2 – эссе
ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық әдебиетті оқыту өзекті ме?
Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында көркем
шығарма оқушылар жоқтың қасы. Әр үйде ноутбук, компьютер,
бірнеше арналы теледидар. Ол аз болса әр адамның қолында ұялы
телефон. Техниканың қарқынды дамуының әсерінен классикалық
туындылар оқылмайды. Біздің ата-аналарымыздың заманында
кітап оқу сәнге айналған дәстүр еді. Олар жаңа шыққан кітапты
бірінен бірі сұрап оқыған. «Кітап – білім бұлағы...» дегендей, кітап
оқып, көркем сөздермен сусындамаған адамдарды жан-жақты да
-
мыған тұлға деп айту да қиын болар.
37
Менің анам Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат»
повесін қалай оқығанын айтып берген. Ол ата-анасы жұмысқа
кеткенде орындап қой деп тапсырған үй шаруаларын ұмытып кет
-
кен. Жиі-жиі ұмытып кете берген соң, бір күні оған анасы қатты
ұрысқан.
Ал мен қазір, керісінше, анам тапсырған жұмыстарды телефонмен
отырып, ұмытып кетемін. Бірақ мен кей уақыттарда өзіме ұнаған
кітаптарды оқып тұрамын. Мысалы, «Гарри Поттерді» тез оқып
шықтым. Оның оқиғалары өте қызық. Және «Менің атым Қожа»
туындысын оқыдым. Бірақ бәрібір қазіргі балалар кітап көп оқымай
-
ды. Оқығысы келсе, техника да кедергі жасамайды. Сондықтан мен
балаларды кітап оқуға шақырамын. ХХІ ғасыр оқушыларының клас
-
сикалық шығармаларды оқығандары дұрыс деп ойлаймын.
Оқушылар екі эссені оқып, бағалап, сыныпқа бағалауларын
ұсынып болған соң, оларға төменде берілген дайын бағалауды
ұсынады.
«ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық әдебиетті оқыту өзекті
ме?» тақырыбындағы эссенің талдауы, бағалауы.
1 – эссені талдау, бағалау
Кіріспе бөлім
Эссе тақырыбын түсіну сөйлемі
Классикалық әдебиет - идеялық мазмұндылығы мен көркемдік
дәрежесі жағынан барлық әдеби туындылар ішіндегі ең үлгілі әде
-
биет, әр елдің әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген асыл қазына.
Бұл туындыларда сол халықтың өткені, салт-санасы, тілі, мәдени
-
еті жатыр.
Тақырыптың өзектілігі туралы
Дегенмен бүгінгі таңда «ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық әде
-
биетті оқыту өзекті ме?» - деген сұрақ туындап отыр.
Тезис (позиция/ұстаным)
Менің ойымша, өзекті.
Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем
38
Өзекті болуы - ұлттық тарих, ұлттық тіл, ұлттық дәстүрді жеткізуші
көркем құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |