Жаттыѓу ж¦мысы


Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама



бет59/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
b222

1.4 Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама
Оқушының өмірге белсенді позициясын оның адамгершілік мінез-құлқының қажетті жағдайына айналатындай етіп қалай қалыптастыру керек? Жеке бастың белсенділігінің қандай қырларын осы процеспен байланыстыруға болады? Бұл сұраққа танымал ғалым Т.И. Шамова оқушының танымдық әрекеті қиял мен ойлау белсенділігіне, сыртқы әсер ішкі белсенділіктің нығаюына себепші, оның өтуіне бақылау жасаушы орта болып саналатындығына байланысты дегенді айтады. Әрине, аталған әрекеттің жемісті болуына септесетін фактор бұл ғана емес, өз бетінше қиялдау мен ойлауды да белсенді ету керек. Академик А.Д. Александров бұл орайда мектеп балаларға тек білім беріп қана қоймай, өз бетінше ойлауға да тәрбиелейтіндігін, ал мұның өз қоғамының саналы мүшесіне керек қасиет екендігін атап айтады. Бұл тұжырымды академик М.А. Лаврентьев те қостайды.

Оқушының өз бетінше ойлауын проблемалы ситуация туғызу негізінде қалыптастыру керек, шығармашылық ойлау оқушылардың кез-келген танымдық мәселесін шешуде әр алуан тәсілдерді іздестіру процесінде жүзеге асырылады.

Оқушының өз бетінше ойлау қызметін белсенді етудің жолы проблемалы ситуация туғызу, ең тиімді тәсіл екендігін осы салада ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысқан ғалымдардың көпшілігі қуаттайды. Сонымен бірге, қабілеттілік, әсіресе, оқушылардың өз бетінше ойлау қызметі процесінде табысты дами түсетіндігі айқын. Осыған орай ойлауды белсенді ету үшін проблемалы оқытуды қолдану тиімді болмақ. Танымал психолог С.Л. Рубинштейн өз бетінше жұмыс істеу саналы әрекеттің қалыптасуына негіз болады. Міне, сондықтан оқушының шығармашылық ойлауын дамытуда дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудан гөрі, аяқталмаған мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді.

Оқушылар мазмұндама мәтінін сәтті аяқтауы үшін логикалық байланысқа түскен сюжет ойластырумен бірге оны көркем тілде баяндап жеткізу талап етіледі. Белгілі бір толық мәтінді түзу үшін оқушылардан ұшқыр қиял мен шығармашылық ойлауды талап етеді. Егер оқушы мазмұндаманы талап деңгейінде орындап шықса, оның тасасында ұзақ ойлау процесі тұрғандығын естен шығармағанымыз жөн. Сол себепті оқушыларға мұндай қасиетті қалыптастыру үшін қажетті ситуация туғызылады деп түсіну керек.

Аяқталған мәтін бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру.

Бұндай жазба жұмысының түрінде мазмұндама мен шығарманың элементтері кездеседі. Бұрын ылғи дайын мәтінмен жұмыс істеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгіме құрап, өзіндік ой қорытындысын жасайды. Оқушы мазмұндама мәтінін сәтті не сәтсіз аяқтауы мүмкін. Ол басты мұрат емес. Мұғалімнің негізгі мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзіндік «менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту. Мұғалім бұл жұмысты «жеңілден ауырға қарай жүру» принципі негізінде істейді.

Алғаш рет оқушыларға ұсынылатын аяқталмаған әңгіменің оқиға желісі, сюжетті суреттер арқылы бағыт-бағдар беру негізінде жүргізіледі. Демек, оқушылар аяқталмаған мәтінді сюжетті суреттерге және ұжым болып құрылған жоспар негізінде жазып шығады. Атап айтқанда:

а) келесі кезеңде аяқталмаған мәтін, жарты түзілген жоспар, әңгіме соңына бағыт-бағдар беретін сюжетті суреттер негізінде мазмұндама жаздыру;

ә) аяқталмаған мәтін мен әңгіменің, сәтті тұжырымдауға сілтеме жасайтын жоспар негізінде мазмұндама жаздыру;

б) соңына дейін түзетілмеген жоспар мен аяқталмаған мәтін арқылы мазмұндама жаздыру.

Міне, осылайша, мазмұндама жаздыру бірте-бірте күрделеніп, оқушыларға «өнер алды» болып табылатын тілдің қыр-сырын игертуге, байланыстырып сөйлеуге игі ықпал етеді.

Ал методист-ғалым Рахметова С. бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманы топтай келіп мынадай түрлерін көрсетеді: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама [13, 150]

Ғалымдардың пікірінше мазмұндаманың соңғы түрі әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балаларға күшті әсерін тигізеді. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бүл жөнінде Я.А. Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді. [8, 156]

Оқушылардың белсенділігін арттырып сөйлеуге үйретуде техникалық құралдардың алатын орны мен пайдасы жөнінде баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен кітаптарда талай айтылды. Әсіресе қазақ мектептері үшін мұндай құралдардың жетімсіз екенін басым көрсетудің нәтижесінде соңғы кездері қазақ тілінде шығарылып жатқан диафильмдер, фильмдер молшылық. Мұндай фильмдер әңгімелер бойынша да («Елтай екілік елінде», «Біздің аналарымыз» т.б.), танымдық материалдар бойынша да жасалуда.

Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту керек. Бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйреткен дұрыс. Экран материалдарын игеру де күрделі жұмыс. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін реминисценсия құбылысына байланысты, яғни бұл балалардың эмоциясы жоғары болғандықтан, оны тежеуге шамалары келе бермейтіндіктен, олар кинодан көргендерін іле-шала ұмытып қалады, ал кейін бірте – бірте естеріне түсуі мүмкін. Сондықтан кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жүргізуде мұндай ерекшеліктерді ескеріп (диафильмді көрсете салып, оның мазмұны бойынша мазмұндама жүргізу нәтижесіз болатындықтан), біраз уақыт өткізіп барып сұраған жөн. Мысалы, «Жол жабық» диафильмін көрсеткеннен кейін, 11 – сыныптың «Қазақ тілінен» «Қырағылық» әңгімесі оқылып, оның мазмұны сұрақ – жауап арқылы талқыланады. Келесі сабақта балалардан қандай фильм көргендері, онда не жөнінде әңгіме болғаны сұралады. Фильмді екінші рет әр кадрына тоқтап, мазмұнын ашып, кеңірек түсіндіру үшін тағы көрсетуге де болады. Қандай да болмасын, кино, диафильм көрсетілгенде оны не «Ана тіліндегі» материалдармен байланыстыру, немесе мұғалімнің өзі алдын- ала мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.

Мазмұндамаға берілетін мәтіндер бірте-бірте күрделеніп отыру жағын мәтін таңдағанда мұғалім ескеруі тиіс. Мәтін оның ішіндегі көріністері жағынан болсын, сөздік, синтаксистік жағынан болсын бірінен екіншісі аз-кем қиындау болу керек.

Егер де жоғарғы сыныптарда мазмұндалатын мәтін тек қана мәнерлеп оқылатын болса, бастауыш сыныптарда мәтін сабаққа дейін тақтаға жазылып қойылады. Не болмаса мұғалім үлкен қағазға алдын-ала жазып, дайындап алып келеді де, тақтаға іліп қояды. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі. Мысалы, «Қарлығаш пен торғай» әңгімесін алайық. «Қарлығаш ұя салды. Дайын ұяға торғай орналасып алды. Торғайға қарлығаштың жалғыз өзінің шамасы келмеді. Ол көмекке басқа қарлығаштарды шақырды. Қарлығаштар түгел жиналды. Олар торғайды ұядан қуып шықты. Сөйтіп, қарлығаш өзінің ұясына қайтадан қоныстанды». (33-сөз).(«Мазмұндамалар жинағы»)

Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардың торғайды, қарлығашты көрген-көрмегендерін, бұл құстарды бір-бірінен қалай ажыратуға болатынын, яғни олардың бір-бірінен қандай өзгешеліктері барын, бұл құстар жөнінде қандай ертегілер, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да яки сол мазмұндама жазатын күні ұйымдастыруға да болады. Торғай мен қарлығаштың үлкейтіп салынған суреті немесе муляжын пайдаланған тиімді.

Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтін ішіндегі дайын, орналасып алды, шамасы келмеді, қоныстанды сөздері түсіндіріледі. Бұл сөздер синонимдер арқылы (дайын - әзір, шамасы келмеу - әлі жетпеу, күші жетпеу, орналасып алу – ұяға кіріп алу, ұяны меншіктеніп алу, ұяны иемдену, т.б.) ұғындырылады. Сонан кейін балаларға орфографиялық жағынан қиындық келтіретін ұя, қарлығаш, орналасып алды, шамасы келмеді, көмекке, қоныстанды, дайын, торғай сияқты сөздер тақтаға жазылады. Орфографиясы қиын сөздерді немесе сөз тіркестерін түбір күйінде я тұйық рай формасында бермей, мәтіндегі формасында берген жөн. Ал кейбір әртүрлі жалғаулар жалғанып, бірнеше рет қайталанып, түрлі тұлғада кездесетін сөздерді түбір күйінде немесе тұйық рай формасында көрсетуге болады. Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мұнда балалар мәтіндегі сөйлемнің құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, көру, есту анализаторлары қызмет атқарады.

Мәтін оқылып болғаннан кейін, оқушыларға сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтіннен ол сұрақтарға жауап табады. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді тұтас бір оқып шығады. Осындай жұмыстардан соң, мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын-ала жазылып қойылған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманың бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы мәтін бойынша мынадай сұраулар қоюға болар еді: Қарлығаш не салды? Ұяға кім орналасып алды? Қарлығаш басқа қарлығаштарды неге шақырды? Көп қарлығаш ұядан кімді қуып шықты? Қарлығаш қайда қоныстанды? Жазуға кірісер алдында тақтадағы сұрақтардың құрылысы мен тәртібін өзгертпей, ондағы сұраулардың орнына ғана сөз тауып жазу керектігін балаларға аңғартқан дұрыс.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет