Мысалы: Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, өйткені ол ауыл жігіті болғанымен қазақша сауатты еді. (С.Мұқанов).
Талдау: Мұнда екі жай сөйлем бар. Біріншісі- бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді. Екіншісі- Өйткені ол ауыл жігіті болғанымен сауатты еді. Себеп-салдар салалас сөйлем, себебі сөйлемнің бірінші компоненті салдар мағынасында, екінші компоненті себеп мағынасын білдіреді. Жалғаулық шылауы- өйткені, себеп мәнді жалғаулық шылау.
Бірінші жай сөйлем мынадай мүшелерден құралған: сөз- бастауыш, зат есімнен жасалған дара бастауыш, не деген сұраққа жауап береді; тиді- баяндауыш, етістіктен жасалған дара баяндауыш, сұрағы-не істеді; бұл- есімдіктен болған анықтауыш; Кенжетайға- барыс септігінде тұрған жанама толықтауыш; ауырлау- сын есімнен болған сын-қимыл пысықтауыш.
Екінші жай сөйлем мынандай мүшелерден құралған: ол- есімдіктен болған дара бастауыш; сауатты еді- сын есім мен көмекші етістіктен болған күрделі баяндауыш; ауыл жігіті- анықтауыш; болғанымен- жанама толықтауыш; қазақша- сын-қимыл пысықтауыш. Бірінші салдар мағыналы сөйлемнен кейін дауыс кідірісі, ал екінші себеп мағыналы сөйлменен кейін дауыс үзілісі болады. Өйткені жалғаулығының алдына, яғни себеп-салдар салалас құрмаластың бірінші сыңарынан кейін үтір қойылады. Себеп-салдар салаластың 1-ші сыңарының да, 2-ші сыңарының да дербес бастауыштары мен баяндауыштары бар.
Ал қазіргі таңдағы синтаксистік талдауды жетілдіру жолдарына келетін болсақ, мынаны көрсетуге болады: оқушылардың ұғымын жеңілдету мақсатында математикалық форма өрнегін пайдалануға болады. Сыныптағы жаттығу жұмысы барысында тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге бұрынғыдай бастауышқа – бір сызық, баяндауышқа- екі сызық демей, сол мүшелердің үстіне Б,б белгісін қоюға болады. Б- бастауыш, б- баяндауыш, А-анықтауыш, Т-толықтауыш, П-пысықтауыш. Осы белгілерді беру арқылы осы мүшелерді пайдаланып сөйлем құратуға болады. Бұл уақытты үнемдейді және дағды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |