«Анықтама бұрышы» әдісі Күнделік жанры: Француз жазушысы Жюль Ренар: «Күнделік – адам жанының айнасы» деген. «Күнделік-күнделікті өмірің! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады. Күнделік сенін сырласың, әрі досың. Интервью жанры:көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді. Әңгіме жанры:оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. *Ж3. Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу тапсырылады. «Менің қиялым»айдарында тапсырма ұсынылады. Онда оқушылар алдымен жұпқа бөлінеді. Жұптар бір-біріне арқаларын тиістіріп отырады. Бір оқушы табиғаттағы түрлі ауа райының құбылыстарын атайды, екінші оқушы соны шартты белгілермен А4 үлгідегі қағазға маркермен салады. Мысалы қыс және қар туралы айтса, қыстың шартты белгісі ретінде жұлдызшалардың (***** ) суретін салады.
«Топтастыру», «Вен диаграммасы» стратегиялары жазылымның 3 мақсатында қолданылады. *Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешіліу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу,( дискуссивті эссе) «Қазақстан халықтарының бірлігі – бейбітшілікке бастар жол» тақырыбында құрылымын сақтап, өз көзқарасын білдіріп дискуссивті ессе жазады.
Эссе жазу барысында сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданып жазады.
*Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу