Дәрістің мазмұны: проекция жазықтықтарын алмастыру әдісі және проекциялаушы түзулер төңірегінде айналдыру әдісі; метрлік пен позициялық есептер және оларды шешу тәсілдері туралы ұғым.
Дәрістің мақсаты: ортогональ проекцияларды түрлендіру әдістері туралы ұғымдарды қарастыру, геометриялық есептердің жіктелуін беріп, сондай-ақ олардың кейбіреулерін шешуді қарастыру.
Ортогональ проекцияларды (сызбаларды) түрлендіру - есептерді шешу үшін эпюрде берілген геометриялық элементтерді проекциялр жазықтықтарына қатысты неғұрлым ыңғайлы жаңа жағдайға келтіру үшін қолданылады.