76
Әңгімелеу – хикаяны баяндаудың хронологиялық жолы. Эссе жазу
барысында әдетте негізге алынған оқиғалар белгілі бір уақытта
болған, шынайы оқиғалар. Жағдаятты көрсету үшін
сипаттама мен
баяндаумен тығыз байланысқан. Мезгілді белгілейтін: бірінші, содан
кейін, келесі, соңында секілді байланыстырушы шылау не фразалар
-
дан тұрады.
Сипаттау – сөз арқылы заттардың, адамдардың, мекендер мен оқиға
-
лардың бейнесін ашады. Сипаттау физикалық немесе психологиялық
болуы мүмкін. Физикалық сипаттауда автор белгілі бір нәрсенің түрін
сипаттайды. Психологиялық сипаттауда автор бізге белгілі нәрсеге
сезім тудыртып, ішкі қасиеттерін сипаттайды. Деректі сөздер анығы
-
рақ жасап, қиялдауды оңайлатады.
Баяндау –
идеяны жеткізіп, мәліметті берудің жолы. Баяндаудың
басты мақсаты оқырманды мәліметтендіру болғандықтан, автордың
жеткізгізі келген идеясы анық және түсінікті болуы керек.
Пікір – берілген мәселе жайлы
аргументтерді қолдана отырып,
біздің ойымызды кері бұрып, бір позицияның дұрыс не қате екенін
дәлелдеу. Пікір эссе әдетте оқырманды автордың позициясын қабыл
-
дауға итермелейді.
Эссе жазу адамды үздіксіз оқуға итермелейді. Идея айтып, пікір біл
-
діргенмен, аргументтермен бекіте алмау – аяқталмаған эссе. Толық
эссе жазылу үшін қоғамда болып жатқан жаңалықтар, әртүрлі сала
-
дағы өзгерістер, тың ойлар, оқиғалар, жаһандық мәселелер назардан
тыс қалмау керек. Нашар аргументтен нашар эссе жазылады. Әдеби
эссе жазу үшін көркем туындыны талдап, сараптап оқиды. Неге? қа
-
лай? не себепті? сияқты сұрақтарға
жауап пен дәлел іздеуді ұмыт
-
паған жөн. Эссе жазушы кез келген мәтінді танысу үшін ғана оқымай
-
ды, сыни талдап оқиды. Сондықтан эссе – білім алушыны тоқтаусыз
оқуға жетелейтін жазба жұмыс түрі.
[3.44]
Сипаттама эссе жазуды жоспарлауда төмендегі кестені қолдануыңы
-
зға болады.
Достарыңызбен бөлісу: