Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


Кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық тобында жапсыру. Табиғи және жасанды материалдарды жапсыру-багдарлама



бет35/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

54. Кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық тобында жапсыру. Табиғи және жасанды материалдарды жапсыру-багдарлама


19-билет
55. ҚМҰҚ бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеті (түрі, құрылымы, ҰІӘ өткізуге қойылатын әдістемелік талаптар)
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі "таным"
білім беру саласына кіреді. "Таным" білім беру саласының мақсаты мектеп
жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл
жасаудағы қажетті танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеруі
үшін дамыту болып табылады.
"Таным" білім беру саласы санау дағдыларын, геометриялық пішіндер
туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды;
құрылыс, табиғи және қалдық материалдар мен конструктордың бөліктерінен
құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары туралы
білімдерді кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
1) сенсорика (1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбек жасы топтарында), қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
2) құрастыру.
Қарапайым математиканың оқу әрекетін ұйымдастыруда қолданылатын
әдістер мен тәсілдер:
а) сөздік (түсіндіру, әңгімелесу, нұсқаулық, сұрақтар және т.б.);
ә) көрнекі (демонстрация, иллюстрация, қарау және т. б.);
б) практикалық (пәндік-практикалық және ақыл-ой әрекеттері,
дидактикалық ойындар мен жаттығулар және т. б.).
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру тәсілдері
1. Демонстрация (әдетте жаңа білімді хабарлау кезінде қолданылады).
2. Нұсқау (өз бетінше жұмысқа дайындау кезінде қолданылады).
3. Түсіндірме, нұсқау, түсініктеме
4.Балаларға сұрақтар.
5.Балалардың ауызша жауап беру.
6.Пәндік-практикалық және ақыл-ой әрекеттері.
7.Бақылау және бағалау.
Тәрбиешінің сұрақтарына қойылатын талаптар:
- дәлдік, нақтылық;
- логикалық бірізділік;
- сұрақты түрлендіру;
- жеткілікті түрде сұрақ қою (аз да емес, көпте емес);
- сілтеуші сұрақтарды көп қоюға тырыспау;
- қосымша сұрақтарды шебер қолдану;
- балаларға ойлануға уақыт беру...
- Балалардың жауаптарына қойылатын талаптар:
- сұрақтың сипатына байланысты қысқаша немесе толық;
- қойылған сұраққа;
- дербес және саналы;- дәл, анық;
- өте қатты; - грамматикалық құрылымының дұрыстығы.
Дәстүрлі ұйымдастырылатын оқу әрекетінің негізгі құрылымы:
1.Ұйымдастырылған оқу әрекетін ұйымдастыру;
2.Ұйымдастырылған оқу әрекетінің барысы;
3.Ұйымдастырылған оқу әрекетінің қорытындысы.
Ұйымдастырылған оқу әрекетін ұйымдастыру. Оқу әрекеті бірден үстелге
отырғызудан басталмайды, бірінші кезекте балалар тәрбиешінің жанына
жиналудан басталады. Яғни, олардың сыртқы түр-келбеттеріне назар аударады,
жеке ерекшеліктерін, даму мәселелерін ескере отырып отырғызады (көру, есту
және т.б.).
Сәбилер топтарында: жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдына
отырғызылуы мүмкін.
Ортаңғы және ересек топтарда: балалар тобы әдетте екі-екіден үстелге
отырғызылады. Себебі, таратпа материалмен жұмыс жүргізіледі және
ұйымдастырылған оқу әрекетінде отыру дағдылары әзірленеді.
Ұйымдастыру кезеңі жұмыстың мазмұнына, балалардың жас және жеке
ерекшеліктеріне байланысты. Оқу әрекеті ойын бөлмесінде, спорттық немесе
музыкалық залда, серуенде және т.б. тұрып, отырып, тіпті кілемде жатып та
өткізуге болады. Оқу әрекетінің басталуы эмоционалды, қызықты, қуанышты
болуы керек. Сәбилер тобында: тосын сәттер, ертегі сюжеттері қолданылады.
Ортаңғы және ересек топтарда: мәселелік жағдаяттарды шешу орынды.
Мектеп алды даярлық топтарында кезекшілердің жұмысы
ұйымдастырылады, өткен оқу әрекетінде өтілген тақырыпты еске алу, сұрақ
қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет