39
халқы, оның салт-дәстүрлері туралы білді. Ол туралы К.Федин, Б.Ма
-
тип өз сөздерінде қазақ елін тани түскендерін айтқан.
Анализ
Анализ жазылмай қалған.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Тіл, дәстүр жалғастығы болғандықтан, классикалық әдебиет оқы
-
тылуы тиіс.
Тезиске қатысты пікір
Алайда ғалымдардың біршама зерттеулеріне сүйенсек, оқырманға өз
уақыты туралы оқу қызықты деген де пікір бар.
Пікірге қатысты аргумент
Себебі өз уақытындағы оқиғалар таныс, тілі түсінікті, тақырыбы қы
-
зық. ХХІ ғасыр әдебиеті ел президенттерін де алаңдатқан. Н.Назар-
баев: «Қазақ халқын - Абайсыз, орыс халқын - Пушкинсіз, ағылшын
-
дарды - Шекспирсіз, француздарды Бальзаксыз елестету мүмкін емес»
дей отырып, қазіргі жастарды тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық әде
-
биетпен де тәрбиелеу керектігін айтқан. В.Путин «жас оқырмандар
тек қана уақытпен сыналған классиканы оқып қана қоймай, өздеріне
жаңа авторлармен, жаңа кейіпкерлермен таныс болғаны дұрыс» деген
пікір білдірген.
Анализ
Жоғарыдағы пікірлер адам өзі өмір сүріп отырған кезеңнен хабардар
-
болуы керек деген ой тастайды.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Яғни, қазіргі жастар классикалық туындылармен қатар өз заманын
-
дағы әдебиетпен де таныс болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: