Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады: Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;
ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;
шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)
тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)
дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Әдіс-тәсілдер туралы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен
тәсілдер жүйесі қолданылады.
«Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту» әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеейту, танымдық қабілетін арттыру мақсатында жазба жұмыстары жүргізіледі.
Бағдарлама бойынша әр бөлімнің тақырыптарына сәйкес сабақтың жазылым мақсатына сай жазба жұмысы жүргізіледі. Мысалы: *Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру. (кейде күрделі жоспар құру деп беріледі). Осы мақсатқа сай кейде мазмұндама жаздыруға болады деген ойдамын. Жоспар құрылып, жоспар бойынша оқушы мәтінді өз сөзімен баяндап жазады. *Ж2; Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді құрастыру.Мәтіндерді құрастыруда көркемдегіш құралдарды орынды қолдану. Көркемдеуіш сөздерді қатыстырып мәтін жазу тапсырмасы беріледі.