Жазудың қызметтері Маха Жазу


Араб графикасына негізделген қазақ жазуы:қадим жүйесі Ақниет



бет15/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Араб графикасына негізделген қазақ жазуы:қадим жүйесі Ақниет

Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ. бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид. Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ) же), گ) ге), چ) че) پ) пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک) ңе), و) ве), 1-і ауған жазуынан (ى) иамәжһул, е) алынды. Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жазылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгілеріне қарап топтастырылды: фатхамен , , (е), кесрамен , , ; даммамен , , , . Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты дыбыстардың таңбаланбауы жатады. Мысалы: нече – هچن) нче), йане – هني) йне), мұнда – ادنم) мнда), қырғыз – زغرق) қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады. Араб графикасындағы фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда , , фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды. Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзін-дік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында фонемасы міндетті түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында , - лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы -нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл-ген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыс-тардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді. Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда бел-гісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді. Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына келтіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды


Қазақ тілінің жазу тарихында 1929 жылға дейін араб жазуы 1929-1940 жылдары – латын графикасы қолданылса, кирил графикасы – ресми түрде 1940 жылдан бастап қолданылады. Латын графикасы – латын графикасындағы әліпби 2017 жылы Қазақстан Республикасында ресми түрде бекітілді.
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ. бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20 ғ. басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид. Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ (же), گ (ге), چ (че) پ (пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک (ңе), و (ве), 1-і ауған жазуынан (ى (иа-мәжһул, е) алынды. Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жазылады. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг белгілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>, <ә>, (е), кесрамен<ы>, <і>, <е>; даммамен <о>, <ө>, <ұ>, <ү>. Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне Бұл дәріс мәтіні ф.ғ.к. Г.Мамырбекованың «XVIII-XIX ғғ. араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшеліктері» атты фил. ғыл. канд.дисс. негізінде (Алматы, 2006) жазылды.
Араб жазуы - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Іле қазақ автономиялық префектурасындағы қазақтар үшін ресми алфавит. Ол алғаш рет XI ғасырда Қазақстан территориясына енген және 1929 жылы латын әліпбиі енгізілгенге дейін қазақ тілінде жазу дәстүрлі түрде қолданылған. 1924 жылы қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне сай етіп реформалауға тырысты. ۆ, گ, ڭ, پ және چ әріптері араб тілінде кездеспейтін дыбыстарды бейнелеу үшін қолданылады.
1929 жылға дейін қазақ үшін қолданылған алфавитке негізделген Иран мен Ауғанстанда түрлендірілген араб жазуы қолданылады.
Қазақтың араб алфавиті 29 әріптен және бір цифрдан тұрады, сөздің басында сөздің басында алдыңғы дауысты дыбыстар жасау үшін қолданылатын «жоғарғы хамза». Алфавит жазылған бағыт оңнан солға қарай. Абджад болып табылатын түпнұсқа араб жазбасынан айырмашылығы, қазақ араб жазуы шынайы алфавитке көбірек сәйкес келеді, өйткені әр дыбыстың өз әрпі бар және әр сөздегі әр дыбыс тілдің жазбаша түрінде жазылған. Араб жазуын абджадтан алфавитке ауыстыруды ХХ ғасырдың басындағы лингвист Ахмет Байтұрсынов жүзеге асырды.
Қазір Қытай, Пәкістан, Ауғанстан, Иран және Таяу Шығыстың басқа елдерінде тұратын қазақтар араб жазуын қолданады.
Қазақстанда араб графикасы 10-20 ғасыр аралығында 900 жыл қолданылды. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуын реформалап, оны шетелде тұратын миллиондаған қазақтарға қолдануға мүмкіндік берді. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын таза араб әріптерінің бәрін алып тастады және қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа емле» («Жаңа емле») деп аталатын жаңа алфавитті Қытай, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтар әлі күнге дейін қолданады. 1917 жылдан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу қозғалысы басталды. Кезінде қоғамдық дамуда жағымды рөл атқарған араб жазуы енді көпшілікке тарихи прогрестің тежегіші болып көрінді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет