Жазудың қызметтері Маха Жазу


Ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалық формалардың жаңа жұмсалымы көп болады



бет11/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалық формалардың жаңа жұмсалымы көп болады.




  • Ауызша тіл, ойлауға қарағанда баяу, жазба тілге қарағанда тез.

Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері.

Жазба тілдің жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік ерекшеліктері бар.




  • Жалпы графикалық ерекшелікке

Мәтіннің парақ бетіне орналасуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері (майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу, қаріп түсі жатады.



  • Графикалық ерекшелікке

Жазба тілдің қолданып отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп


диакритикасы, тыныс белгілер жатады.


  • Графемдік ерекшелікке

Әліпбидегі әріп мәндері, графеманың мазмұн межесі мен тұрпат межесі, тілдің фонологиялық құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бір-неше фонеманы, бір/бірнеше фонеманың бір графемаға сәйкес жазба тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.



  • Жазба тіл біржақты акт

Жазба тіл көбінесе екі жақты емес, біржақты акт болатындықтан, ол тілдің ойқұраушы, ойды жарыққа шығарушы қызметіне сай келеді



  • Жазба тілдің қосымша коммуникация құралдары болмайды

Жазба тілдің қосымша коммуникация құралдары (жест, ми- мика, интонация) болмағандықтан екі түрлі түсінік тудыру қаупі болмас үшін сөйлем жайылма, құрмалас түрлерімен беріледі.



  • Жазба тіл уақыт пен кеңістік жағынан шектеусіз қызмет етеді

Жазба тіл уақыт пен кеңістік жағынан шектеусіз қызмет ететіндіктен оның лексикалық қоры қарапайым сөйлеу, жергілікті, кәсіби, жаргондық элементтерді алмауға тырысады.

  • Жазба тіл ауызша тілдің мазмұн байлығын қаріп түрлерімен байытады

(курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте, лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет әлпетін суреттеумен береді.


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет