Жазылу жолдары


Негізгі бөлімінің 2 – сабағы



Pdf көрінісі
бет15/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Негізгі бөлімінің 2 – сабағы
Мұғалім сабақты осылай бастайды. 
Сыныпты 4 оқушыдан тұратын топтарға бөледі. 
Оқушыларға бір тақырыпта жазылған екі эссе жұмысын береді. 
Тапсырма: 
Берілген екі эссені оқыңыз. Эссе құрылымына қарай отырып
құрылымға сәйкестігін бағалаңыз. 
Оқушылар екі эссені оқиды, бағалайды, сыныпқа бағалауларын 
ұсынады.


35
Бұл жұмыстың мақсаты оқушының кіріспе бөлім мен негізгі 
бөлімнен алған білімдерін қаншалықты түсінгендерін анықтау 
үшін жүргізіледі.
Эссе тақырыбы
1 - эссе
ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық әдебиетті оқыту өзекті ме?
Классикалық әдебиет - идеялық мазмұндылығы мен көркемдік 
дәрежесі жағынан барлық әдеби туындылар ішіндегі ең үлгілі әде
-
биет, әр елдің әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген асыл қазына. Бұл 
туындыларда сол халықтың өткені, салт-санасы, тілі, мәдениеті жа
-
тыр. Дегенмен бүгінгі таңда «ХХІ ғасыр оқушыларына классикалық 
әдебиетті оқыту өзекті ме?» - деген сұрақ туындап отыр. Менің ойым
-
ша, өзекті. Өзекті болуы - ұлттық тарих, ұлттық тіл, ұлттық дәстүрді 
жеткізуші көркем құрал.
Классикалық туындылар қай ұлттың болмасын өткенін бүгінімен 
байланыстырады. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы, М.Митчелдің «Жел 
айдағандар» сияқты әр елдің тарихын жеткізген үлгілі әдебиет. Қазір
-
гі уақытта бірнеше елде осы мәселе талқылануда. Мысалы, Шотлан
-
дияның Tрун қаласындағы «Marr» колледжінің ағылшын тілі пәнінің 
мұғалімі, мұғалімдердің желілік қоғамдастығының кеңесшісі Sally 
Law мұғалімдер блогында «Классикалық туындылар қазіргі уақытта 
сіздің сыныбыңыз үшін маңызды ма?» деген ой қозғайды. Бұл пікір
-
лерге қауымдастыққа мүше мұғалімдер классикалық әдебиетсіз қазір
-
гі заман әдебиетінің болашағы жоқ екенін, оқушыға қызықты болмаға
-
нымен, оның тарихи маңызы зор деген пікірлерін жазған. Пікірлерді 
оқи отырып, элемнің түкпіріндегі әдебиет мұғалімдері оқушыларға 
классикалық әдебиетті оқыту елінің тарихын білуі екендігін жеткіз
-
гіені мәлім болды. Ендеше, ұлт тарихын ХХІ ғасыр оқушылары да 
біліп, болашаққа жеткізуі үшін классикалық әдебиет оқытылуы керек.
Сонымен қоса, көркем тілінің, көркем оқиға арқылы өрілген 
салт-дәстүрлердің ұлттың ұлт болып қалуына ықпалы зор. Классика
-
лық туындыларды оқымаса, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопе
-
ясындағы 17000 – ға жуық жеке атау сөздерді қалай біледі? Оған қоса, 
тіл мен салт-дәстүрді бір-бірінен айыру мүмкін емес.


36
Жеке атаулар біздің бай салт-дәстүрімізбен байланысты. Мысалы, 
«Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып, әлем қазақ халқы, оның 
салт-дәстүрлері туралы білді. Ол туралы К.Федин, Б.Матип өз сөз
-
дерінде қазақ елін тани түскендерін айтқан. Тіл, дәстүр жалғастығы 
болғандықтан, классикалық әдебиет оқытылуы тиіс.
Алайда ғалымдардың біршама зерттеулеріне сүйенсек, оқыр
-
манға өз уақыты туралы оқу қызықты деген де пікір бар. Себебі 
өз уақытындағы оқиғалар таныс, тілі түсінікті, тақырыбы қызық. 
ХХІ ғасыр әдебиеті ел президенттерін де алаңдатқан. Н.Назарбаев: 
«Қазақ халқын - Абайсыз, орыс халқын - Пушкинсіз, ағылшындар
-
ды - Шекспирсіз, француздарды Бальзаксыз елестету мүмкін емес» 
дей отырып, қазіргі жастарды тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық 
әдебиетпен де тәрбиелеу керектігін айтқан. В.Путин «жас оқыр
-
мандар тек қана уақытпен сыналған классиканы оқып қана қоймай, 
өздеріне жаңа авторлармен, жаңа кейіпкерлермен таныс болғаны 
дұрыс» деген пікір білдірген. Жоғарыдағы пікірлер адам өзі өмір 
сүріп отырған кезеңнен хабардарболуы керек деген ой тастайды. 
Яғни, қазіргі жастар классикалық туындылармен қатар өз зама
-
нындағы әдебиетпен де таныс болу керек.
Қорытындылай келе, классикалық әдебиетті оқыту қазіргі уақыт
-
та да маңызын жойған жоқ. Ұлттық болмысты сақтаушы классика
-
лық әдебиетті қазіргі әдебиетпен байланыстыра оқыту жолдарын 
қарастырған жөн. Тілі, оқиғалары ХХІ ғасыр оқушыларына күр
-
делілігін ескере отырып, жеңіл әрі қызықты оқытудың тәсілдерін 
қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет