Жаттыѓу ж¦мысы



бет21/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Байланысты:
b222

6. Талдау жұмыстары
Жазба жұмыстарының таѓы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог – К.Д.Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері); 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер).
6.1 Талдаудың түрлері
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:

1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.

Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойынша талдау. Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар

2) үндестік заңы бойынша талдау. Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.

Фонетикалық талдау көлеміне қарай да екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.

Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар табылады, екпін қойылады).

Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:

1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.

Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі – сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112].

Мысалы, 1-карточка Дауысты дыбыстар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет