Жазылу жолдары



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Негізгі бөлім
Негізгі бөлім эссе жазушының тезиске, яғни негізгі идеяға қаты
-
сты айтатын қолдаушы идеяларына(пікіріне) байланысты абзацтарға 
бөлінеді. Бөлім құрылымына не кіреді? Пікір, аргумент, анализ, аб
-
зацты қорытындылаушы сөйлем, абзацтан абзацқа өтуші сөйлем. Бір 
пікір бір абзац.
Негізгі бөлім бойынша мысал.
Ақымақ кез келген адаммен дос бола береді. Себебі оның өмірлік 
ұстанымы айқын емес. Ол өз істеріне талдау жүргізіп ойланбайды. 
Дұрыс па, дұрыс емес пе деген сұрақтар да оны көп толғандырмай
-
ды. Өз ісіне есеп бере алмағандықтан, өзгелерді де бағалай алмай
-
ды. Сондықтан ақымаққа дос табу оңай. Ақымаққа дос табудың оңай 
болуының тағы да басқа себептері бар.


34
Пікір
(негізгі идеяны, яғни тезисті қолдаушы сөйлем): Ақымақ кез келген 
адаммен дос бола береді.
Аргумент
1. Себебі оның өмірлік ұстанымы айқын емес.
2. Ол өз істеріне талдау жүргізіп ойланбайды.
3. Дұрыс па, дұрыс емес пе деген сұрақтар да оны көп толғандыр
-
майды.
Анализ 
Өз ісіне есеп бере алмағандықтан, өзгелерді де бағалай алмайды.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Сондықтан ақымаққа дос табу оңай.
Абзацтан абзацқа өтуші сөйлем 
Ақымаққа дос табудың оңай болуының тағы да басқа себептері бар.
Негізгі бөлімнің соңғы абзацында абзацтан абзацқа өтуші сөйлем 
орнына, негізгі бөлімнен қорытынды бөлімге өтуші сөйлем жазыла
-
ды.
Қорытынды бөлім
Қорытынды бөлімде логика бойынша кіріспе бөлімдегі тезиске қай
-
та оралады. Тезисте қандай идея, қандай ұстаным айтылып еді. Не
-
гізгі бөлімде негізгі идея талданды ма? Міне, осы екі сұрақ бойынша 
ойланып, негізгі бөлімдегі абзацтардың түйінін шығарып, қорытын
-
ды бөлім жазылады. [4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет