33
Дос табу оңай ма? – депті қарт.
Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, депті бала
Эссе тақырыбы: Сіз қалай ойлайсыз? Дос табу ақылдыға оңай ма,
ақымаққа оңай ма?
Кіріспе бөлім
Дос - адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес ке
-
летін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді,
өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың. Бірақ
осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан бұрын
дос табу қиын. Дос табу кімге оңай? Менің ойымша, дос табу ақы
-
маққа оңай. Неге?
Тақырыпты түсінуін білдіретін сөйлемдер:
Дос - адамның рухани болмысы, дүниетанымы жағынан үндес ке
-
летін жақын жаны. Өз ойыңды, сырыңды, қуанышыңды, ренішіңді,
өкінішіңді, жетістігіңді, кемшілігіңді досыңмен бөлісе аласың.
Тақырыптың өзектілігін білдіретін сөйлемдер:
Бірақ осының бәрін бөлісе алатын дос табу оңай ма? Дос болудан
бұрын дос табу қиын. Дос табу кімге оңай?
Тезис:
Менің ойымша, дос табу ақымаққа оңай.
Негізгі бөлімге өтуші сөйлем:
Неге?
(риторикалық сұрақ)
Эссенің бірнеше түрі бар. Кіріспе бөлімінің тезисі де ерекшелігі
-
не сәйкес қойылады. Мысалға келтірілген кіріспе бөлім аргументтік
эссеге қатысты қойылған. Кіріспе бөлімде тезис қойылғаннан кейін
негізігі бөлімге көшеді.
Достарыңызбен бөлісу: