Жазылуы бiрдей, мағынасы әр басқа сөздер


-сынып Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау



бет6/6
Дата17.02.2018
өлшемі0,9 Mb.
#37762
1   2   3   4   5   6
8-сынып
Лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындауға нұсқау:
1) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.

Үлгі:

1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу

2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады

3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды

4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?

Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.

Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.





Дұрыс жауабын таңдаңыз.
1. ... көктемнің бірінші айы.

2. Әпкем маған ... келеді.

3. Конференция ... соңында барады.

4. ... 31 күн бар.

1. – ... 2. – ... 3. – ... 4. – ...


А) наурызда

В) наурыздың

С) наурыз









5. Менің ата-анамның көптеген ... бар.

6. Ертең маған екі ... келеді.

7. Үш ... Астанаға келді.

8. Назгүл қанша ... концертке шақырды.

5. – ... 6. – ... 7. – ... 8. – ...


А) досын

В) досым


С) достарым

D) досын


Е) достары







9. Осы заводта қанша ... жұмыс істейді?

10. Күрделі машиналарды ... жасайды?

11. Біздің университет болашақ ... дайындайды.

12. Мына мақаланы екі ... жазды.

9. – ... 10. – ... 11. – ... 12. – ...


А) инженер

В) инженерлерді

С) инженерлер








13. Мына концерт ... ұнады.
13. – ...

А) ... оқытушылар

В) барлық оқытушыларға

С) барлық оқытушылармен








14. Айсәуле ... мұражаймен таныстырды.

15. Қала картасы әрқашан ... керек.

16. Автобустан ... шықты.

14. – ... 15. – ... 16. – ...



А) туристер

В) туристерді

С) туристерге

Д) туристермен









17. Күрделі операцияны ... ... жасайды.

18. Біздің аурухананың ... көп.

19. Конференцияда ... журналистер интервью алды.

17. – ... 18. – ... 19. – ...



А) тәжірибелі дәрігерлер

В) тәжірибелі дәрігерлерден

С) тәжірибелі дәрігерлері

D) тәжірибелі дәрігерлерге









20. Адамдар ... қорғау керек.

21. Айдос ... әңгімелерді көп оқиды.

22. Жазда көп уақытымызды ... өткіземіз.

20. – ... 21. – ... 22. – ...



А) табиғатта

В) табиғат туралы

С) табиғатты

Д) табиғатқа









23. Жұмыстың аяқталуына ... қалды.

24. Футбол матч ... бітеді.

25. Фильм ... болды.

26. Әкем үйге ... келді.

23. – ... 24. – ... 25. – ... 26. – ...


А) 20 минут бұрын келді

В) 20 минут

С) 20 минуттан кейін








27. Фильмнің ... басталатынын білмеймін.

28. Театрдың ... екенін білесің бе?

27. – ... 28. – ...


А) қайдан

В) қашан


С) қайда

D) қай








29. Мен театрға жиі барамын, ... балетті жақсы көремін.

30. Менің бос уақытым болмады, ... мен театрға бармадым.

31. Біз паркке бармадық, ... жаңбыр жауды.

32. Менің ағам спортты жақсы көреді, ... ол спортзалға жиі барады.

29. – ... 30. – ... 31. – ... 32. – ...


А) сондықтан

В) себебі









33. Мен жұмыс істеймін, ... менің сіңілім оқиды.

33. – ...



А) бірақ

В) ал


С) және







34. Дәурен сабаққа кешікті, ... кеш тұрды.

34. – ...



А) сондықтан

В) себебі

С) бірақ








35. Асқар сабаққа ... ерте тұрды.

35. – ...



А) кешікпеу үшін

В) кешіккендіктен









36. Дәурен Италияға бара алмады, ... виза алып үлгермеді.

36. – ...



А) сондықтан

В) себебі

С) сонымен








37. Не көргендерің ... маған айтыңдаршы.

37. – ...



А) үшін

В) туралы









38. Болаттың ... шешім қабылдайтынын мен білмеймін.

38. – ...



А) нені

В) қандай

С) қай








39. ... Маржан ерте келетін болса, сен онымен кездесесің.

39. – ...



А) себебі

В) егер


С) қашан







40. Мен жеті тілде ... адамды білемін.

40. – ...



А) сөйлейтін

В) сөйлеп тұрған

С) сөйлейді








Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.

41. Біз поезға кешіктік, себебі вокзалға ...


41. – ...

А) поезд кеткеннен кейін келдік

В) поезд кеткенге дейін келдік

С) поезд кеткенше келдік








42. Менің әкем ...
42. – ...

А) соғыстан кейін екі жылдан соң, дүниеге келді.

В) соғыстан кейін екі жылда дүниеге келді.

С) соғыстан кейін екінші жылы дүниеге келді.


43. Каникул ... басталады.
43. – ...

А) мерекеге дейін бір күннен соң басталады.

В) мерекеден кейін бір күнде басталады.

С) мерекеден кейін бір күні басталады.








44. Құстар, әсіресе ... әдемі ән салады.
44. – ...

А) таң алдында

В) таңмен бірге

С) таңмен








45. Өкінішке орай, жастар кітапты ... аз оқи бастады.
45. – ...

А) интернет ғасырында

В) интернет ғасыры

С) интернет ғасырымен








46. Егер суды О°-дейін мұздатсақ, ... .
46. – ...

А) ол суиды

В) мұзға айналады

С) мұздайды








47. Егер біз суды 100°-қа дейін қыздырсақ, ...
47. – ...

А) ол ыстық болады

В) ысиды


С) қайнайды







48. Біздің тіліміз қаншалықты бай болса да, ...
48. – ...

А) музыканы сөзбен жеткізу мүмкін емес

В) музыканы сөзбен жеткізу оңай

С) музыканы сөзбен жеткізуге болады








49. Мейлі, жемісін жемей-ақ қой, ағаш ...
49. – ...

А) отырғызу кеш болмайды.

В) отырғызуға болмайды.

С) отырғызып жүрміз








50. Ауыр болса да, ...
50. – ...

А) барлық шындықты естіген жақсырақ

В) ештеңе естімеген жақсырақ

С) көп тыңдаған жақсы.









51. Сөйлемді төл сөзге айналдырыңыз.

Досым көшеде кездесіп қалып, ата-анаммен бірге тұратынымды сұрады.

А) Досым көшеде кездесіп қалып: - Ата-анаңмен бірге тұрасың ба?,- деп сұрады.

В) Көшеден кездесіп қалған досым: - Ата-анаңмен тұрмайсың ба? – деді.

С) Кездесіп қалған досым көшеден: - Ата-анаңмен бірге тұрасың ба? – деген.

D) Досым кездесіп қалып: - Ата-анаңмен біргесің ба? – деп.


52. Құрмалас сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз.

Уақытты үнемдегің келеді, бірақ ... .

А) кез-келген адам бойынан байқауға болады

В) үнемдеу үшін өмір сүресің

С) саған бағынбайтын кездер болады

D) мені күтпей жүре беріпті


53. Дұрыс нұсқасын табыңыз.

ХҮІІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішіндегі биік тұлғаның бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Ол ... шамасында қазіргі Павлодар облысында туған.

А) 1668 жылдар

В) 1668 жылы

С) 1668 жыл

D) 1668 жылда


54. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) әдейі, қасақана

В) кеше, бүгін

С) аз, талай

D) бері, аса
55. Ұлт мәдениеті мен танымын білдіретін сөздер.

А) сүйінші

В) жүргінші

С) әнші


D) биші
56. Дұрыс нұсқасын табыңыз.

Бала допты қатты лақтырып ... .

А) отырды

В) шықты


С) алды

D) жіберді


57. Адамның дене бітімін суреттейтін сөз тіркестерін табыңыз.

А) бұлшық етті, алпамсадай

В) қыр мұрынды

С) томпақ ерінді

D) дөңгелек жүзді
58. Үш қадірліні табыңыз.

А) Ақыл, Жүрек, Тіл

В) Ұйқы, Тамақ, Күлкі

С) Мінез, Кәрілік, Ажал

D) Ырыс, Бақ, Дәулет
59. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

«Мен мектепке барамын», - деді Асан.

А) Асан өзінің мектепке баратындығы туралы айтты

В) Асан өзінің мектепке бармайтындығы туралы айтты

С) Асан мектепке баратындығын айтпады

D) Асан өзінің баратындығы туралы айтты


60. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырыңыз.

Досым оның оқыған адам екенін айтты.

А) «Ол оқыған адам», - деді досым

В) Ол оқыған адам, - деп еді

С) «Ол оқымаған адам», - деді досым

D) «Ол оқыған адам», - досым деген екен



Оқылым бөлігі
Оқыңыз.

Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй 14-ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлердің идеялық-көркемдік диапазоны кең. Халық күйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды, жануарларды, құстарды, табиғат құбылыстарын суреттейді. Күйлер мазмұнына қарай тарихи күйлер, музыкалық күйлер, аңыз күйлер, қаралы күйлер, арнау күйлер сияқты тақырыптарға бөлінген.

(Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық, 2005 ж., 63 сөз)
61. Мәтін мазмұны ... туралы

А) күй


В) музыка

С) күйшілер

D) музыка өнері
***
Мамандар Қазақстандағы оқу бағасының жыл сайын шамамен 15%-ға көтеріліп отырғанын айтады. Соған қарағанда, отандық университеттердегі қаржы-экономика, заң, физика-математика, халықаралық қатынастар факультетінің мамандықтары бойынша оқуға биыл түсетін балалардың ата-анасы енді тамақ-киімді санамағанда, жыл сайын оқуға 300 мың теңге төлеуге мәжбүр болады.

Қазақстандық мектеп түлектері Малайзия мен Сингапурға да көбірек бара бастады. Себебі ол жақтағы ең арзан оқу бағасы – біздегі орташа баға саналатын 3 мың доллардан басталатын көрінеді.

Ал Сингапурда оқу шамамен 8 мың долларға түседі екен. Бұл жерде шетел университеттерінде оқу бағасы Қазақстандағыдай жыл сайын өзгермейтінін айта кету керек. Ал Қазақстаннан студент тарту үшін өз өкілдігін ашқан университеттер арасында оқу ақысының қымбаттығы жағынан Ұлыбритания, Австралия және АҚШ-тың ЖОО-лары оқ бойы алда келеді екен.

(«Айқын» газетінен, 126 сөз)


62. Мәтін ... туралы.

А) оқу бағасы

В) жоғары оқу орны

С) шетелдегі оқу орны

D) оқулар
63. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Оқу ақысының қымбаттығы Ұлыбритания, Австралия, АҚШ жоғары оқу орындары оқ бойы алда келеді екен.

А) баяу

В) тым алда



С) алда

D) алдында


***
Қазіргі сан салалы математика ғылымы сайып келгенде төрт негізгі ұғымға сүйенеді. Олар: сан, жиын, функция және группа ұғымдары. «Ғылымдардың патшасы – математика, ал математиканың патшасы - арифметика», – деген нақыл бәрімізге мектептен таныс. Бұрын арифметика солай бағаланған.

Сан ұғымы өте ерте замандарда қалыптасқан. Ол математиканың талай ғасырды басынан өткерген қарт емені сияқты.

Табиғатта кездесетін заттарды санаудан 1,2,3,4,5,... т.с.с. сандар шығады. Мұндай сандар натурал сандар деп аталады. Адамзат алғашқы кезде осы натурал сандарды ғана пайдаланған, кейін солар арқылы бөлшек, теріс, иррационал, комплекс, гиперкомплекс сандар ұғымына келген. Сан ұғымының кеңеюі мен дамуы он мыңдаған жылдарға созылған.

Натурал сандар қатарының шексіздігін, басқаша айтқанда олардың сансыз көп екендігін ежелгі грек математигі Пифагор, Евклид және Архимед дәлелдеді.

Алайда, натурал сандар жүйесін игеру, оларға амалдар қолдану, сандар мен амалдардың қасиеттерін түсіну – оңай болған жоқ. Сан ұғымы өте баяу дамыды.

Сандар цифрлар арқылы жазылады. Қазіргі цифрлар ежелгі Үндістанда шыққан, ұлы өзбек математигі Мұхаммед Хорезмидің кітаптары арқылы дүние жүзіне тараған.

Сан – адамзат тарихының елеулі бөлігі. Халық бар жерде әрдайым сан да бар. Сансыз өмір жоқ. Сондықтан сандарды білу керек. Оларды зерттеп, жасырын жатқан сырларын ашу керек. Сандар – дүние жүзі халықтарына ортақ қазына. Сан есімдер әр түрлі тілде әр түрлі айтылғанымен, сандардың мағыналары мен заңдары бірдей. Мысалы, екі мен үштің қосындысы бес болады. Бұл заң халықтардың тіліне, мекеніне, шаруашылығына тәуелсіз. Оны ешкім де және ешқашан да өзгерте алмайды.

(Математика мен математиктер жайындағы әңгімелер, 1970 ж., 218 сөз)


64. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы.

А) сандар

В) сан есім

С) ғалымдар

D) математиктер
65. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Натурал сандар шексіз.

А) шектеледі

В) сансыз көп

С) шектеу

D) шектеулі


66. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Сан ұғымы өте баяу дамыды.

А) жылдам

В) жай


С) баяулау

D) баяулатпай


67. Сөйлемді жалғастырыңыз.

Сандардың мағыналары мен заңдары бірдей болғанмен, ...

А) сан есімдер әр түрлі тілде әр түрлі айтылады.

В) бірдей айтылады

С) бірдей аталады

D) сан есімдер түрі көп


***
Бал арасының уымен емдеудің Египет жазбаларына сүйенер болсақ, 3500 жылдық тарихы бар. Медицинаның атасы Гиппократтың өзі бұл емдеу тәсілінің маңызы мен тиімділігі туралы көп жазған. Клеопатра патшайым таңертеңгілік, кешкілік шомылғанда араның балын да, уын да пайдаланған. Бұл адамды жасартады, күш-қуатты арттырады.

Ара уының құрамы мынадай витаминдер мен микроэлементтерден тұрады: В2, В6, Е витаминдері, кальций, марганец, мыс, темір, натрий.

Іш құрылысы ауруларын, қалқанша безді, қатерлі ісік ауруын, ревматизмді, жүйке ауруларын, гипертонияны емдеуде таптырмайтын дүние. Гемоглабинді де көтереді.

Ара уының медициналық атауы – апитоксин. Апитоксинді – таблетка түрінде емес, арадан бөлінген табиғи түрде және көп жағдайда сықпалы май түрінде пайдаланады. Араның уы майтектестерден және минералды заттардан, аминоқышқылдар мен белоктардан тұрады. Алайда, ара уының химиялық құрамы толық зерттеліп болмаған. Апитоксин – ешқандай микроорганизм түзбейді. Көп терапияның ішінде бүгінде аса көп қолданыла бермейтін, бірақ өлшеусіз көмегі бар, ежелгі емдеу тәсілдерінің бірі – апитерапия. Апитерапия – араның уымен және көк шыбынның личинкасымен емдеу тәсілі. Ара уы деп отырғанымыз – бал. Оның емдік қасиетінің мол екені ежелден белгілі.

(Әбдірайым Қайымұлы, дәрігер. 156 сөз)

68. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі негізгі ақпаратты табыңыз.

А) бал

В) бал арасы



С) бал арасы уымен емдеу

D) балмен емдеу


69. Мәтіннің екінші бөлігіндегі негізгі ақпаратты табыңыз.

А) ара


В) бал

С) ара уының құрамы

D) витаминдер, микроэлементтер
70. Сәйкесін табыңыз. Ара уы

А) у


В) бал

С) аралар

D) ем
***

Қазақстандағы ең тұнық көл – Марқакөл. Бұл Шығыс Қазақстанның Күршім және Азутау жоталарының арасында алып аруананың көзіндей мөлдіреп жатыр. Ол теңіз деңгейінен 14,85 метр биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы – 39, ені 20 километр. Тереңдігі 27 метр. Марқакөлді келіп құяды, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады. 1976 жылы Марқакөл ауданында жалпы көлемі 71359 гектар мемлекеттік Марқакөл қорығы құрылды. Қорық сұлулығы Швейцариямен теңдеседі.

Шығыс Қазақстанда үлкенді-кішілі 300-ден астам өзен бар. Мұнда 75 көл бар. Солардың ең үлкені – Зайсан көлі. Ол тұщы көл. Ал, Рахман бұлағы бәрінен де биіктікте. Теңіз деңгейінен 1750 метр биіктікте. Суы шипалы.

(Географиялық анықтамалықтан, 93 сөз)


71. Мәтін мазмұны ... туралы

А) Марқакөл

В) Марқакөлдің тереңдігі

С) Қалжыр өзені

D) 75 көл
72. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Суы шипалы

А) дәмді

В) тұщы


С) ем

D) ащы
***

Атасы он жасар ұлымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

- Анау өрмекшіні көрдің бе, не істеп жүр?

- Көрдім, өрмек тоқып жүр.

- Анау құмырсқаны көрдің бе?

- Көрдім, аузында нанның қиқымы бар, жүгіріп кетіп барады.

- Жоғары қарашы, аспанда не көрінеді?

- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.

Сонда атасы айтты:

- Көрдің бе, балам, ол кішкентай жәндіктердің бәрі еңбек етіп жүр. Өрмекші өзіне азық ету үшін маса, шыбынға тұзақ құрып жүр. Құмырсқа бала-шағаларына тамақ іздеп, нанның қиқымын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя істеу үшін шөп жиып жүр. Байқадың ба, балам жұмыссыз жүрген ешкім жоқ. Сен де осылардан үлгі ал, жұмыс істеуді үйрен»- деді.

(Ы.Алтынсарин. 100 сөз)


73. Мәтін мазмұнының қорытындысы:

А) үлгілі бол

В) сабақ оқы

С) еңбек ет

D) жәндіктердің еңбегі
74. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Аузында нанның қиқымы бар, жүгіріп барады.

А) бөлігі

В) тілімі

С) түйірі

D) тілігі

***
Компьютер мен ұялы телефон күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі уақытта олардың пайдасымен қоса зияны да шаш етектен екенін естен шығармаған жөн. Десек те, күнделікті қажеттілікті өтеу үшін техниканың бұл түрлерінен біржолата қол үзіп қалуға болмайды.

Ғалымдар уақытының көп мөлшерін компьютер алдында өткізетін адамдардың басқа адамдарға қарағанда онкологиялық ауруларға ұшырау қаупінің басымдау екенін айтып отыр. Сонымен қатар, қазіргі қала көшелеріндегі қаптаған компьютерлік клубтардағы ойындар адамды лейкоз дертіне шалдықтыратынын дәлелдеген.

Ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: әр аптада күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының паталогиялық жағынан едәір өзгерістерге ұшырағаны анықталған. (Баспасөз беттерінен).
75. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы

A) компьютерлер

B) ұялы телефондар

C) компьютер мен ұялы телефонның пайдасы мен зияны

D) компьютердің зияны, телефонның қажеттігі
76. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.

Олардың пайдасы мен зияны шаш етектен

A) зиянды

B) зияны мен пайдасы

C) өте көп

D) өте қажет


77. Компьютер алдында көп отыратын адамдардың онкологиялық ауруға ұшырау қаупі басымдау, себебі ... ... ...

A) ғалымдардың зерттеуі бар

B) жоқ

C) дәлелденбеген



D) көп
78. Күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану - ... ...

A) өте зиян

B) зиянсыздау деп ойлаймын

C) зиянсыз

D) зияны жоқ
79. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, организмнің өз қалпына келуі үшін .. . керек.

A) сегіз сағат

B) сегіз күн

C) сегіз минут

D) бір күн
80. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлесу - паталогиялық өзгерістерге әкеледі, сондықтан ...

A) көп пайдалануға болмайды

B) көп пайдалану керек

C) жиі қолдануға болады



D) жиі қолданыңыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет