Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тоқу дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру. Білімділігі
Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының тоқу дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру. Білімділігі:өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу.
Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау. Тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.
Тоқу өнері - Қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып тұрмыспен бірге ұласа дамып келеді. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, өзінің талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бір түрі – тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі фасондар, түрлі тоқу әдістері, оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді талап етеді.
Осыдан кейін оны бас бармақтағы шалудан өткізіңіз,одан соң бас бармақтағы шалуды түсіре сала оны жіптің астына келтіресіз де, бас бармақпен сұқ саусақты қарама-қарсы жылжытып, сымдардағы жіпті қатты тартасыз
Сынып 2 не 3 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.
І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.
ІІ- гейм« Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.
ІІІ – гейм«Жұмбақтас»
Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді.
Ұйқасын тап
Өнер - таусылмас азық...
Бүгінгі істі...
Өнерлінің он саусағы тең...
Еңбек - өнер өрісі...
Үлгісі көптің өрнегі көп...
Өнерсіздің бір саусағы кем
Өрнегі көптің ермегі көп
Өнер - өмір жемісі
Ертеңге қалдырма
Жұтамас байлық
Асыл қайшы пішуге сән..
Күміс қасық ішуге сән
Кітап - білім бұлағы...
Білім - өмір шырағы
ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
V-гейм. «Көсемдікке ұмтылу» Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады: Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай, өздеріне баға:4-5 жауап-4 бал-«4» бағасын, 6-7 жауап-5 балл-«5» бағасын алады 2,3,4,5-ші геймдерге талқылауға бір минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Әрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка (барлық фишкалар бір түсті алады)
Қорытындылау:
Өнер, Еңбек деген сөздерді қатыстырып қорытынды талдау