауышының тұлғалық белгісі

Бағыныңқы сыңарына қойылатын сұрақтар

1

Көсемше

-ып/іп, -п

Қалай? Қайтіп?

2

Есімше

-дай/дей болып, күйі, қалпында

Қалай?

3

Есімше

-ма/ме, ба/бе, па/пе+
-с+-тан/тен

Қалай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет