Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Есептен соң 
оқушылар кіріспе бөлімді қажетіне қарай өңдейді. 


29
Мұғалімге
Осы процестен соң оқушылар жұмыс дәптерлерін орындарына 
қалдырады. Орындарынан тұрып, бір-бірінің жұмысын оқиды. Келесі 
қадамда талапқа сай деп бағалаған жұмыстары туралы сыныпқа пікір 
білдіреді.
Кіріспе бөлімінің 3 – сабағы
Мұғалім оқушыларға дайын (жазылған) үш түрлі кіріспе 
бөлім береді. Оқушылар кіріспе бөлімді оқи отырып, эссе 
тақырыбын табу керек.
Мұғалім үшін: 1 - кіріспенің эссе тақырыптары. Бұл тақырып
-
тар оқушыларға берілмейді, тек кіріспені ғана көрсетеді. Оқушы
-
лар кіріспені оқып, тақырыптар шығарып, талқылап болған соң 
көрсетіледі. 
1-тақырып: ХХІ ғасыр адамдарына көркем шығарманы кітап
-
тан оқу керек пе әлде электронды түрін оқу керек пе?
2-тақырып: ХХІ ғасыр адамдары көркем шығарманы қайдан 
оқу керек?
Осы екі тақырып эссе кіріспесіне сәйкес келеді. 
1 – кіріспе. 
Көркем шығарма оқу - жазу пайда болған уақыттан келе жатқан 
жақсы іс. Оны адамдар әр ғасырда әртүрлі жолдармен оқыды. 
Мысалы, тасқа жазылған жырлар, ауызша тараған туындылар, 
қағаз бетіне жазылып шыққан кітаптар. Технологияның дамуына 
байланысты көркем шығарманы қайдан оқу керектігі де өзгеріп 
отыр. ХХІ ғасырда қағаз бетінен де, электронды түрінен де оқи
-
тын, тіпті, аудиожазбаларын тыңдап оқуға да болатын мүмкіндік
-
тер бар. Бірнеше мүмкіндіктері болса да, осылардың қайсысынан 
оқыған тиімді? Мен кітаптан оқу тиімді деп айтар едім. 
Мұғалім
1 – кіріспені сынып оқушыларымен сынп деңгейінде 
тікелей байланыста жүргізеді, ал 2 - кіріспені әр оқушыға жеке 
жұмыс ретінде береді. 


30
2 – кіріспе. 
Тақырып: Сіз қалай ойлайсыз? Дос табу ақылдыға оңай ма, 
ақымаққа оңай ма?
Дос – адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үн
-
дес келетін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, 
ренішіңді, өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе 
аласың, бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос 
болудан бұрын, дос табу қиын. Дос табу кімге оңай? Менің ойым
-
ша, дос табу ақымаққа оңай. Неге?
Мұғалімге
Мұғалім эссенің кіріспе бөлімін жазудан алған білімін бекіту 
үшін төменде берілген эссенің кіріспе бөлімін редакциялау (тү
-
зету) жұмыстарын жүргізіңіз деп оқушыларға тапсырма береді. 


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет