Жазылу жолдары


Әдеби эссе түрлері және оның жазу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет29/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Әдеби эссе түрлері және оның жазу тәсілдері
Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақ
-
сатына қарай 
әдеби­талдау эссе, әдеби­сыни эссе, әдеби­синтез эссе, 
әдеби­дәлелдеме эссе, әдеби­салыстырмалы эссе, әдеби­шығармашыл 
эссе
болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. 
Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. 
Әде­
би­сыни эсседе
автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне 
сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. 
Әдеби­синтез эсседе
бір 
тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім 
шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. 
Әдеби­дәлелдеме эсседе
ұстанымын көрсете отырып, аргументтер 
арқылы дәлелдеп жазады. 
Әдеби­салыстырмалы эсседе
туындыны 
басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайла
-
рын салыстыра отырып, талдап жазады. 
Әдеби­шығармашыл эсседе
әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып 
және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, 
сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.
Әдеби эссенің әр түрінің мақсаты, жазылу ерекшеліктері бар.


72
Мақсат, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқында
-
лады. Эссе тақырыптары шығарманың ерекшелігіне, эссе түрлеріне 
қарай әртүрлі құрылады. Мысалы, 
• 
«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман­эпопеясының «Қайтқанда» 
бөліміндегі кейіпкер Абайдың елге сағынышын жеткізудегі автор 
тәсілдерін талдап жаз».
Әдеби-талдау эссе автор қолданған тәсіл
-
дерді тауып, талдап жазады. Автор кейіпкер Абайдың ауылына де
-
ген сағынышын оқырманына баяндау, суреттеу, сипаттау әлде моно
-
лог, жанама мінездеу немесе тағы басқа қандай тәсілдерді қолдану 
арқылы жеткізді. Ол қаншалықты сенімді әрі ұтымды болды. Оқыр
-
манын әсерлендіре алды ма? Осы сияқты әртүрлі сұрақтар төңірегін
-
де ойланып, талдай отырып жазады.
• 
«М.Әуезов «Абай жолы» роман­эпопеясындағы Қодар мен Қамқа 
оқиғасын автор неге «Қайтқанда» бөліміне енгізді?»
Әдеби-сыни 
эссе. Автордың бұл бөлімге осы оқиғаны не үшін енгізгені туралы 
айтқан ақпараты жоқ. Эссе жазушы сыни көзқараспен талдай оты
-
рып жазады. Ол үшін «қайтқанда» сөзінің қолданысы туралы талқы
-
лау жүргізеді. Оның лексика-семантикалық қолданысына тоқталады. 
Кіріспе бөлімін осы сөзді талқылаудан бастап, соңында тезис шыға
-
рады. Бөлімнен нақты аргументтер келтіре отырып, эссе тақырыбына 
жауап береді.
• 
«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман­эпопеясындағы және сол дәуір 
туындыларындағы кедейлер өмірі ­ авторлардың кедей табына де­
ген жанашырлығы».
Әдеби-синтез эсседе бірнеше туындылардағы 
кедей мәселесінің көтерілуін талдай келе, өзіндік бағасын шығарады. 
Өзіндік көзқарасы тұрғысынан шығарылған бағасына талдау жүргі
-
зеді. Синтез эссе – бірнеше ресурстардан ақпаратты синтездеп, бір 
тақырып немесе бір ойды қорғап жазылатын эссенің түрі. Синтез 
эссенің тақырыбы бірнеше байланысы бар ресурсты қолдануға бола
-
тындай ауқымды болуы керек. Дегенмен байланысы жоқ ресурстар 
қолданылатындай да тым жалпылама тақырып та болмауы қажет. 
Мысал келтірсек: Әлеуметтік жүйелердің қазақ тіліне әсері – син
-
тез эссе жазуға қолайлы тақырып. Эссе жазу барысында кем деген
-
де 2-3 ресурстың материалдары қолданылуы қажет. Синтез эсседегі 
тезис – берілген тақырыпты зерттеп, ресурстарды оқығаннан кей
-
ін, сол тақырып жайлы қалыптасқан ойыңыз, позицияңыз. Тезисті 
эссенің кіріспесінде жазып, негізгі бөлімінде дәлелдеп, қорғайды.


73
Негізгі бөлімде сөйлемдер тек үшінші жақтан жазылады.
• 
«М.Әуезовтің «Абай жолы» роман­эпопеясындағы Қодар мен 
Қамқа оқиғасына шығарған Құнанбай үкімі дұрыс па?»
Әдеби-дәлел
-
деме эсседе білім алушы өз позициясын /ұстанымын/ танытады. По
-
зициясын аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Аргумент келтіруде 
роман-эпопеямен ғана шектелмей, неғұрлым өзге дереккөздерден ар
-
гументтер келтірген сайын, соғұрлым эссе бағасы жоғарылайды. Қо
-
рытынды бөлімде кіріспедегі тезиске қайта оралады. Тезис ашылды 
ма? Өз позициямды талдап жеткіздім бе? – деген сұрақтар бойынша 
ойланады. Негізгі бөлімдегі тезисті талқылау пікірлерінің түйінін 
шығарып, қорытынды бөлімге жазады. Соңында эссені қорытынды
-
лаушы сөйлем жазылады.
• 
«М.Әуезов «Абай жолы» роман­эпопеясындағы Абайсың. Күт­
пеген жерден Қодар мен Қамқа өлімінің үстінен түстің. Осы сәт­
тегі сезіміңді сипаттап жаз.
Әдеби-шығармашыл эссе жазуда Абай 
рөліне енеді, сезімін, жай-күйін сипаттап жазады. Сипаттама эссе 
сіздің оқырманыңызға сөзбен салынған суретті көрсетеді, иісті, дәмді 
сездіртеді, музыканы естіртеді, киноны көрсетеді, әлдебір заттармен 
жанасқандай болады, сезеді. Сипаттама эсседе фактілер мен мысал
-
дар болмайды.
[3.41]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет